С.Сейфуллин
Күй
Біздің дәуір
Шабуыл біздің дәуір емес аяң,
Отарба алып үліты, қалып маяң.
Жүйткіген тұрмыс кәзір экспресс, -
Айтқандай менің досым ақын Аян...
Ескілік жаңалықпен қылған тірес,
Ескіні көміп жерге қоймақ крес.
Түрмыстың машинасы қыж қайнайды
Жүйткеді социалдық экспресс.
Жырласам - әуелекше ырғағы ғой,
Төтелеп көк садақша сыргиым ғой.
Қәзіргі ат әуелек пен экспресс, -
«Гүл қылаң» дегенім, тек бір киім ғой.
Зырласа түрмыс өзің илер ме едің?
Асықпай ырғалаштап игермедің?
Зырлаған экспресс хүрмыс түрін
Жазуға асықсам да үлгірмедім!
7 ноябрь, 1934 жыл.
Сейфуллин С. Өлеңдер мен поэмалар
/Бес томдық шығармалар жинағы Т.І -
Алматы: Жазушы, 1986. - Б.247
Достарыңызбен бөлісу: |