Жаназалау әндері - тарихи оқиғаларға, адам казасына байланысты туындап, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, жоқтау сиякгы салт әңдері. Мұнда жеке адамның немесе бүкіл бір елдің көңіл-күйлерінің сан алуан толқыны бар. Жерімен, елімен, жарық дуниемен қоштасу әндері ел басына түскен ауыр күндерге туған. Оның өлген адамның тірі күнін де айтқан өсиеті түрінде кездесетін үлгілері де болды.
Тұрмыс салт жырларының бұл арнасын біз мұң-шер өлеңдері деп те айтамыз. Адамның көңіл-күйін, өмір құбылыстарын терең толғайтын жаназалау әңдерінің тәрбиелік мәні бар.
Накиялы әндер қатарына, мысал, алғыс-бата, тілек, әндері кіреді. Бұл әндерде халық педаготкасының ең құнды жинақтары бар. Салт дәстүрлердің сәнін мәнін арттара түсетін ән үлгілері - бата-тілек әндері. Шынайы халыктық сипатқа бөленген, бірақ кез-келген жайға арналып айтыла бермейтін бата - тілектің карапайым тәрбиелік, тағлымдық мәнінің орасан зор екендігін оның өн бойындағы, ой ұшқырлығын, ақыл-парасатты, өмірлік тәрбиені, кемелдік пен көсемдікті шешендік пен шеберлікті байкауға болады. Ол өзі - терең философиаық астарымен ерекшеленіп тұрады.
Күн шуақты болсын,
Көлің суатты болсын!
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсьш! - деген бірер шумақтың өзінде көңілге көп жайды тиіп, оның халық тіршілшндегі, тұрмысыңдағы орны мен рухани салмағын толық түсінгендей боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |