Музыкалық психология негіздері пәннің оқу-әдістемелік кешені

бет2/3
Дата23.08.2017
өлшемі1,05 Mb.
#25507
түріСабақ
1   2   3

Барлығы – 45 сағат

Орал, 2013ж
Курс бағдарламасы ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрығмен ҚР МЖ МБС 3.06.006 -2004 Алматы, 2009. типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Құрастырушы(лар): аға оқытушы Бекеева Галия Абубакірқызы

«Музыкалық білім» кафедрасының отырысында қарастырылды.
« 10 » 09 _ 2013ж. № 1 хаттама
Мәдениет және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

« 12 »_ 09 2013ж. № __1_ хаттама.

1. Типтік бағдарлама.

Курс бағдарламасы ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Алматы, 2009. типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

«Музыкалық білім» кафедрасы 201 каб. № 4 ғимратта орналасқан

2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы-SYLLABUS

Оқытушы туралы мәлімет

Мәдениет және өнер институтының, «музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы Бекеева Ғалия Абубакірқызы

Жұмыс орны: Достық данғылы., 2-этаж, 201 ауд.тел.жұмыс- 512739

Жұмыс уақыты: сабақ кестесіне сай

Пән туралы мәлімет

Сабақ кестесі

15 оқу аптасынан және 1 сессия аптасынан тұрады. Аптасына 1 кредит-сағат өткізілді деп болжанады, әрбір кредит-сағат 1 байланыс сағатынан (практикалық) және 1 сағат оқытушының жетекшілігі мен студенттердің өздік жұмысынан (ОЖСӨЖ), Студенттің өздік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты

дәріс 1

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+ 50 мин.

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

Практикалық

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

7

1

15

-

15

15

45

емтихан

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе

Музыкалық психология негіздері

Болашақ музыка мамандар дайындау саласындағы өткізілетін пәндердін бірі. Бұл пәнді оқыта отырып, студенттердің қатынастарын қалыптастырып дамыту. Берілген курс жоғары оқу орындарында болашақ музыка мұғалімін дайындауда қажет негізгі және интегралдық оқу пәндерінің бірі болып табылады. Бүл пәнде отендық және шетел музыкалық білімінің қалыптасуы мен дамуының жан –жақты жақтары, жалпы білім беретін мекемелерде музыканы оқытуң теориялық білім негіздерін меңгерту қарастырылған.Бағдарлама мазмұны мен құрылымында бірнеше принциптік көңіл аударлықтай жайлар кездеседі.

- отндық тарихи-педагогикалық урдістің дамын талдау –студентттердің алған музыкалық- педагогикалық білімдерің, біліктіліктерін
Пәннің мақсаты - болашақ музыка мұғалімдерінің арнайы психологиялық білімдер мен музыкалық ерекшке табиғаты туралы түсініктемелермен қамту.Музыкалық-педагогикалық іс-әрекетте студенттері дайындауда «педагогикалық тәжірибе» «музыкалық психология» деген ұғымдарға ие болады. Бұл ұғымдар және оларды іске асыру музыка мұғалімінің іс-әрекетіндегі ажыратылмайтын,оқушылардың музыкалық білімінің мазмүның, процесін бейнелейтін феномендерінің жиынтығынантұрады. Музыкалық психология ғылым сала ретінде жалпы зандылықтарды ашып, психологиялық білімдердің даму тарихы қарастырады.

Пәннің міндеттері:

- музыкалық білім мәселелерің психология тұрғысынан талдап, кәсіби бейімдеуде студенттердің тұлғалық қүндылық қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

- студенттердің іскерліктерінің дамуына және олардың тарихи үрдістердің себеп-салдарын кәсіби тұрғыда ұғынуына көмектесу;

- музыкалық –педагогиккалық болмытың музыкалық тарихи құбылыстарына тұтастық, жүйелік көзқарасты қалыптастыруда студыенттерді бейімдеу;

- музыкалық – педагогикалық ғылым мен тәжрибенің интеграциялық арнасында музыкалық білімнің тарихы мен теориясынан білімді меңгеру бағыттылығын жүзеге асыру;

Музыкалық білім тарихы мен теориясының өзектілігін зерттеуде шығармашылық бағыттылыққа жағдай жасау

- болашақ жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәнінің мұғалімдерін көркемдік орындаушылыққа тәрбиелеу;

  • музыкалық-теориялық білім беру;

Пәннің қысқаша мазмұны

Музыкалық ұғымының психологиялық аспектін ашып, музыкалық сана, сезім, эмоциялардың күрделі жүйесі талқыланады. Студенттерге жалпы білім беретін мектептегі болашақ музыка мұғалімдерің арнайы психологиялық білімдермен музыканың ерекше табиғаты туралы түсініктермен қамту. Студенттерді профессиналды іс-әрекетке музыкалық-психологиялық білім берудегі білімдерін меңгеру және дүрыспайдалана білуге ұйрету. Музыкалық психологиясының ғылыми мәселелерін ұғыну арқылы дайындау.

Студенттер оқу барысында пән бағыттарының мазмүны туралы, музыкалық ой парасаты мен оқытудың психологиялық негіздері туралы, қазіргі заманғы психологиялық және музыкалық тұжырымдамалар туралы білуі тиісті.

-Музыкакалық-психологиялық негізінін білімдерің теориялық және практикалық мәселелерін ұғыну.

Материалдарда жалпы қорытындылауда зерттеулік әдістерді құру, алған білімдерін практикада қолдану.
студенттерге мектептегі музыка мұғалімнің күнделікті тәжірибелік жұмысында кездесетін және өте қажет нақты да жүйелі музыка тарихынан, музыка теориясынан музыкалық –оқу үррдісіндекеңінен дұрыс пайдалана білуге Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы музыкалық білімнің педагогикалық ғылым саласы ретінде қарастырылады

Пререквизиттер: музыкалық өнеріне кіріспе, музыкалық педагогка, музыкалық білім беру тарихы мен теориясы

Постреквизиттер:

Музыкалық білім берудің әдістемесі

Сабақтардың мазмұны мен кестесі
1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Дәріс тақырыбы: Музыкалық психология негіздері пәніне сипаттама.

Дәріс мазмұны: Музыкалық психология және музыкалық білім беру психология пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны. Музыка мұғалімінің кәсіби –педагогикалық дайындау жүйесінде музыкалық психология пәнінің мәні.

Әдебиеттер:

1.Выготский Л.С. Психология искусства.- М.,1965

2.Петрушин В.И. Музыкальная психология.М., 1994

3.Тарасов Г.С.Музыкальная психология – Спутник учителя музыки. –М., 1963

ОЖСӨЖ- мазмұны: 1. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту бірлігі ретіндегі музыкалық білім

1.Әдебиеттер: Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности: проблемы,суждения, мнения. – М.,1994

2.Белобородова В.К. Музыкальное восприятие.-М., 1975

3.. Мухамбетова А.И. Казахский кюй как синкретический жанр.-А.-А.,

СӨЖ – мазмұны: Психология. Музыкалық психология ұғымдардың мәні

Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

музыки. –М., 1963

2 апта

1 кредит сағат

2 дәріс

Тақырып Орта ғасырдан 18 ғасырға дейін музыка психологиялық ойдың жетілуі

Дәріс мазмұны: Музыклық өнердің қызметі және оның музыкалық білім берудегі жүзеге асырылуы

Әдебиеттер

1. Е.Дүкенбай Музыкалық психология жәе музыукалық білім беру психологиясы 2003ж.

2.Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности: проблемы,суждения, мнения. – М.,1994

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

4. Тарасов Г.С.Музыкальная психология – Спутник учителя музыки. – 1989
ОЖСӨЖ- мазмұны: Жалпы білім беретін мекеме бітірушілердің музыкалық мәдениетінің модулі

Әдебиеттер:

СӨЖ- мазмұны: музыкалық білім беру психология принциптерінің педагогикалық бағыттылығы

Әдебиеттер: Әдебиеттер Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова

Музыка. 1-2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

3 апта

1 кредит сағат

3 дәріс

Тақырып: Бастауыш сынып оқушылары қабілетінің музыкалық-психологиялық ерекшеліктері

Музыкалық психология білімдер мен түсініктер дамуының негізгі тенденцияларының қалыптасуы мен тарихы

Дәріс мазмұны: Тұлға дамуындағы өнердің алатын орны Тұлғаның музыклық мәдениетін қалыптастырудағы музыкалық білім

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
ОЖСӨЖ- мазмұны: : Тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

СӨЖ- мазмұны: Музыка және қазіргі жастар тақырыбына конспект жазу

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

4 апта

кредит сағат 1

4 дәріс

Тақырып: Тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы музыкалық білім

Жеке тұлғаның музыкалық санасы

Дәріс мазмұны:Әлеуметтік құбылыс ретіндегі музыка , оның адам іс-әрекетіндегі мәні
Әдебиеттер: 1. Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2004,
2. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
ОЖСӨЖ- мазмұны: Өнер түрі ретіндегі музыканың құндылығы

Әдебиеттер: 1. Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2004,

2. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

СӨЖ- мазмұны: Берілген сұрақтарға жазба ретінде орындау

Әдебиеттер: 1. Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2004,

2. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

5 апта

1 кредит сағат

5 дәріс

Тақырып: Музыкалық таным процестеріндегі назар мен еріктің функциялары

Дәріс мазмұны: Музыкалық ұғымының психологиялық мазмұны.Жалпы және музыкалық сана

ТМД елдеріндегі музыкалық тәрбие беру саласында озық тәжірибелердің қолдануы

Әдебиеттер: 1.Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2 004,

2. Балтабаев М.Х. «Елім-ай» бағдарламасы. А.1993 ж.

3. Бастауыш мектеп 2005 ж. № 5
ОЖСӨЖ- мазмұны: Музыкалық педагогикадағыпрогресшілқайраткерлер ( Б.В.Асафьев, Б.Л.Яворский)
Әдебиеттер: 1.Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.
2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

4. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

СӨЖ- мазмұны: Музыкалық педагогикадағыпрогресшілқайраткерлер (Я.Брюсов, Н.Л.Гродзенская)

Әдебиеттер: 1.Выготский Л.С. Психология искусства.- М.,1965

2.Петрушин В.И. Музыкальная психология.М., 1994

3.Тарасов Г.С.Музыкальная психология – Спутник учителя музыки. –М., 1963

4. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін
6 апта

1 кредит сағат

6 дәріс

Тақырып Музыкалық сана ұғымы, тарихы формалары

Дәріс мазмұны: Музыкалық сананың психологиялық жүйелері мен механизмдері. Балалар музыкалық тәрбиесінің жалпы міндеттерін анықтауға таптың ықпалы

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Қазақстандағы музыкалық өнердің дамуына Құрманғазы, Даулеттекей, Тәттімбет шығармашылық ықпалы және маңызы
Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж. музыкалық білім мен музыкалық мәдениеттің дамуы

СӨЖ- мазмұны: Тәжірибені жеткізуде ауыз екі дәстүрдіңрөлі

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

7 апта

1 кредит сағат

7 дәріс

Дәріс тақырыбы: Қабілеттер мен дарындылық.

Музыкалық қабілеттердің

дамуы.. Музыкалық психологияның

Дәріс мазмұны: Жалпы қабілеттер және дарындылық туралы түсініктеме.Музыкалық қабілттер қалыптасуы
Жалпы білім мектептердегі музыкалық тәрбиенің жалпы бағыты

Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.
ОЖСӨЖ- мазмұны: Жалпы білім беретін циклдың пәндер жүйеінде ән сабағының орны

Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.
СӨЖ- мазмұны: Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.
8 апта

1 кредит сағат

8 дәріс

Тақырып: Музыкатаным процестерінідегі назар және еріктің қызметі

Дәріс мазмұны: Ойлаудың негіздері, оның түрлері. Музыка санасындағы ойлау Музыкалық ойлау, ерік, есте сақтау қабілетінің ерекшеліктері және олардың даму жолдары.

Қазақстандағы музыкалық білім беру жағдайы және жетістіктері

Әдебиеттер:

1.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2. Қарамолдаева Г. «Мектептегі музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемесі», Алматы, 1982ж.

3. Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

ОЖСӨЖ- мазмұны:

Әдебиеттер: 1.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2. Қарамолдаева Г. «Мектептегі музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемесі», Алматы, 1982ж.

3. Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

СӨЖ- мазмұны:

3.Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

9 апта

1 кредит сағат

9 дәріс

Тақырып: Музыкалық логика.Ойлау және ерік.

Дәріс мазмұны: Жалпы және музыкалық қабылдау мен ойлау негіздері
Әдебиеттер: Әдебиеттер: 1.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2.Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

3. Құлманова, Оразалинова, Сүлейменова. «Музыка-1-6 сынып әдістемесі»,

1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

4.Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Музыкалық білім мақсаттары мен міндеттерін түсіндірудің әр түрлі жолдары

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

4.Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.
СӨЖ- мазмұны: Мектептердегі музыканы оқытудың деңгейі

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

4.Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.

2 кредит сағат

1 кредит сағат

10 дәріс

Тақырып: Музыкалық сезім және қабылдау жүйесі

Дәріс мазмұны: Сезімнің объетивтілігі және эмоциялардың субъективтілігі Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық –педагогикалық сипаттары. Музыка сабағында оқушылармен жүргізілетін музыкалық іс-ерекеттердің түрлері және олардың сипаттамасы

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

ОЖСӨЖ- мазмұны: 1-2 сынып оқушыларына сипаттама дайындау

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

СӨЖ- мазмұны: 3-4 сынып оқушыларына сипаттама дайындау

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.
11 апта

1 кредит сағат

11 дәріс

Тақырып: Музыка санасындағы ойлаудың негізгі түрлері мен операциялары

Дәріс мазмұны: Музыкалық ойлау және есте сақтау қабілеттерінің бұл дәстүрдегі алатын орны 1Психологиялық –педагогикалық зерттеулердегі музыклық білім мен тәрбие мәселелері Музыкалық мәдениет мазмұнының қазіргі таңдағы оқушылар дамуындағы психикалық мүмкіндіктерімен байланысы

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

4.Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Музыкалық білім беруде жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескеру; өзін тануға ұмтылуы; бағалау және өзін- өзі бағалау;

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

4.Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.

СӨЖ- мазмұны:

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

4.Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.

12 апта

1 кредит сағат

12 дәріс

Тақырып. Музыкалық таным процестерінлегі назар мен еріктің функциялары

Дәріс мазмұны: Оқушының дамуына жетілуіне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту шешуші рөл атқарады. Негізгі педагогикалық беру, оқыту біріне-бірі тәуелді табиғи байланысты Жаңарған қоғам жағдайын жас ұрпақтарды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиенің бір саласы – рухани – танымдық, эстетикалық тәрбие болып табылады.

Әдебиеттер: Әдебиеттер: 1.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2.Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

3. Құлманова, Оразалинова, Сүлейменова. «Музыка-1-6 сынып әдістемесі»,

ОЖСӨЖ- мазмұны: Музкалық білім берудің ерекшеліктері

Әдебиеттер: 1.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2.Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

3. Құлманова, Оразалинова, Сүлейменова. «Музыка-1-6 сынып әдістемесі»,

.СӨЖ- мазмұны:.Музыкалық білімрің басты элементтері

Әдебиеттер:1.Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

2. Құлманова, Оразалинова, Сүлейменова. «Музыка-1-6 сынып әдістемесі»,

2 кредит сағат

13 апта

1 кредит сағат

13 дәріс

Тақырып: Оқушылардың музыкалық өнерге эмоционалды-құндылық қатынасының тәжірибесі

Дәріс мазмұны: Оқушылардың музыкалық өнерге деген сезімдік- құндылықты қатынасы оларды музыканы тыңдау, қызығушылығы.

Әдебиеттер: 1.Джедималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000

ОЖСӨЖ- мазмұны: Өзіндік музыкалық іс-әрекет

Әдебиеттер: 1.Джедималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000

СӨЖ- мазмұны: Музыка- теориялық іс-әрәкет

Әдебиеттер: 1.Джедималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000

13 апта

1 кредит сағат

13 дәріс

Тақырып: Оқушыларға музыкалық білім берудің теориялық негіздері

Дәріс мазмұны:Оқушыларға музыкаға деген қызығушылығын дамытудың маңызы, музыканы қабылдау, шығармаларды мәнерлі орындау дағдыларын қалыптастыру,. Музыкалық білім мен тәрбиеніңбасты міндеттері.

Әдебиеттер: 1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

4.Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Музыкалық қызметтердің басты түрлерінің өзарабайланысы

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3. : 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

СӨЖ- мазмұны: Музыкалық білім мен тәрбиенің міндеттері

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3. : 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

14 апта

1 кредит сағат

14 дәріс

Тақырып: Шығыс және Батыс музыка ғылымының психологиялық типтері.

Дәріс мазмұны Көрнекілік –гуманитарлық цикылың пәнаралықбайланыстарын анықтау; ерекшеліктерімен айырмашылықтары

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3. : 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Мұғалім –музыканттың өзіндік музыклық іс-әрекет

Әдебиеттер:

СӨЖ- мазмұны: Қосымшы іс-әрекеттер түрлерінің сипаттамасы

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3. : 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

15 апта

1 кредит сағат

15 дәріс

Тақырып: Қазақтарда музыкалық оқытудың ауызекі дәстүрі. Музыка тілі ерекше символикалық код.

Дәріс мазмұны Музыкалық шығармадағы эмоциялардың ара қатынасы.

Музыкалық психологияның негіздері Балар шығармашылығының маңыздылығына негізгі көзқарастар Шығармашылық үрдістерді модельдеу мәселелері

Әдебиеттер: 1. Әбішева Б. «Музыкалық тәрбие туралы». Музыка әлемінде, 2004, №6

2.Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2 004,

3. Балтабаев М.Х. «Елім-ай» бағдарламасы. А.1993 ж.

4. Бастауыш мектеп 2005 ж. № 5

ОЖСӨЖ- мазмұны: Импровизация шығармашылық қызметтің кеңінен тараған түрі

СӨЖ- мазмұны: реферат жазу
Негізгі әдебиеттер

1.: Выготский Л.С. Психология искусства.- М.,1965

2.Петрушин В.И. Музыкальная психология.М., 1994

3.Тарасов Г.С.Музыкальная психология – Спутник учителя музыки. –М., 1963

4.Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности: проблемы,суждения, мнения. – М.,1994

5.Белобородова В.К. Музыкальное восприятие.-М., 1975

6. Мухамбетова А.И. Казахский кюй как синкретический жанр.-А.-А.,

Мессиан О.О. О цвете и звуке Альманах музыкальной психологии. – М., 1991

7. Рогов С.И. Настольная книга практического психолога в образовании. –М., 1996
8. Жарықбаев Қ.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане. –М., 1996

9. Байділдаев Ө. «Музыка сабағы 5-сынып», 1997

10. Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

11. Бастауыш мектеп. 2005ж. №7.

12. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

14. Ғизатов Б. «Ән-музыка сабағы». А. 1981ж.

15. Дмитриева Л. «Мектептегі музыкалық тәрбиенің әдістері», «Бастауыш мектеп» журналына, 2000ж.

16. Дүйсенбайұлы Е., Тасмағамбетов И. «Дала дарыны», А. 2001ж.

17. Ділдабекова З. «Сабақты байланыстыра оқытудың ұтымдылығы» Бастауыш мектеп, 2004ж.

18. Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

19. Ертаева А. «XXI ғасыр мектебінің проблемалары» Музыка әлемінде, 2004. №4

20. Еңсепов Ж. «Музыка және әдебиет байланысы негізінде оқушылардың музыкалық қызығушылығын қалыптастыру», П.ғ.к. дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат, А. 2002ж.

21. Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

22. Жақсылықова Б. «оқушының музыкалық қабілетін дамыту жолдары», Музыка әлемінде, 2004ж. №4.

23. Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі», (Дайк-Пресс. 2002)

24. Жұбанов А. «Өскен өркен», А. 2005

25.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасының Жобасы. А., 2000.

26.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-Образование, №1, 2004.

27. Кабалевский Д. «Музыка туралы әңгіме», М. 1977ж.

28. Кетегенова Н, Жұманова Ү. «Қазақ музыкалық әдебиеті»,

Оқу құралы, А. 2000 ж

29. Қарамолдаева Г. «Мектептегі музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемесі», Алматы, 1982ж.

30. Қазақстан мектебі, 2002ж. №10

31. Қазақстан мектебі 2002 ж. № 8

32. Қоңыратбаев Ә. «Көне мәдениет жазбалары», оқу құралы, А. 1991 ж

33. Қыдыралиев Ш. «Әл-Фараби еңбектеріндегі музыканы қабылдау психологиясының мәселелері», Ұлағат, 2002ж.

34. Қоңыратбаев Т. «Ел мұрасы» А. Оқу құралы, 2003ж.

35. Құлманова, Оразалинова, Сүлейменова. «Музыка-1-6 сынып әдістемесі»,

Алматы, 1999 ж.

36. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

38. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

39. Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

40. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

41.Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.

42.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

43. Халабузарь П., Полполв В., Добровольская Н. Методика музыкального воспитания, М., 1998 ж.

44. Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

45. Музыка әлеміде Алматы, 2004 №

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

Жұмыс түрі

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындалу ұзақтығы

Балл

Тексеру формасы

1

Баяндама, реферат

Негізгі баяндама, өз бетімен тақырып б/ша ғылыми басылымдардан ақпарат жинау

Семинар тақырыбына сәйкес

Апталық бөлу кестесіне сәйкес

(барлығы 6 баяндама)

12

Семинарда реферат және баяндама

2

Тақырып б/ша жазбаша сауалнама

Оқу мате-

риалын игеру деңгейіне сәй-

кес, болашақ-

тағы жұмыс формасына сәйкес

Семинар тақырыбына сәйкес

5-10 мин

семинар аяғында

7.5

Жазбаша жауап

3

СООӨЖ тапсырмаларын орындау(барлығы 15 тапсырма)

Аналитикалық және танымдық қабілеттерді дамыту

Дәріс және семинар тақырыбына сәйкес

СООӨЖ –ға бөлінген уақыт кестесіне сәйкес

15

Сұрақтарға жауап беруін, тапсырманың орындалуын тексеру

4

Аралық тестілеу түріндегі бақылау

Оқу материа-

лын игеру, логикалық ой-

лау қабілет-

терін тексеру

1-тестілеу 1-7 тақырыптарға, 2-тексеру 8-15 тақырыптарға сәйкес

Семинар №7

Семинар №15

18

Тест бланкілерін тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру

15 аптаға негізгі әдебиет

Семестр бойы

40

тест

4. Пәннің оқу - әдістемелік қамтылу картасы

Әдебиеттер тізімі

Қамтылу дәрежесі

Кітапханада

Кафедрада

Электронды түрі

Студенттердің қамтылу пайызы

Ескерту

1

Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

1

1

20%

о/з -2-№4ғимараты

2

Апраксина О.А. Музыкальное воспитание в школе. М.,1978,Выпуск 12.

10

2

70%

о/з -2-№4ғимараты

3

Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. Алматы,19554. Әл-Фараби. «Музыка және поэзия жайында трактаттар», А. Өнер, 1993 ж.7

2

2

30%

о/з -2-№4ғимараты

4

Әбішева Б. «Музыкалық тәрбие туралы». Музыка әлемінде, 2004, №6

1

-

50%

5

Балтабаев М.Х. «Елім-ай» бағдарламасы. А.1993 ж.

Бастауыш мектеп 2005 ж. №

Бекхожина Т. «Қазақтың 200 әні», А. 1972

5

1

50%

6

Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

1

-

20%

Гайдар кітапханасы

7

. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

2

-

20%

о/з -2-№4ғимараты

8

Дмитриева Л. «Мектептегі музыкалық тәрбиенің әдістері», «Бастауыш мектеп» журналына, 2000ж.

15

2

80%

9

Дүйсенбайұлы Е., Тасмағамбетов И. «Дала дарыны», А. 2001ж.

2

1

40%

о/з -2-№5ғимараты

10

Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елім-ай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

10

2

50%

о/з -2-№5ғимараты

11

Музыка хрестоматиясы. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына аралған. Құрастырғандар: Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова.- Алматы: Атамұра, 1998.-96б.

5

2

50%

о/з -2-№5ғимараты

12

Музыка хрестоматиясы. Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына аралған. Құрастырғандар: Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова.- Алматы: Атамұра, 1998.-96б.

5

2

50%

о/з -2-№5ғимараты

13

Музыка хрестоматиясы. Жалпы білім беретін мектептің 3-4-сыныптарына аралған. Құрастырғандар: Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова.- Алматы: Атамұра, 1998.-96б.

-

3

20%

-

14

.Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2 004,..

5

-

20%

о/з -2-№5ғимараты

15

. Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

-1

-

20%

Гайдар кітапханасы

16

Байділдаев Ө Музыка сабағы. Орта мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. –Алматы “Рауан” 1997.

о/з -2-№5ғимараты

17

Ертаева А. «XXI ғасыр мектебінің проблемалары» Музыка әлемінде, 2004. №4

1

20%

о/з -2-№5ғимараты

18

Кетегенова Н, Жұманова Ү. «Қазақ музыкалық әдебиеті»,

Оқу құралы, А. 2000 ж

6

-

50%

о/з -2-№5ғимараты

19

Кабалевский Д. «Музыка туралы әңгіме», М. 1977ж.

2

1

о/з -2-№5ғимараты

20

. Қарамолдаева Г. «Мектептегі музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемесі», Алматы, 1982ж.

1

20%

о/з -2-№5ғимараты

21

Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

1

20%

Гайдар кітапханасы

22

Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2

-

20%

Гайдар кітапханасы

23

. . Қоңыратбаев Ә. «Көне мәдениет жазбалары», оқу құралы, А. 1991 ж

-

-

Гайдар кітапханасы

24

Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.

1

-

50%

Гайдар кітапха

25

Ұзақбаева С. Өміршен өнер өрісі: Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру. Алматы,1988 ж.

50%

насы

26

Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

-

1

27

Халабузарь П., Полполв В., Добровольская Н. Методика музыкального воспитания, М., 1998 ж.

4

1

28

Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

40%

5 Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

1 дәріс

Дәріс тақырыбы: Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы курсының мақсаты, міндеттері және мазмұны

Дәріс мазмұны: Музыкалық білім беру таририхы мен теориясының басты мақсаты оқушылардың шығармашылық ой-өрісін және жеке қабілеттерін дамыту, музыка өнері арқылы әсемдікке, сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Музыка мұғалімдерінің музыка-педагогикалық дербестілік және тұтастылық қағидасы ғылымилық, теорияның тәжірибесімен байланысты, оқыту мен тәрбиенің бірлігі сияқты нақты тұрғысынан тұжырымдалады. Музыка пәндері саласындағы теория мен тәжірибесің өзара байланысы бір жағынан, теория мен тәжірибенің танідың түсіндірудің және болжамдаудың құралы, оның тиімділігін талдаудың және бағалаудыңқұралы, оның тиімділігін талдаудыңжәне бағалаудың негізі болып табылатыныда көрініс табады. Ол музыка педагогика саласындағы құбылыстарды түсіндіруге ғана емес, олардың пайда болуын алдын ала білуге де көмектеседі. Білім берудің ұллтық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеші, өз ісінде қатып қалған жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шабер меңгерген іскер педагог қажет

Білім беру –тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екені заңды нәрсе. Бұл ұрдістегі басты тұлға –мұғалім. Демек, ұрпақ тәрбиесі мәселесін халықтық құрдылқтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Жас ұрпақтың ұлттық игілікте мен адамзаттың мәдани мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу арқылы әрбірініңжеке тұлғалық сапалары жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәні және қызметі

2.Теория, тарих, муузыкалық білім ұғымдарын қалай түсінесіндар

3. Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы басты категориялары

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.
2 дәріс

Дәріс тақырыбы: Қазіргі таңдағы музыкалық білім мәселелерінің мақсаты

Дәріс мазмұны: Қоғамның әлеуметтік,экономикалық,техникалық салаларында болып жатқан іргелі өзгерістер өз орнында білім беру саласына да әсер етіп оқыту мен білім беруді заман талаптарына сай бейімдеуді талап етуде. Қазіргі күндегі білім берудің мақсаты оқушының жан-жақты ұйлесімді дамуы, өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау және өзгермелі өмір жағдайларында өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Осы мақсатты жүзеге асыру білім беру жүйесінде өзгнрістер жасауды талап етеді. Қазір елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу –тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелерін тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік – таным мен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.

Қазіргі таңда білім шарттары бойынша оқушыларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ берудің жаңарту үрдісінің тиімді критерийлерін жасаудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім беру әдістемесінің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі жас буын педагог-музыканттар балалармен жұмыс жасау барысында танымал отандық және шетел прогресшіл қайраткерлерінің ұсынған жаппай музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға тырысады. Мұғалім мамандығында қарым-қатынас жасау іскерлігі кәсіби қажетті қасиет болып табылады. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны мен құрылымы өзгеріп отырған кезеңде оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын қалыптастыруда ойын технологиясының алар орны ерекше.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Музыкалық білім берудегі музыка туралы білімнің әртүрлі сипаттама берініз

  2. Музыкалық білім берудің негізгі мақсатын атаныз

  3. Жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны мен құрылымы

Пайдаланатын әдебиеттер Әдебиеттер Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова

Музыка. 1-2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.
3 дәріс

Дәріс тақырыбы: : Әлеуметтік құбылыс ретіндегі музыкалық өнер

Дәріс мазмұны: ). Тәрбиенің аса маңызды құрамы - өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғымды қамтитын – музыкалық өнер.

Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді.

Музыка жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің қимыл іс-әрекетін образды бейнелейтін диалектикалық құбылыстардың әсерлі дыбыстардың ұйқасуы, үндесуі, әуезді жинақылығы. Ақылман Аристотель адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде музыка адамдарды тәрбиелеудің негізгі құралы деп танған.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары – музыка, әдебиет және бейнелеу өнері. Олар зор идеялық роль атқарады. Өнер түрлері адамды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер түрлері адам санасына белгілі бір көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (музыкада-симфония, оратория, ән; әдебиетте - проза, поэзия; бейнелеуде – жанр, пейзаж ) енгізеді Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, графика, көркемсурет, мүсіндеу, хореография, музыка, сәулет, қолданбалы және сәндік өнер, т.б. Мектеп жұмыс жасайтын аймақтың өзіндік ерекшелік жағдайларын, оқушылардың ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктерін есепке алуда көрінеді. Олар мектеп ұжымының оқыту мен тәрбиеде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мектептердің барлығына тән жалпы белгілері бар: әрбір оқушы тұлғасын құрметтеуге негізделген педагог пен оқушылардың қарым-қатынас жүйесі; өзін-өзі басқару органдарын құру және олардың жұмысын қолдау; мектеп үшін маңызды шешімдерді бірігіп қабылдау; мектеп дәстүрлерін қалыптастыру; мектепте сезімдік қолайлы жағдай тудыру.

Жоғарыда қаралған идеялардың кейбіреуі «ойын терапиясы» негізін жасауда және дарынды балаларды оқыту әдістемесін жасауда өз жалғасын табуда.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы мәні

  2. музыкалық өнер мен музыкалық білім берудің эстетикалық бағыттылығы

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2004,
2. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

4 дәріс Тұлғаның музыклық мәдениетін қалыптастырудағы музыкалық білім

Дәріс мазмұны: Жас ұрпақты сапалы тәрбие және сапалы білім беру деңгейіең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шындалуына байланысты. Мектептегі оқушының музыкалық мәдениетің қалыптастыруда музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі орындалатын шығарманың көркемдік, өнегелік мазмұнын ашу. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін көтере білетін эстетикалық талғамын дамытатын мәні зор. Осы бағытта келешек жас ұрпақты сапалы білім беруші, ең алдымен, болашақ музыка мұғалімінің кәсіби даярлауға оқуы, іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Музыка мұғалімі маман педагогикалық тәрбиелік, ұйымдастырушылық дағдылардың басын біріктіріп әртүрлі іс-әрекеттерді құрайды. Осы іс-әрекеттер балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруға және оны белгілі мақсаттарға жету барысындағы орындаушылық біліктілік пен дағдыларына тығыз байланысты. Мектептегі музыка сабағы бір сынып оқушылары ұжымдылық болып саналады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Мектептегі оқушының музыкалық мәдениетің қалыптастырудың мәні

  2. Музыкалық тәрбиенің тенденциялары

  3. Қазіргі оқушының музыкалық мәдениетінің ерекшелігі

Пайдаланатын әдебиеттер1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
5 дәріс

Дәріс тақырыбы: ТМД елдеріндегі музыкалық тәрбие беру саласында озық тәжірибелердің қолдануы

Дәріс мазмұны: Білім берудің ұллтық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеші, өз ісінде қатып қалған жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шабер меңгерген іскер педагог қажет. Ұстаз –жеке тұлға.Ол үлкен ақыл, парасат иесі, тәлімді тәрбиеші, өмір тәжірибесі мол, мейірім –қайырымы көп ұлағатты жан. Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеру жоғары болуы керек. Дегенмен осындай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана көрсеткіші бола алады. Ал білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс-жағдайларымен байланыстыра ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Ежелгі ккезндегі музыкалық тәрбие беру тәжірибесі қалыптасуының мәні

2. Музыкалық білім беру саласында озық тәжірибелердің қолдануы

Пайдаланатын әдебиеттер1.Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.
2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

4. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

6 дәріс

Дәріс тақырыбы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі.

Дәріс мазмұны: XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында музыкалық білім беру педагогикасы дербес ғылым ретінде дами бастады. Оған бірнешс факторлар себепкер болды.

Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.

Музыкалык білім беру педагогикасының негізін салушы ғалым-ұстаздардың (А.Н. Карасев, С.И. Миропольский, Д.Н. Зарии, А.Л. Маслов, Н.Е.Брюсов, Б.Л. Яворский, С.Т. Щацкий, В.Н. Щацкая және т.б.) педагогикалық іс-әрекеттің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық еңбектердің жарық көруімен сипатталады. Музыкалық білім беру педагогикасының проблемаларын, соның ішінде музыкалық тәрбиенің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау ісімен айналысушылардың бірі А.Н. Карасев болды. А.Н. Карасевтің «Ән айту әдістемесі» өз кезінде аса танымал еңбектердің бірінен саналған-ды. Әдістемеде ән айтуға үйретудің мақсаты және одан туындайтын нақты міндеттер, ән айтудың тәрбиелік маңызы анықталған. Автордың пікірінше, ән айтудың мақсаты - балалардың музыкалық қабілеттерін, сонымен бірге дауыс сөйлеу, тыныс алу органдарының іс-әрекетін белсендіру қалыптасқан музыкалық қабілеттері мен іскерліктерін оқуда қолдана білуге дағдыландыру. Ол нота сауаттылығын ашу жөнінде де құнды пайымдаулар жасады. Осы жөніндегі әдістемелік ұсыныстары Францияда қолданылды.

А.Н. Карасаевтің әдістемесіне сол кездегі ағарту саласындағы схоластика мен формализм тән болғанымен, онда балаларға музыка сауаты жөнінде мағлұматтар беру, әнді музыкалық аспаптың сүйемелінсіз және бірнеше дауыста әдемі сала білу жөнінде аса маңызды ірі қадамдар жасалды. Оның тағы бір қол жеткізген жетістігі музыканы оқытуда бірізділік пен сабақтастық талаптарын ұстануы болып табылады.

ХIХ ғасырдың соңында музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына мен А.Л. Маслов өлшеусіз үлес қосты. Олар өздерінің педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, балалардың музыкамен шұғылдануға деген әуесқойлығын, шығармашылық белсенділігін арттыру негізінде олардың музыкалық болатындығын дәлеледеп берді. Д.Н. Зариннің «Мектепте хормен ән салу әдістемесі» оқу құралында музыкалық қабілеттерді дамытудың бірқатар мәселелері қарастырылған. Оның пайымдауынша,балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру музыкалық қабілеттерді дамытудың негізінде жүзеге асуы тиіс. Автордың балаларға белгілі бір мәтінге немесе аяқталмаған музыкалық фразаны жалғастыра әуен шығарып аяқтау; музыканы қабылдауды әнді орындау және импровизациялау негізінде ұйымдастыру; музыка сауатын меңгеруде дыбыстың қатынасын, қозғалысын бейнелейтін әуендер шығару сияқты ұсынған шығармашылық тапсырмаларының, сонымен қатар музыкалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту, әнші даусының тәрбиесі, әнді үйрету, репертуар сұрыптау бойынша ұсынған әдістемелерінің практикалық маңызы зор. Д.Н. Зариннің денсаулығы дұрыс қалыптасқан балалардың барлығының да музыкалық есту қабілетін дамытуға болатындығы және олардың шығармашылық белсенділігін үнемі ынталандырып отыру қажеттігі туралы пікірі музыкалық білім беру педагогикасында бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы музыкалық тәрбиенің ерекшеліктері

  2. Н.Е.Брюсова, Б.Л.Яворский ғалым –педагогтардың музыкалық-педагогикалық көзқарастарындағы жалпы қағидалар мен өзіндік ереккшелікктері

  3. Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық тұжырымдамасының тарихи маңызы

Пайдаланатын әдебиеттер1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
7 дәріс

Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы мектептерінде музыкалық білімнің қалыптасуы және дамуы ( 1921 -1960)

Дәріс мазмұны: Одақ көлемінде кеңінен өріс алған мәдени құрылыс ісі Қазақстанда музыкалық білім беру ісінің дамуына үлкен септігін тигізді. Балалар музыка мектептерін, техникумдар мен жоғары оқу орындарындағы жұмыстарды бір жүйеге келтіру ісі қолға алына бастады. 30-шы жылдардағы тағы бір жетістік Қазақстандағы барлық мектептердің Ресейдің музыкалық білім беру бағдарламасымен оқытуға көшуі еді.

Алайда Қазақстанда оқулықтардың, оқу құралдарының, кәсіби мамандардың жетіспеуінен музыкалық білім беру артта қалып отырды. Бұндай кемшіліктерді жою мақсатында тәрбие жұмысының негізгі формасы ретінде үйірме жұмысына көп мән берілді. Барлық мектептерде музыка, хор, драма үйірмелері жұмысы жанданды. Сөйтіп, көркемөнерпаздар ұжымдары оқушыларға музыкалық тәлім-тәрбие беруде қыруар іс атқарды.

Сонымен, соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сыныптан тыс және мектептен тыс іс-әрекеттер осы бағыттағы жұмыстардың негізгі формасы болды. Ал музыкалық тәрбие мазмұндық жағынан бейбітшілік пен достық, бақытты өмір, патриоттық сипатымен ерекшеленді.

Сөйтіп, Қазақстанда оқу құралдары мен әдістемелік еңбектер жарық көрді. Оқу министрлігінің бұйрығына сәйкес халыққа білім беру жүйесінің қайта құрылуына байланысты жалпы білім беретін мектептердің бәрі жаңа оқу жоспары мен бағдарламаларына көше бастады. Сөйтіп, ән-күй сабақтары бастауыш, сегізжылдық қазақ мектептерінің 1-7 сыныптарында 1 сағаттық апталық жүктемемен оқытыла бастады. Осындай өзгерістерге байланысты ән-күй пәнінің бағдарламасы қайта қаралды.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар .

  1. Қазақ даласында музыкалық білім берудің Қазан төңкерісіне дейінгі кезенде дамуы

  2. ХХ ғасырдың 20-60 ші жылдарында Қазақстанда музыкалық білім берудің жағдайы

  3. Қазақстандағы алғашқы музыкалық білім мен тәрбие беру мазмұнына сипаттама

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспас

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

8 дәріс

Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы музыкалық педагогика саласында ғылыми мектептердің қалыптасуы және дамуы( С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Р.Р.Жәрдемалиева, Ш.Б.Құлманова)
Дәріс мазмұны: Қазақ мектептеріне арналған бағдарламаны жасайтын авторлық ұжым құрылды. Оның жетекшісі Б. Ғизатовтың басшылығымен, ұжым мүшелері Р.Р Джердималиева, Г.Ж. Қарамолдаева 1984 жылдың қазан айында бейімделген жаңа бағдарламаны, хрестоматиялар мен фонохрестоматияларды жарыққа шығарды. Аталған авторлы ұжым бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаны әдістемелік жағынан қамтамасыз етуде көп еңбек сіңірді. Олар қазақ халық музыкасы, Қазақстан композиторларының әндері мен күйлерінің көркемдік құндылығы мен педагогикалық тиімділігін ескере отырып, сұрыптап репертуар қалыптастырды. Ән, би, марш сияқты «үш кит» әлеміне төртінші жанр - күйді енгізді.Д.Б. Кабалевский бағдарламасының келесі ерекшелігі репертуарға енген музыкалық шығармалардың көбі тыңдауға, әрі орындауға арналғандығы жэне нота сауатын игерту болып есептелінді. Ш.Б. Құлманова атап өткендей, аталған бағдарламаның бірегей тақырыптық негізде түзілуі қазақ халық музыкасын, оның ерекше бітімді әсемдігін толығымен пайдалануға шектеу болды.

90-шы жылдары республикада ұлттық музыкалық ерекшеліктер ескерілген, қазақ мектептерінің мұқтаждығын қанағаттандыра алатын жаңа оқу бағдарламаларын дайындау қажеттілігі өріс алып, қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті арқылы оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбиесін жетілдіру мен оны оқу орындарында жүзеге асыру жүйесінің болмауы арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе түсті. Музыкалық білім беру саласындағы орын алған қарама-қайшылықтардың шешімі іздестіру қазақстандық ғалым-педагогтардың музыкалық| педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендірді. М.Х. Балтабаев - 100-ден аса мәдениеттану, фольклорі музыкалық-эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырған еңбектердің авторы. Ғалым-педагогтің жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сыныптары үшін «Музыка», 10-11 сыныптар үшін «Өнер» шетелдік және бүгінгі көркем мәдениет), балабақшалар бағдарламалары және әдістемелік кешені, жалпы білім мсктептердің бастауыш, орта, жоғары сыныптары үшін - оқу бағдарламалары, жоғары оқу орындарының музыка-педагогика факультеті үшін арнайы курстардың оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, бастауыш сыныптарға «Әсем саз», бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Елім-ай» оқулықтары, оқу құралдары жарық көрген.

М.Х. Балтабаев музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесін жасауда дәстүрлі көркемдік мәдениеттің бай мүмкіндіктері толық пайдаланылуы қажет, сонымен бірге бүгінгі дәстүрлі білім мен тәрбие жүйесін жаңа сападағы деңгейге көтеру механизмдерін іздестіру бүгінгі күндегі көкейкесті талаптардың бірі деп есептейді. Ол өз зерттеулерінде халықтық ән мәдениетін, сәндік-қолданбалы мәдениетін, халықтық би мәдениетін, халықтық сөйлеу мәдениетін дәстүрлі көркем мәдениеттің жүйеқұраушы компоненттері ретінде оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесіне деген жаңаша көзқарасын ұсынады.

М.Х. Балтабаев жетекшілігіндегі авторлық ұжым «Елім-ай» ән-күй бағдарламасын дайындады. Бағдарламаның мақсаты-оқушылардың рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын музыкалық мәдениетін қалыптастыру. «Елім-ай» ән-күй бағдарламасының білімділік, тәрбиелік мақсат, міндеттері жеке дәстүрлі-көркемдік тәрбиесінің өлшемдері мен көрсеткіштеріне сәйкес анықталған.

«Елім-ай» бағдарламасы қазақ халқының көркемдік шығармашылығының сан түрін кешенді түрде пайдалану негізінде бала психикасының түрлі жақтарына кешенділікпен ықпал етуді көздейді. М.Х. Балтабаев осы өнер атаулының қай-қайсысын пайдалануда синхрондылықты сақтауды міндетті деп санамайды. Керісінше, білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, әсіресе бастапқы кезеңде кезекпе-кезең пайдаланудың тиімділігін атап көрсетеді. Әрине, бұл жерде оқу міндеттерін шешуде мұғалімнің ролі ерекше екендігі және оның педагогикалық шеберлігі, ән мен күй, би, сәндік-қолданбалы өнер салаларынан кәсіби деңгейі аса жоғары болуы шартты екендігі байқалады.

Алайда республикадағы жоғары оқу орындарында болашақ музыка пәні мұғалімдерін жоғарыда аталған талаптарға сай даярлауға қазіргі кезеңдегі мүмкіндіктер жоқтың қасы. Яки, бағдарламаны ойдағыдай алып шығатын, оның барлық міндеттерін шеше білуге қабілетті педагогикалық кадр даярлығы осы бағдарламаны қазақ мектептерінде кеңінен ендіруге кедергі болғандығын айтып өтуіміз керек.

«Елім-ай» - қазақ халық мәдениетінің өзара байланысы мен синкреттілігін ашып көрсететін бағдарлама. Оның авторлары өскелең ұрпаққа өнер түрлерінің (ән, аспаптық, сәндік-қолданбалы, би, ауызекі-поэтикалық) мәні мен маңызын, олардың халық өмірінде алатын орнын түсіндіруді, шығармашылық мұраға деген сыйластықты көзқарасын, сондай-ақ балаларды осы өнер түріне қатысты іс-әрекеттерге тартуды мұрат еткен.

Оқушыларды қазақ халқының ерекше мәдениетіне тартуға деген талпыныс А. Райымбергенов бастаған авторлық ұжым дайындаған «Мұрагер» атты музыка бағдарламасынан байқалады. Бағдарламаның мақсаты - қазақстандық патриотизмді, ұлттық рухани байлықтың мұрагері екендігін сезінетін, өз халқының салт-дәстүрін, өнерін, ана тілін білетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Аталған бағдарламаның басты ерекшелігі - балаларды домбыра шертуді нотасыз, ауызша әдіспен үйрету және халық әндерін домбыраның сүйемелдеуімен орындауға машықтандыру.

Халықтың ән-күйін меңгерту қарапайымнан күрделіге қарай принципіне негізделген. Балалар бастапқыда қарапайым да жеңіл-желпі жаттығулар жасап, аса күрделі емес ән-күйлерді орындауға машықтандырылса, бірте-бірте күрделірек шығармаларды орындауға үйретіледі. Білім мазмұнында ән, күй, жыр, терме, айтыстар, би, қолданбалы және сәулет өнерінен мағлұматтар беру де қарастырылған. Оқу жүктемесі аптасына үш сағаттан жоспарланған. Тағы бір айта кететін жайт, бағдарламаның құрылымдық жоспарында балаларды нота сауатынсыз домбыра тартып үйрету бағытының басым болуы. Бұл өз кезегінде бағдарламаның «Музыка» сабағынан гөрі домбыра үйрену үйірме жұмысына жақын екендігін, әрі апталық сағат санының типтік оқу жоспарына сәйкес емес екендігін көрсетеді.

Сөйтіп, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық сана-сезімнің өсуі бастауыш мектепте ұлттық негізде музыкалық тәрбие беру бағытында бірқатар жаңашылдықтың дамуына ықпал етті. Нәтижесінде «музыка» пәні бойынша «Елім-ай» (жетекші М.Х. Балтаев), "Мұрагер» (жетекшісі А. Райымбергенов) сияқты бірнеше баламалы бағдарламалар өмірге келді.

Ендігі жерде оқушылардың туған халқының мәдениет негіздері жөніндегі білімі мен тәрбиесіне ықпалын тигізетін халықтың тарихы, өмір сүру болмысы, салт-дәстүрі ұғым-түсініктерін кеңейтетін, өзін ұлттың мүшесі және азаматы екендігін саналы түрде ұғынуын, отбасы мен мектептегі мінез-құлық нормалары жөніндегі ұғым-түсініктерін қамтамасыз ете алатын және типтік оқу жоспарына қойылатын ғылыми-теориялық, әдіснамалық талаптарға сай бағдарлама жасау қажеттігі белең алды. Ондай бағдарлама Ш.Б.Құлманованың, М.А.Оразалиеваның, Б. Сүлейменованың авторлық бірлестігі арқасында жарыққа шығып, Қазақстан мектептерінің игілігіне айналды.

Бағдарламада 1993 жылы 8 сәуірде жарияланған «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріндегі білім мазмұны тұжырымдамасы», мемлекеттік оқу жоспары және оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық қағидалар негізге алынған.

Педагогика ғылымында оқу жоспарын құрудың бірнеше амал - жолдары (түзу сызықты, концентрлік, спиральды) қалыптасқан. Аталған бағдарлама осы спиралды құру жолымен құрастырылып және педагогика ғылымында білім мазмұнын құру, дайындау бойынша қалыптасқан ерекшеліктерді басшылыққа алған.

Ш.Б. Құлманова - жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні оқу бағдарламаларының көрнекті авторының бірі. Ол XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы музыка пәні оқу бағдарламаларына және қазақ халық музыкасына негізделген типтік бағдарламаларға жасаған талдауы арқылы музыкалық педагогика тарихын зерделеуге және музыкалық білім беру мазмұнын анықтауға мол үлес қосты. Автор осылайша бұған дейінгі музыка пәні бағдарламаларының жеткен жетістігі мен олқылықтарын сыни тұрғыдан сараптай келе және оқу бағдарламасын құру, білім мазмұнын анықтау жөніндегі педагогика ғылымының қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық ғалым - педагогтардың (М. Оразалиева, Б. Сүлейменова) қатысуымен музыка пәнінің типтік бағдарламасын жасап ұсынды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы мектептерінде қолданыс табуда. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген түрлі нұсқаулар, хрестоматиялар, білім стандарттары жарық көрді.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. ХХ ғасырдың 90-ші жылдарында Қазақстандағы музыкалық білім берудегі жетістіктер

  2. «Елім ай » бағдарламасының мақсат міндеттері және басты идеялары

  3. Ш.Б. Құлманованың - жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні оқу бағдарламасының мазмүндық сипатамасы

Пайдаланатын әдебиеттер.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2. Қарамолдаева Г. «Мектептегі музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемесі», Алматы, 1982ж.

3. Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2
9 дәріс

Дәріс тақырыбы: Шетелдегі балалар музыкалық тәрбиесінің қалыптасу тарихынан
Дәріс мазмұны: Мектептерде музыкалық білім мен тәрбие мақсаты мен міндеттері, талаптары айқындалып, музыкалық білім беру мен тәрбиелеудіц жүзеге асыру жолдары қарастырыла бастады. Ән сабағын оқытуға қойылатын талаптар күшейтіліп, білім мазмұнын сұрыптау қолға алынды, сабақ өткізу әдістемесін жасау және оқу құралдарын дайындау жұмыстары жоспарланды. Ән сабағын жүргізетін мұғалім даярлығы да назардан сырт қалған жоқ. Бұл жұмысқа Халық ағарту комиссариаты беделді, әрі танымал сазгер-педагогтерді тартып, нақты тапсырмалар жүктеді. Сол кезеңде В.Г. Асафьев, В.Г.Каратыгин, Н.Я. Яворский, Н.Л. Гродзенская және т.б. педагогтердің музыкалық тәлім-тәрбиенің өзекті мәселелері бойыгнша жүргізген ізденістері музыкалық педагогиканың дамуына игі ықпалын тигізді. Ол өз еңбегінде музыкалық қабілеттерді, әсірес музыканы қабылдау қабілеттерін балаларды теориялық білімдермен қаруландыру негізінде дамытудың қажеттігі жөнінде бүгінгі музыкалық білім беру педагогикасы проблемалармен үндес тұжырымдар жасаған.

Мектептегі музыкалық тәлім-тәрбиенің мақсаттары мен мазмұнын анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылған. Н.Я. Брюсованың, музыка сабағын жобалау, құру мәселелерін талқылауға арналған М.М. Койранскаяның мақалары да музыкалық білім беру педагогикасы теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан еңбектер деуге болады.

Б.В. Асафьев өзінің еңбектерінде мектеп оқушыларының музыканы қабылдау қабілетін, музыкалық талғампаздығын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Оның пайымдауыншы, музыка сабағында тек музыкалық, шығармаларды тыңдаумен ғана шектелмеу керек, керісінше, олардың музыкалық қабылдау мүмкіндіктерін кеңейту қажет, яғни «музыканы практикалық жағынан меңгерту» міндеттері қойылуы тиіс. Ол үшін Б.В. Асафьев оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сджамытуға ықпалын тигізетін хормен ән салу әрекеттеріне көбірек назар аударуды ұсынды.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Д.Б.Кабалевсккккийдің музыка нәні бағдарламасының құрылымының басты ерекшелігі

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері

Пайдаланатын әдебиеттер1.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2.Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

3. Құлманова, Оразалинова, Сүлейменова. «Музыка-1-6 сынып әдістемесі»,
10дәріс

Дәріс тақырыбы: Мектепте жас ерекшеліктеріне сай музыкалық тәрбие беру.
Дәріс мазмұны: Оқушылардың шығармашылығы әр сабақтағы музыкалық іс-әрекет қызметтүріне байланысты қаншалықты жаңашылық әкеле алуымен бағаланса керек, қатып қалған үйреншікті әдеттен қашу тек шығармашылыққа ғана тән зандылық. Оқытушының шығармашылық мәнері әрқалай крінеді. Алайда шығармашылық ізденістің бағыты, мүмкіншілігі шексіз. Әр оқытушы белгілі оқу бағдарламасына сүәене отырып,өзінің ойлары мен сезімін көрсете білгені, яғни өз пайымын өткізе білгені керек. Бұл ретте әрбір тақырыпты ашудың мәні оқушылардың шығармашылық қабілетіндамытатын, муөыкалық ойлауды жетілідіріп, танымдық қызығушылығын қалыптастырарын, тек бүгінгі күндік емес, болашақтың да кәдесіне жарайтын музыкалық тиянақты білім беруде жатыр. Сабақ өткізуде оқытудың қазіргі заман әдістері, түрлерімен құрал жабдықтары пайдалануы тиіс. Оқушы музыканы жүрдім-бардым емес, бар ынтасымен тыңдауға үйренген жағдайда ғана сабақ ойдағыдай тиімді нәтижеге жеткізбек.Оқушылары ұдайымузыкалық ойлауға, сергек сезімталдыққа, танымдық қызығушылығының қалыптасуына өзіндік

белсенділігін арттыруға тырысу керек. Музыкалық білім –музыканы өмірден туған және өмірмен тығыз байланыстағы жанды, бейнелі өнер деп қабылдайтын қабілет. Музыкалық білім музыкалық тәрбие мен дамуына қатымты білімге жатады. Музыкалық негіздің даму ерекшклігі н зерттей отырып, оқушылар шығарманың мазмұнын ықыласпен тыңдап, пайыммен бағалайды.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық дамуының жас ерекшеліктері

  2. Қазіргі оқушының музыкалық дамуының сипаттамасы

  3. Оқушылардың музыкалық ойлауының мәні және оның дамуы

Пайдаланатын әдебиеттер

11 дәріс

Дәріс тақырыбы: Орта сыны оқушыларының психологиялық-педагогикалық сипаттары

Дәріс мазмұны: Жалпы музыкалық тәрбие көлемінде мектептеп бұрынғы музыка сабақтары арнаулы орындаушылық дағдыларды тар көлемде қарастырды.

Ал қазіргі музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында алдына көптеген мақсаттар қояды

Дәлірек айтсақ: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.

Жан-жақты музыкалық даму баланың ішкі дүниесін байытады, сонымен қатар музыка өнерін терең және толық қабылдатып қана қоймайды, айналадағы дүниеге - өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді.

Ән айту, музыка тыңдау, музыка әдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.

Балаларды музыкаға тәрбиелеудеп сан сұрақтардың бірі - музыкалық шығармашылық болып табылады, яғни балалардың өздері құрастырған вокальдық және аспаптық шығармалар .

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Оқушылардық психологиялық –педадагогикалық ерекшеліктері

  2. Оқушылардың музыкалық тәрбиесінің манызы

Пайдаланатын әдебиеттер1. «Музыка в школе», М, «Просвещение», 1991ж.

2 Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

3 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961 ж.
12 дәріс

Дәріс тақырыбы: Білім беру, тәрбиелеу және дамыту үрдісінде музыкалық білімнің мазмұны

Дәріс мазмұны: Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыкалық білім берудің басты мақсаты оқушылардың шығармашылық ой-өрісін және жеке қабілеттерін дамыту, музыка өнері арқылы әсемдікке, сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Музыка мұғалімдерінің музыка-педагогикалық дербестілік және тұтастылық қағидасы ғылымилық, теорияның тәжірибесімен байланысты, оқыту мен тәрбиенің бірлігі сияқты нақты тұрғысынан тұжырымдалады. Оқыту үрдісіндегі тәрбиелеу принципі оқу үрдісінің объективті заңдылықтарын бейнелейтін маңызды принциптердің бірі болып табылады. Сабақ құрылымындағы оқыту әдістемелері де тәрбиелеу мақсатын жүреді. Оқу үрдісіндегі барлық тәрбиелеу мүмкіншіліктерінің жүзеге асырылуы оқушылардың өзіндік ішкі белсенділік дәрежесіне, оларды өз бетінше танымдық іс-әрекетке тартуға байланысты болады. Әрине, оқу үрдісіндегі тәрбиелеу міндеттерін шешу мұғалімнің өзінің жеке тұлғасына, оның қоршаған болмыстағы фактілері мен құбылыстарды жектізе білу іскерлігіне, пәнге деген қарым-қатынасына, өз еңбегінің мәнін түсіне біліуіне, өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудегі жауапкершілік сезіміне байланысты болады.

Жалпы қазіргі білім жүйесі шарттары бойынша бұл принциптің жүзеге асырылуы бүкіл мектеп оқушыларын кешенді тәрбиелеу мақсатындағы іс-әрекетті нақтылайды. Бұл принцип оқушылармен сабақта және сабақтан тыс жұмыстарын жүргізуде мұғалім және тәрбиеші іс-әрекеттерінде кездеседі және де оқушының іс-әрекетімен өзінше ұштасып жатады. Яғни оның пікірлерінде, қарым-қатынасында, іс-әрекеттерінде бейнеленеді, оның дүниетаным мен көзқарастарының қалыптасуына әсер етеді.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Музыкалық қызметтердің басты түрлерінің өзарабайланысы

  2. Оқушыларды музыканы оқытуда кездесетін спецификалық принциптер

  3. Музыкалық білім мен тәрбиенің міндеттері

Пайдаланатын әдебиеттер1.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2.Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

3. Құлманова, Оразалинова, Сүлейменова. «Музыка-1-6 сынып әдістемесі»,
13 дәріс

Дәріс тақырыбы: Оқушыларға музыкалық білім берудің теориялық негіздері
Дәріс мазмұны: Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие бері бір-бірімен үштастырыла жүргізіледі. Негізгі педагогикалық ұғымдар- тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді, табиғи байланысты.

Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің мұғалімнің тиімді әдістеріқолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байлансты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып толып жатқан факторларға байланысты. Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында осы уақыттқа дейін әртүрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келлі.

Білім беру –тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екені заңды нәрсе. Бұл ұрдістегі басты тұлға –мұғалім. Демек, ұрпақ тәрбиесі мәселесін халықтық құрдылқтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Жас ұрпақтың ұлттық игілікте мен адамзаттың мәдани мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу арқылы әрбірініңжеке тұлғалық сапалары жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады. Мектептегі музыка сабағының атқаратың қызметі сан қырлы.

Білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім берудің мазмұны қоғамның экономикалық және ғылыми-техникалық даму қажеттіліктеріне байланычты қарстырылады. Білім берудің, оқытудың мазмұны оқушылардың ақыл-ойының, дене күшқуаттарының жан-жақты дамытуымен және олардың омірге, еңбекке деген дайындығының қажетті негіз болатын білімдері анықталады. Қазақ халқы – ананың әлдиі,әкенің бал-бөбек жырын айтып, ертеден құлаққа сіңіріп өскен ел. Ол ән-күйдің әсері, музыкақұдіреті. Осы бір қалыптасқан қлттық дәстүрді ескерсек, музыкалық мұрамыздың тәрбиелік қасиеттері баяғыдан белгілі екені тудырмайды.

Қазіргі кезенде жалпыға бірдей білім беру мектептерінің алдына жас үрпақтардың музыкалық эстетикалқ білімін көтеру міндеттері жүктеліп отыр. Осы орайда музыка оқытушыларына қойылатын талаптар зор.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын, ынтаықыласын туындатушы әдіс

  2. Оқушылардың шығармашылықты іс-әрекетін дамытудың белсенді құралы

  3. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудаға ықпал ететін тәрбие бағыты

Пайдаланатын әдебиеттер1.Джедималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000
14дәріс

Дәріс тақырыбы: Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің ірге тасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады. Кез-келген түрі деп отырғанымыз, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты және т. б. Бағдарлама бойынша музыка дегеніміз – жалпы білім беретін мектептерде оқышыларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Міне, сондықтан музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс.

Мұғалімнің күнделікті сабақта пайдаланып жүрген әдістер музыкалық анықтамаларды түсіндіруге, оқушыларға шығармашылығын, қызығушылығын арттыруына, жеке тұлғаның рухани дамуын тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан музыка сабақтары қоғам талаптарына жауап беруі керек.

Музыка сабағында оқушылармен жүргізілетін музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың сипаттамасы Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту үшін музыкалық пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.

Дәріс мазмұны: Ән салу – музыка сабағындағы іс-әрекеттің бір түрі. Ән салуға үйретуде оқушылардың музыканы қабылдау дағдысы басты рөл атқарады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1. Музыкалық іс-әрекеттердің негізгі түрлері

2. Музыка сабақтарндағы қосымша іс- әрекеттеріне сипаттама

3. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың негізі .

4. Музыкалық тәрбие берудің незгі формасы

Пайдаланатын әдебиеттер1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3. : 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

15 дәріс

Дәріс тақырыбы: Балалар шығармашылығын.дамыту міндеттері және оны шешу жолдары
Дәріс мазмұны: Қазіргі ғылымда шығармашылық мәдениеттің құрылымдық, интегративті компоненті ретінде қарастырылады.

Педагогикалық қызметтің шығармашылдық сипаты педагогтың ойлау әрекетінің ерекше стилін қажет етеді. Ол мұғалімнің барлық психикалық салаларының күрделі жинақтау жұмысын жүргізуге әкеледі. Онда шығармашылық ерекше орынға ие. Шығармашылық спецификалық қабілеттерден және олардың бейнеленуінен көрінеді. Соның бірі – педагогикалық ойлауға қабілеттілік. Жоғары деңгейлі интеллект мұғалімнің педагогикалық фактілер мен құбылыстарды жекелеп тануға емес, педагогикалық идеяларды, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу теорияларын меңгеруге жол ашады.

Шығармашылық тұлғаға мына қасиеттер тән: тәуекелге даярлығы, сенімдерінің дербестігі, қызбалық, танымдық «дәлдігі», сенімдерінің сындылығы, қиял мен ойдың ұшқырлығы, әзілді түсіне білуі және т.б.

Арнайы зерттеулер мен іс-тәжірибелердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушылары әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды өте тез ұғып алады. Ең басты музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып жетіледі. Оқушының эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін,есте сақтау қабілеттерін дамыту қажет. Өнердің халықпен байланысы, көркем шығармашылықтың өмірімен, идеяларымен, халық бұқарасының сезімімен, ұмтылыстарымен сабақтастығы, олардың психологиясын, мүдделері мен мұраттарын өнерде бейнелеу - мұның бәрі өнердің халықтығы ұғымында топтасып жатады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Балалар музыкалық шығармашылығының мәні неде.

2. Жалпы білім беретін мектепте музыкалық шығармашылықтың кеңінен тараған қандай түрі қолданылады.

3.Балалардың музыкалық шығармашылығының дамуында импровизацияның маңыздылығы

Пайдаланатын әдебиеттер1. Әбішева Б. «Музыкалық тәрбие туралы». Музыка әлемінде, 2004, №6

2.Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2 004,

3. Балтабаев М.Х. «Елім-ай» бағдарламасы. А.1993 ж.

4. Бастауыш мектеп 2005 ж. № 5

6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.

Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Музыкалық тәрбие құралы және өнердің бір түрі ретінде музыканың алатын орны.

Өнер жүйесінде музыканың алатын орны. Жеңіл және байыпты музыка.

ырып

1

{1.10.36.}

2

Жалпы ғылыммен,әлеуметтік ғылыммен,психологиялық-педагогикалық және музыкалық пәндермен курстың байланысы

Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясының басқа өнерлермен және әдебиеттпен байланысы.

2

{1.10.36.}

3

Отандық және шетел тәжірибелеріндегі музыкалық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы

Әр елдін музыкалық тәрбиесінің тарарихы және қазіргі таңдағы жағдайлары.

3

{5.12.42.}

4

Балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде қазақ ағартушыларының Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев орны.

Республикамызда алғашқы мәдени құрылыстың маңыздылығынжете түсіндірген ойшылдарымыз- отандық,халық ағартушылар, педагог –музыканттар, композторлардың балалар музыкалық тәрбиесінің дамуына қосқан үлестері.

4

{18.21.41.}

5

ТМД елдеріндегі музыкалық тәрбие беру саласында озық тәжірибелердің (Прибалтика, Өзбекстан; Қырғызстан)қолдануы

Прибалтика, Өзбекстан; Қырғызстан елдердегі музыкалық тәрбие беру.

5

{1.21.36.}

6

Халық педагогикасы және оның музыкалық тәрбие және білім берудегі маңызы

Музыкалық тәрбиедегі халықтық педагогиканың мәні

6

{18.21.41.}

7

Оқушылардың музыкалық тәрбиесіне арналған алғашқы әдістемелік –бағдарлама әдебиеттері

Мектептегі музыкалық тәлім-тәрбиенің мақсаттары мен мазмұнын анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері

7

{1.15.21.}

8

Қазақстандағы музыкалық педагогика Музыкалық біім білім берудің тарихи дамуының әр кезендеріндегі жариялаған музыка пәні бағдарламаларының мақсат міндеттері, басты идеялары саласында ғылыми мектептердің қалыптасуы және дамуы (С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Р.Р.Жәрдемалиева, Ш.Б.Құлманова)

Музыкалық білім берудің тарихи дамуының әр кезендеріндегі жариялаған музыка пәні бағдарламаларының мақсат міндеттері, басты идеялары

8

{29.39.41.}

9

Музыканы оқытудың теориясы мен тәжірибесі саласындағы прогресшіл жүйелері

Әр елдің музыкалық тәрбиесінің тарихымен және қазіргі таңдағы жағдайлармен танысу

9

{18.21.41.}

10

Бастауыш сынып оқушылары қабілетінің музыкалық-педагогикалық ерекшеліктері

Оқушылардың жас ерекшеліктерінің сипаттамалы

10

{29.44.}

11

Музыкалық білім берудің формалары

Музыка сабағы жалпы музыкалық білім берудің негізгі формасы ретінде

11

{38.39.40.}

12

Баланың эмоционалдық дамуындағы жас ерекшеліктер динамикасы

Тұлға дамуындағы эмоционлдық пен саналықтың бірлігі .Оқушылардың эмоционалдық дамуының динамикасы

12

{1.15.21.}

13

Музыкалық сабақтар құрылымындағы дидактикалық және спецификалық принциптер

Дидактикалық принциптердің сипаттамасы. Музыканы оқытуда оқушылардың тәрбиелік, білімділік және дамытушылық бірлігінің принциптері

13

{29.36.5.}

14

Музыка мұғалімінің музыкалық- педагогикалық іс-әрекеті

Музыкалық-педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен мақсаттары

14

{35.44.39.}

15

Музыка сабағы, оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар

Білімнің мазмұны педагогикалық бақылау, музыкалық дамуды қадағалау үрдісі, білім нәтижелерін бағалау. Музыканы орындау, хормен айту, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық сауат іс- әрекеттер мазмұны

15

{10.15.43.}

7. Курс бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Практикалық (семинарлық) және лабораториялық сабақтар бойынша методикалық ұсыныстар.

1 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыкалық тәрбие құралы және өнердің бір түрі ретінде музыканың алатын орны.

Мақсаты: Өнер жүйесінде музыканың алатын орнының дамуы

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Семинар сұрақтарына жауап береді Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

2 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Жалпы ғылыммен,әлеуметтік ғылыммен,психологиялық-педагогикалық және музыкалық пәндермен курстың байланысы
Мақсаты: Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясының басқа өнерлермен және әдебиеттпен байланысың арттыру жолдары

Негізгі сұрақтар:

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

3 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Отандық және шетел тәжірибелеріндегі музыкалық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы
Мақсаты Әр елдін музыкалық тәрбиесінің тарарихы және қазіргі таңдағы жағдайлары.

Негізгі сұрақтар:

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру Семинар сұрақтарына жауап береді

4 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде қазақ ағартушыларының Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев орны.

Мақсаты: . Республикамызда алғашқы мәдени құрылыстың маңыздылығынжете түсіндірген ойшылдарымыз- отандық,халық ағартушылар, педагог –музыканттар, композторлардың балалар музыкалық тәрбиесінің дамуына қосқан үлестері.

Негізгі сұрақтар:

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру Семинар сұрақтарына жауап береді

5 Практикалық сабақ

Тақырыбы: ТМД елдеріндегі музыкалық тәрбие беру саласында озық тәжірибелердің (Прибалтика, Өзбекстан; Қырғызстан)қолдануы

Мақсаты: Прибалтика, Өзбекстан; Қырғызстан елдердегі музыкалық тәрбие беру қалыптасуы

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру Семинар сұрақтарына жауап береді

6 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Халық педагогикасы және оның музыкалық тәрбие және білім берудегі маңызы

Мақсаты: Музыкалық тәрбиедегі халықтық педагогиканың мәні

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру
7 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Оқушылардың музыкалық тәрбиесіне арналған алғашқы әдістемелік –бағдарлама әдебиеттері

Мақсаты: Мектептегі музыкалық тәлім-тәрбиенің мақсаттары мен мазмұнын анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

8Практикалық сабақ

Тақырыбы: Қазақстандағы музыкалық педагогика Музыкалық біім білім берудің тарихи дамуының әр кезендеріндегі жариялаған музыка пәні бағдарламаларының мақсат міндеттері, басты идеялары саласында ғылыми мектептердің қалыптасуы және дамуы (С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Р.Р.Жәрдемалиева, Ш.Б.Құлманова)

Мақсаты: Музыкалық білім берудің тарихи дамуының әр кезендеріндегі жариялаған музыка пәні бағдарламаларының мақсат міндеттері, басты идеялары

Әдістемелік ұсыныс: Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

9 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыканы оқытудың теориясы мен тәжірибесі саласындағы прогресшіл жүйелері
Мақсаты: Әр елдің музыкалық тәрбиесінің тарихымен және қазіргі таңдағы жағдайлармен танысу

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

10 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушылары қабілетінің музыкалық-педагогикалық ерекшеліктері

Мақсаты: . Оқушылардың жас ерекшеліктерінің сипаттамалы

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады.

11 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыкалық білім берудің формалары

Мақсаты: Музыка сабағы жалпы музыкалық білім берудің негізгі формасы ретінде

Негізгі сұрақтар:

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру
12 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Баланың эмоционалдық дамуындағы жас ерекшеліктер динамикасы
Мақсаты: Тұлға дамуындағы эмоционлдық пен саналықтың бірлігі .Оқушылардың эмоционалдық дамуының динамикасы

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

13 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыкалық сабақтар құрылымындағы дидактикалық және спецификалық принциптер

Мақсаты: Дидактикалық принциптердің сипаттамасы. Музыканы оқытуда оқушылардың тәрбиелік, білімділік және дамытушылық бірлігінің принциптері

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады. Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

14 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыка мұғалімінің музыкалық- педагогикалық іс-әрекеті

Мақсаты: Музыкалық-педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен мақсаттары

Әдістемелік ұсыныс: Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру

№15 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыка сабағы, оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Мақсаты: Білімнің мазмұны педагогикалық бақылау, музыкалық дамуды қадағалау үрдісі, білім нәтижелерін бағалау. Музыканы орындау, хормен айту, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық сауат іс- әрекеттер мазмұны
Әдістемелік ұсыныс: Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру
ОЖСӨЖ

1 ОЖСӨЖ тақырыбы: Білім беру, тәрбиелеу және дамыту бірлігі ретіндегі музыкалық білім

Мақсаты: Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәнінің мақсат-міндеттері және пән ерекшелігімен таныстыру.

Өту формасы: Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: : Музыкалық білім беру, музыкалық тәрбие беру, музыкалық оқыту терминдері.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер топ болып бөлініп, пән неліктен бұлай аталады, нені зерттейді, неге үйретеді, мақсат, міндеттері қандай т.б. сұрақтар аясында презентация жасайды.

Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

2 ОЖСӨЖ тақырыбы: Жалпы білім беретін мекеме бітірушілердің музыкалық мәдениетінің модулі

Әдебиеттер:

Мақсаты: Музыкалық білім беру принциптерінің педагогикалық бағыттылығы түсіндіру.

Өту формасы: Пікірталас

Тапсырма, сұрақтар: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудаға ықпал ететін тәрбие бағыты

Әдістемелік ұсыныс: Сабақ топтық пікірталас түрінде өтеді. Сабақ оқытушының бағалауымен аяқталады.

Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

3 ОЖСӨЖ тақырыбы: Өнер түрі ретіндегі музыканың құндылығы

Мақсаты: Музыка - өнердің бір түрі. Оның мазмұндық аспектілері. Көркемдік бейне.

.Өту формасы: Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: 1. Өнер, музыкалық өнер дегеніміз не?

2. Өнердің қандай түрлерін атай аласың, олардың ерекшелігі,

Әдістемелік ұсыныс: Студенттердің шығармашылық әзірліктеріне қарай жарнама жасауға, шығармалар орындауға болады.

Әдебиеттер: 1. Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2004,

2. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
4 ОЖСӨЖ тақырыбы:. Тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы

Мақсаты: : Осы пәнге қатысты қажетті ұғымдар, анықтамалар, ережелер толықтыру

Музыка түрлері ерекшелігімен таныстыру.

Өту формасы: Берілген әдебиеттермен танысу және оны конспектлеу Баяндама жасау.

Тапсырма, сұрақтар:

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады.

Әдебиеттер мазмұныӘдебиеттер1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

5 ОЖСӨЖ тақырыбы: Өнер түрі ретіндегі музыканың құндылығы

Мақсаты: Музыкалық стиль түрлерімен таныстыру.

Өту формасы: Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: : Берілген сұрақтарға жазба ретінде орындау

- Музыкалық стиль түрлерін ата?

Музыкалық бағыт алғаш қайда пайда болды?

Әдістемелік ұсыныс: Семинар сұрақтары бойынша жауап береді.

Әдебиеттер: 1.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

2. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

6 ОЖСӨЖ тақырыбы: Шетел тәжірибелеріндегі музыкалық білімнің даму тарихы

Мақсаты: Әр елдін музыкалық тәрбиесінің тарарихы және қазіргі таңдағы жағдайлары.

Өту формасы: Баяндама жасау.

Тапсырма, сұрақтар: Берілген сұрақтарға жазба ретінде орындау

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады.

Әдебиеттер: Әдебиеттер1. Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2004,

2. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
7 ОЖСӨЖ тақырыбы: : Тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы

Мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудаға ықпал ететін тәрбие бағыты

Өту формасы: Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: : Музыка және қазіргі жастар тақырыбына конспект жазу

Әдістемелік ұсынысСабақта мүмкіндік болса, компьютер немесе мультимедийлік құралдар пайдаланылады.

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
8 ОЖСӨЖ тақырыбы: Қазақ халқы музыкалық мәдениетін қалыптастыруына Ш.Уалихановтың идеяларының ықпалы
Мақсаты: Ш.Уалихановтың педагогикалық жүйесінде оқушылардың музыкалық дамуының алатын орны

Өту формасы: Жеке жұмыс..

Тапсырма, сұрақтар: Баяндама жасау

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала үйден әзірленіп келген тапсырмаларға жеке- жеке жауап береді.

Әдебиеттер: 1.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

2.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

9 ОЖСӨЖ тақырыбы: Музыкалық педагогикадағы прогресшіл қайраткерлер ( Б.В.Асафьев, Б.Л.Яворский)
Мақсаты:. Музыкалық педагогикадағы прогресшіл қайраткерлердің педагогикалық жүйесінде оқушылардың музыкалық дамуының алатын орны

Өту формасы: Баяндама.

Тапсырма, сұрақтар:

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады.

Әдебиеттер: 1.Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.
2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

4. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін
10 ОЖСӨЖ тақырыбы Славян халықтарының музыкалық білімінің дамуы

Мақсаты: Музыкалық білім берудің тарихи дамуының әр кезендеріндегі жариялаған музыка пәні бағдарламаларының мақсат міндеттері, басты идеялары

Өту формасы: Пікірталас.

Тапсырма, сұрақтар: 1.Оқушыларды музыканы оқытуда кездесетін спецификалық принциптер

2.Музыкалық білім мен тәрбиенің міндеттері

Әдістемелік ұсыныс: Сабақ топтық пікірталас түрінде өтеді. Студенттер бір-бірне еркін қарым-қатынас жасап, өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, ой біліседі. Сабақ оқытушының бағалауымен аяқталады.

Әдебиеттер: 1.Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.
2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

4. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін
11 ОЖСӨЖ тақырыбы: Қазақстандағы музыкалық өнердің дамуына Құрманғазы, Даулеттекей, Тәттімбет шығармашылық ықпалы және маңызы

Мақсаты: Тәжірибені жеткізуде ауыз екі дәстүрдіңрөлі

Өту формасы: Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: Жеке баядама жасау

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі-екіден бөлініп, алдын-ала үйден әзірленіп келген сұрақтарға презентация жасайды.

Әдебиеттер: : 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж. музыкалық білім мен музыкалық мәдениеттің дамуы
12 ОЖСӨЖ тақырыбы: Балалардың музыкалық тәрбиесіндегі діни негіздері

Әдебиеттер:

Мақсаты: Балалар мектебіндегі «мектебе» және олардың балалар музыкалық тәрбиесіндегі рөлі

Өту формасы: Семинар.

  1. Тапсырма, сұрақтар: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын, ынтаықыласын туындатушы әдіс

  2. Оқушылардың шығармашылықты іс-әрекетін дамытудың белсенді құралы

  3. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудаға ықпал ететін тәрбие бағыты

Әдістемелік ұсыныс: Семинар сұрақтарына жауап береді.

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
13 ОЖСӨЖ тақырыбы: Қазақ ағартушыларының музыкаға қосқан үлестері.

Мақсаты: Қазақ ағартушыларының еңбектерімен танысу.

Өту формасы: Дөңгелек үстел.

Тапсырма, сұрақтар:

Ш.Уәлихановтың эстетикалық көзқарасы

Ы.Алтынсариннің музыкалық қызметі.

А.Құнанбаевтың шығармаларындағы эстетикалық тәрбие.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі-екіден бөлініп, алдын-ала үйден әзірленіп келген сұрақтарға презентация жасайды. Сабақта мүмкіндік болса, компьютер немесе мультимедийлік құралдар пайдаланылады.

Әдебиеттер: 1.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

2.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

3 .Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

14 ОЖСӨЖ тақырыбы: Жалпы білім беретін циклдың пәндер жүйеінде ән сабағының орны

Мақсаты Музыканы оқытудың теориясы мен тәжірибесі саласындағы прогресшіл жүйелері

Өту формасы: Практикалық сабақ.

Тапсырма, сұрақтар: 1. Музыка сабақтарндағы қосымша іс- әрекеттеріне сипаттама

2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың негізі .

3. Музыкалық тәрбие берудің незгі формасы

Әдістемелік ұсыныс: Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

15 ОЖСӨЖ тақырыбы: Қазақстандағы алғашқы музыкалық білім беру педагогиксының даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері

Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні бағдарламасына

сипаттама

Өту формасы: Презентация жасау.

  1. Тапсырма, сұрақтар: ХХ ғасырдың 90-ші жылдарында Қазақстандағы музыкалық білім берудегі жетістіктер

  2. «Елім ай » бағдарламасының мақсат міндеттері және басты идеялары

  3. Ш.Б. Құлманованың - жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні оқу бағдарламасының мазмүндық сипатамасы

Әдістемелік ұсыныс: Музыка пәні бағдарламасына

сипаттама

Әдебиеттер: 1.Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996ж.

2.Музыка әлеміде Алматы, 2004 № 2

3. Құлманова, Оразалинова, Сүлейменова. «Музыка-1-6 сынып әдістемесі»,

Алматы, 1999 ж.

16 ОЖСӨЖ тақырыбы: Музыкалық білім мақсаттары мен міндеттерін түсіндірудің әр түрлі жолдары

Мақсаты Мектептердегі музыканы оқытудың деңгейі

Өту формасы: Семинар.

Тапсырма, сұрақтар: Баяндама жасау

Әдістемелік ұсыныс: Семинар сұрақтарына жауап береді.

Әдебиеттер: 1.Джердималиева Р.Р.,Карамолдаева Г.Ж. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасы, Алматы,1984 ж.

2.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
17 ОЖСӨЖ тақырыбы: Шетелдегі музыкалық тәрбие беру жайы ( Австрия,Венгрия; Болгария )

Мақсаты: Шетелдегі музыкалық тәрбие беру жайы

Өту формасы: Дөңгелек үстел.

Тапсырма, сұрақтар: Баяндама жасау

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала үйден әзірленіп келген сұрақтарға презентация жасайды.

Әдебиеттер: 1.Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А. 1993 ж.

2.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.

3 .Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

18 ОЖСӨЖ тақырыбы: Жалпы білім беретін циклдың пәндер жүйеінде ән сабағының орны

Мақсаты Музыканы оқытудың теориясы мен тәжірибесі саласындағы прогресшіл жүйелері

Өту формасы: Практикалық сабақ.

Тапсырма, сұрақтар: 1. Музыка сабақтарндағы қосымша іс- әрекеттеріне сипаттама

2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың негізі .

3. Музыкалық тәрбие берудің незгі формасы

Әдістемелік ұсыныс: Берілген дәріс тақырыбы бойынша конспекті толықтыру Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

19 ОЖСӨЖ тақырыбы: Қазақстандағы алғашқы музыкалық білім беру педагогиксының даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері

Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні бағдарламасына

сипаттама

Өту формасы: Презентация жасау.

  1. Тапсырма, сұрақтар: ХХ ғасырдың 90-ші жылдарында Қазақстандағы музыкалық білім берудегі жетістіктер

  2. «Елім ай » бағдарламасының мақсат міндеттері және басты идеялары

  3. Ш.Б. Құлманованың - жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні оқу бағдарламасының мазмүндық сипатамасы

20 ОЖСӨЖ тақырыбы: : Музыкалық білім беруде жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескеру; өзін тануға ұмтылуы; бағалау және өзін- өзі бағалау;

Мақсаты: Музыкалық білім беру принциптерінің педагогикалық бағыттылығы түсіндіру.

Өту формасы: Пікірталас

Тапсырма, сұрақтар: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудаға ықпал ететін тәрбие бағыты

Әдістемелік ұсыныс: Сабақ топтық пікірталас түрінде өтеді. Сабақ оқытушының бағалауымен аяқталады.

Әдебиеттер: 1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

21 ОЖСӨЖ тақырыбы: : Музыкалық білім беруде жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескеру; өзін тануға ұмтылуы; бағалау және өзін- өзі бағалау;
Мақсаты: Музыкалық білім беру принциптерінің педагогикалық бағыттылығы түсіндіру.
.Өту формасы: Пікірталас

Тапсырма, сұрақтар: 1.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттердің шығармашылық әзірліктеріне қарай жарнама жасауға, шығармалар орындауға болады.

Әдебиеттер: 1. Әбдиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,2004,

2. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995 ж.

3.Ұзақбаева С., Махметова Б. Ұлт өнерін өрнектеген . Алматы, 2000 ж.
22 ОЖСӨЖ тақырыбы:. Оқушы тұлғасының эмоционалдық өрісі, баланың рухани өмірінде оның алатын орны ( С.Л Рубинштейн, Б.И. Додонов)
Мақсаты: : Осы пәнге қатысты қажетті ұғымдар, анықтамалар, ережелер толықтыру

Музыка түрлері ерекшелігімен таныстыру.

Өту формасы: Берілген әдебиеттермен танысу және оны конспектлеу Баяндама жасау.

Тапсырма, сұрақтар:

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасайды. Сұрақтар талқыланады.

Әдебиеттер мазмұныӘдебиеттер1. Абдуллин Э.Б. Е.В.Николаева Музыкалық білім беру теориясы Құрастырып аударған Н.Дүкенбай ПМПИ баспасы, 2007.

2.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

3. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.

23ОЖСӨЖ тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың музыкалық өз бетінше білім алуы дамуы

Өту формасы: Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: : Берілген сұрақтарға жазба ретінде орындау

Әдістемелік ұсыныс: Семинар сұрақтары бойынша жауап береді.

Әдебиеттер: 1.Балтабаев М.Х. «Қазақ музыкасы және студент-жастар».А. 1991ж.

2. Менаяқова М., Қарамолдаева Г. «Мектепте музыка тәрбиесін

беру әдістемесі»Алматы. «Әл-Фараби», 1997 ж.
24 ОЖСӨЖ тақырыбы: Музыкалық педагогикадағы прогресшіл қайраткерлер ( Б.В.Асафьев, Б.Л.Яворский)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет