Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


Қысқарған сөздердің шартты



бет2/42
Дата11.01.2017
өлшемі9,76 Mb.
#7320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Қысқарған сөздердің шартты

белгілері



а — арабша

құр. — құрани

«А. Ж» — «Ақын жырлары»

«Қ. Т. Т. С» — «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»

«А.Қ. Т. С» — «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік»

л — латынша

анат. — анатомиялық

«Л. Ж» — «Лениншіл жас» газеті

астр. — астрономиялық




ауыс.— 1. ауыспалы мағына; 2. араб тілінен енгеннен кейінгі ауыспалы мағына

лингв. — лингвистикалық

әдеб.— әдеби

м. — монғолша

әск. — әскери

матем. — математикалық

Ә. X. Д. — Әмір Хосрау Дехлеви

мед. — медициналық

«Бат. Ж» — «Батырлар жыры»

«М. Б. Т.» — «Мың бір түн»

«Б. Д.» — «Бейбітшілік даусы»

мин. — минерал

«Б. Ж.» — «Бейбітшілік жасасын»

муз. — музыкалық

б. з. б. — біздің заманымыздан бұрын

мыс. — мысалы

биол. — биологиялық

о. — орысша

бот. — ботаникалық

од. — одағай сөз

геогр. — географиялық

обл. — облыстық

грам. — грамматикалық

ө. — өзбекше

дип. — дипломатиялық

«Ө. Ә.» — «Өзбек әндері»

діни — діни сөздер

п. — парсыша

еск. — ескі

«П.Қ. Т. С» — «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік»

зоол. — зоологиялық

спорт. — спорттық

«Қ. Ә.» — «Қазақ әдебиеті» газеті

саяс. — саяси

«Қ. Ә. Т.» — «Қазақ әдебиетінің тарихы»

«С. Қ.» — «Социалистік Қазақстан» газеті

«С. С. У.» — «Сәлем саған Украина»



«Қ. Е.» — «Қазақ ертегілері»

қ. — қазақша



т. — түркі тілдерінде

тарих. — тарихи

«Қ. ән» — «Қазақ әндері»

тәур.— «Тәурат»

қар. — қараңыз (осы сөзді)

тех. — техникалық

«Қ. к.» — «Қазақ календары»

«Т. С» — «Түн сыры»

«Қ. К.Б. С» — «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»

«У. Ж» — «Украина жырлары» «Ү. С. Э.» — «Үлкен советтік энциклопедия»

«Қ. К. П» — «Қазақстан Коммунистік партиясы»

«Ү. Ғ. Ж» — «Үш ғасыр жырлайды».

физ. — физикалық



«Қ. М. Қ.» — «Қарашекпен мен қасқыр»

фил. — философиялық.

фин. — финанстық



«Қ. Қ. Т.» — «Қазіргі қазақ тілі»

фольк. — фольклор

«Қ. С. Э.» — «Қазақ совет энциклопедиясы»

«X. А.» — «Халық ақындары»

«X. М.» — «Халық мұғалімі»



«Қ. Т. О. С» — «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі»

«X. Ө.» — «Халық өлеңдері»

«Ш. С» — «Шешендік сөздер»



«Қ. Т. Т. Т. З.» — «Қазақ тілінің тарихы туралы зерттеулер»

«Қож. Ә.» — «Қожанасыр әңгімелері»



шахм. — шахмат

эл. — электрлік


Әріптер


Транскрипция

ا

а

ب

б

ت

т

ث

с

ج

ж

ح

х

خ

х

د

д

ذ

з

ر

р

ز

з

س

с

ش

ш

ص

с

ض

д

ط

т

ظ

з

ع



غ

ғ

ف

ф

ق

қ

ك

к

ل

л

م

м

ن

н

ة

һ

و

у у

ى

ии

ا
اليف (алиф ун) әліп — араб алфавитінің бірінші әрпі, сандық мағынасы — «Қаф» пен «уау», «әлиф» пенен «куа» болып, Айтылған атыңызды мақұлдатқан (Кете Жүсіп). Сен-ақ оқы әліп пенен әбіжәтты. Мұрным әліп болғанда, қасым мәтті... (Ұлбике).

اباء (иба ун) иба 1) қабыл алмау; 2) тәкаппарлық, астамшылық, менмендік, паңдық; 3) ауыс. ұялу, әдеп сақтау, ізет ету. Жүреміз үлкендерге сәлем беріп, Кетеміз сәлемдесіп жүзін көріп. Ардақтап үлкендігін ибаменен. Қол беріп аттанамыз, жаппай келіп (Әшім.). Алғашқы кезде Роза менен иба қылып жүрді (М.Аманжолов);



ибалы. Даңқы жер жарған, шешендігі ел жарған, күліп кісі бетіне қарап көрмеген, ибалы, атақты асыл Қамарымыз жоқ жерден мұндай жалаға ұшырап, бүлік шығып кеткендігіне қайғыра-қайғыра сүзектен тұрған кісідей, құр шыбыны ғана бар еді (С. Торайғыров). — Тәртіпті, әдеп сақтаған, ибалы жауынгер (Б. Момышұлы);

ибалық. Ибалық көрісем деп айтқан сөзің, Кілтін аш сыр сандықтың қайткенде өзің. Таралған тоты құстай бала екенсің, Қызыл гүл уылжыған жарқын жүзің (Жарылқасын). Ғайшаның апасы бір-біріне айта алмай, ибалық қылып отырған сөзі болса, сөйлессін деп (Қожаш) екеуін оңаша тастап, ауыз үйге шығып тұрды (С. Көбеев);

ибалылық — әдептілік, ізеттілік, сыпайыгершілік. Қаншайым қысылып, қызара орнынан тұрды. Аяғын аңдап басып, төрағалар отырған жаққа ерекше бір ибалылықпен келе жатыр (С. Мыңжасарова). Расында, сондықтан, әдептілік, ибалылық - әйел баласына жарастықты ең сындарлы асыл қасиет («Қ. Ә.»);

ибасыз — әдепсіз, ізетсіз, инабатсыз. Кетіп қалуды ибасыз көріп, ...көзі мөлтілдеп Жұмабекке қарайды (Т. Ахтанов). Енең болса ибасыз, қазанға салып қайнатар («Қ. Т. Т. С.»);

ибасыздық — әдепсіздік, ізетсіздік, инабатсыздық. Жайшылықта мұны ибасыздық, жеңілтектікке сайып, пыш-пыштар әйелдер де оның қазіргі жайын түсінгендей елеген жоқ («Қ. Ә.»).

ابجد (абжад ун) абжад 1) сонау еврей халқынан арабқа ауысқан сандық мәні бар алфавит; 2) әліппе (есеп). Араб әріптерінің санына негізделген абжад есебін үйрендім (С.Айни). Абжад есебін үйренгені адамға қандай зор қасірет еді,— деген дауыс естілді (А. Машанов);



әбжат. «Сұрайтын сұраушыдан білем» десе, Әбжаттан есеп қылсын Жүсіп атым (Қаңлы Жүсіп);

әбжад. Араптың әріптерін жаттап болғаннан кейін, оқушылар «әбжад» сияқты түсініксіз, жасанды сөздерді жаттауға көшеді (X. Ақназаров);

әбжәт. Басталды әліп, әбжәт, би дегендер, Молда ғой момындарды илегендер. Баламды жақсы оқыт, молдеке деп, Әркімнен келіп жатыр сый дегендер (Әшім);

әбжет. Ең әуелі бұрынғы атақты молда аруақты қожалардан оқып, кішкенелерімізге «әліп-секүн-ан» мен «әбжет» таусылмай, ...пайдасыз кітаптардың санын түгесе алмай, миымыз шіріп, алтыннан аяулы, асыл өміріміздің ең қымбат уақытын босқа кетіріп, әбден шатасқан едік (С.Торайғыров);

әбіжат. Сен-ақ оқы әліп пен әбіжатты, Мұрным «әліп» болғанда, қасым «мәтті», Көкірегім — кітап сөзі, тілім — құран, Мен сенен үйренбеймін шариғатты (Ұлбике). Себеп не, себепсіз не, боқтағасын, Бәрібір білсең нұсқа, ғибраттан. «Дін бұзар — дүмше молда» деген осы, «Әліп» пен тіл сындырғыш «әбіжаттан» (Таубайдың Жүсібі).

ابد (абад ун) әбат — мәңгілік. Әр нәрсе «мен сондаймын» дегенменен, Асылы қайтпақшы екен асылы әбат (Қаңлы Жүсіп).

ابق (абақ ун) абақ — қашу, қашып құтылу, жасырынып кетіп қалу. «Абақ» арабтың әбәк деген сөзімен төркіндес болса керек. («Қ. Т. Т. Т. З.»);

абақты1) абақхана, түрме, қылмыстыларды қамайтын үй. Арабтың әбәқ сөзіне -ты қосымшасы қосылып, абақты — «қашқындар орны» деген мағынаға ие болды («Қ. Т. Т. Т. З.»). Ол абақтыда алты ай отырып шықты (С. Көбеев). Он шақты күннен бері Абай Семейде каталашкада отыр, үлкен абақтының өзі емес (М. Әуезов); 2) ауыс. азап, қиын-қыстау. Құлаттық керітартпа ұлықтарды, Құтылдық азап, қыспақ, абақтыдан (Қ. Бекхожин). Миллион ер көтеріліп бірге шықты, Зорлықты талқандауды бейне абақты (Жамбыл).

ابلس (иблис ун) ебліс. Ебліс деген жын сиқырмен маймыл етіпті,— деді («М.Б. Т.»);



ебіліс. Кәрі қыз қадірменен отырмаған, Маған түйе бермейтін кімсің өзің? Байқағанға паңдығың толып жатыр, Ұқсайды ебіліске бойкүйезің (Әсет);

иблис. — Саспа, балам, саған ақыл тауып берейін, ондай ақылдың есебін сайтанның әкесі Иблис те таппайды,— деді («М. Б. Т.»);

ыбылыс. Шығарма ерніңді ыбылыс. Басыңа таяқ тиеді. Таңда мақшар күнінде Шығарған ернің отқа күйеді,— дейді молда (I. Жансүгіров).— Мен үнін өшірейін, ол тамұқтан келген ыбылыстың деді ол (Ә. Сәрсенбаев);

ібліс. Бейнеңнен пердең кетер көз алаңдап, Ібліс дайын тұрар әм жалаңдап (Әріп);

ібіліс — діни. шайтан. Алла адамды жасап болған соң періштелерге: «адамға тәжім етіңдер»,— дейді. Ібіліс құдайға бағынбайды. Ібіліс: «Одан (адамнан) мен артықпын, сен мені оттан жасадың, ал оны (адамды) балшықтан жасадың»,— деп шап ете түседі. Құдай Ібіліске ұрсып-ұрсып жұмақтан куып жібереді (М.Тоқжігітов). Ізіңде ізіреттесіп ібіліс жүр, Майпаздап бала баққан кемпірдей-ақ. Нәпсі — ақымақ, ақылыңды алпыс бөлер, Ойыңа ешбір қайғы келтірмей-ақ. (Шораяқтың Омары);

ібілістей - шайтандай. Түптің түбінде ібілістей күнәны су тазарта алмақ емес (Ш.Мұрзатаев).

ابن (ибн ун) ибин — ұл, ұл бала. — Өзі қандай әсем, әйдік болса, домбырадан үн шығаруы да сондай көркем, сұлу екен!— деген сөзді дуалы ауызды, сұлу сазды «пірі» атанған Дәулеткерей Ибин Шығайдың мұрагері Салауаткерей айтыпты (С. Бақбергенов);



ибн. Әңгіме неше алуан мәселелер жөнінде, әр түрлі мазмұнда болды. Сократтың философиясы, оның әділеттігі, Аристотельдің шығармаларынан бастап Ибн-Синаның дәрігерлік ғылымға көзқарасы, Ұлықбектің астрономиялық зерттеулері және басқа мәселелер жөнінде талқылау, пікір алысулар болды (Айбек).

ابنة (ибна тун) қызы; 2) қыз. Энбнатун (дұрыс: ибна, ибнатун — О.) арабша — қыз, бойжеткен (Т.Жанұзақов).

ابن سيناء (ибн Сина) Ибн-Сина. Медицина ғылымының тарихында Орта Азиялық атақты ғалым, дәрігер Ибн-Сина (Авиценна) артына ұмытылмас үлкен ғылыми мұра қалдырды (С. Сұбханбердин). Тау басына шапағын күн қалдырып, Алау-жалау Исфарада жанды бұлт, Ибн-Сина өртенді ме сол бұлттай, Адам үшін, өмір үшін мәңгілік (С. Мәуленов).

أبيات (аб ун) әбу1) әке, әкесі; 2) кісінің аты немесе ондағы қосымша (арабтардың әдетінде құрметті адамға қошамет көрсету үшін оның атына әбуді қосады, сөйтіп ол тағылған атаққа айналады. Ғалиға әбу қосылып, Әбуғали болады, бұл Ғалидың әкесі Әбу деген сөз емес, қошамет ретінде Ғалиға тағылған атақ).

أتفاق (’абйат ун) әбият — өлеңдер. Әбият, Назым, Ғазал, бәйіт, мұхаммас, Мазмұнын көріп едім бірталайдың, Кітаптың, иә қазақтың ұйқасына Келмеген, екісі боп бір ыңғайдың (Таубайдың Жүсібі);

әбиат. Ти-тілімнен шығарып түрлі әбиат, Си-сәнан мәхдіқа хұрмәт еттім (Абай).

اثبات (’иттифақ ун) ынтымақ — бірлік, одақ, келісім, татулық. Ырыс алды — ынтымақ (мақал). Сөзбенен бірін-бірі жеңісе алмай, Жолдасың ынтымаққа келісе алмай, Аттанды қалың әскер гүжілдесіп, Сұлуды бір-біріне берісе алмай (С.Сейфуллин). Көрдің бе міллетіңді ұйықтап жатқан, Тебіренбей жер қозғалып, жарылса аспан. Ойлайық бәріміз де міллет қамын, Бірігіп, ынтымақтан еш қалмастан (С.Торайғыров);



ынтымақтастық. Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінде Вьетнам халқымен ынтымақтастық митингісіне қатысты («Л. Ж.»). 1975-1979 жылдардағы кезеңге арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Советтік Социалистік Республикалар Одағы мен Француз Республикасы арасындағы келісім («Л. Ж»);

ынтымақтастылық. Өткен ғасырдың сонау орта кезі мен екінші жартысында қазақтың ұлы ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов және Ыбырай Алтынсарин орыс-қазақ ынтымақтастылығының жалынды насихатшылары болды (Д. Қонаев);

ынтымақтастыру. Панисламистер, пантюркистер ислам дінін ұстаған түркі тектес халықтарды ынтымақтастыру, біріктіру, жалпы түрік мемлекетін құру мақсатын қойды (Б.Кенжебаев);

ынтымақтасу. Әлеуметтік құрылысы әр түрлі мемлекеттердің саяси және әскери тиімді ынтымақтасуы мүмкін екені іс жүзінде дәлелденді («С. Қ.»);

ынтымақшыл — ұйымшыл. Аралас Балағаздар ауылына, Тартады бірін-бірі бауырына. Ішінде ағайынның ынтымақшыл. Елдіктің жеңілі мен ауырына (И. Байзақов).

(’исбат ун) ыспат 1) қостау, дұрыстау, мақұлдау, қуаландыру, дәлелдеу; 2) дәлдік. Ыспат (а. исбат) — айғақ (Ә. Болғанбаев). Әуелі — не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел — ыспат қыларға жараса, мұны якини иман десек керек (Абай) Ескіліктегі хандардың, батырлардың, байлардың би ыспаты барлары өте мықты болған тәрізді (С. Сейфуллин);

іспет. Басында іспет бермесе, Ағармас күнде бет жуған (Базар жырау). Ғазетшілдік әм журналшылдықтың қазақ жігіттерінің қолынан келетұғын жұмыс екендігін іспет етпек еді (М. Сералин);

ыспаттау — дәлелдеу, айғақтау, сипаттау. Ақынның ыспаттауында Ғайсада ешбір «қасиет» қалмаған, өйткені ол шайтанмен кездесуде үнемі енжар халде болып, ақыры сол шайтанның сөзіне нанады («Қ. Ә. Т.»). Жаңа өмірдің артықтығын ыспаттауға қолайлы, әдеби бір әдіс болып қолданылуға лайық (Ә. Шәріпов).

іспеттес. Тауды үңгіп, тасты қашап салған мазарлар бар. Олар тіпті үй секілді. Көрпе-көпшік, қазан-ошақ, шай-шекерімен, май шам, шақпақ сіріңкесімен тұрады. Бұл өліге құрмет іспеттес (М.Сатыбалдиев);

іспетті. Өлеңдер Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін қайта туып жасарған қазақ халқының бүгінгі саяси-әлеуметтік өмірін, күнделікті тұрмыс-тірлігін танытатын айнасы іспетті («Қ. Ә. Т.»). 1910 жылы Тұрмағамбет «Абайды оқығанда» деген өлең жазды. Бұл... ұлы ақынның шығармалары 1909 жылы жарық көрісімен, қанша жерге және қалай тез тарағанына документ іспетті айғақ («Қ.Ә.Т.»)

اثر (’асар ун) әсер1) ықпал, ырық; 2) әдеби, ғылыми шығарма; 3) ескерткіш, із, белгі. Айтқаның ақылдыға әсер етер, Көгалға көктемдегі дым секілді. Ессізге есіл сөзің еш болады, Кереңге көзбен еткен ым секілді (Тұрмағамбет). Меніңше, орыс мәдениетінің дамуына өз кезінде Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі орта азиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов те сондай әсер етті (Ш. Айтматов);



әсерленгішәсер алғыш, ықпалшыл. Соның салдарынан бала жас кезінен-ақ әсемділікке әсерленгіш, әр нәрсені есінде сақтағыш келеді (С. Мұқанов);

әсерлету 1) ықпалдату, 2) ауыс. көркемдету, әдемілету. Қарқынды ән қан қайнатып, жүрек жұлып, Жан жалмап, көңіл тербеп әсерлетіп (Әсет). Аңқытып, әсерлетіп ән салайық, Қажыдым, қартайдым деп шаршамайық (Ү. Кәрібаев);

әсерлендіру1) ықпалын тигізу; 2) ауыс. мәнерлеу, әдемілендіру. Әкем бейне бір артист тәрізді бет пішінін сан рет құбылтып, әсерлендіре сөйлейтін (Ә. Сәрсенбаев);

әсерсіз. Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты да әсерсіз болады (Абай). Біраз қаламгерлеріміздің тарапынан психологиялық талдау орнына... әсерсіз әңгімешілік... әлі де етек алып отыр (С. Әшімбаев);

әсершіл. Ат үстінде адам әсершіл (М. Сатыбалдиев). Кубалықтар - қызу қанды, әсершіл, ұлттық сезімі күшті халық (Б. Момышұлы);

әсершілдік — әсер алғыштық, ықпалшылдық. Нұрмұхамедов Нағымбек творчествосына колорит жарқындығы, кең тыныстылық, әсершілдік тән («Қ. С. Э.»);

әсерлену. Айтқан сайын әсерлене тыңдайтын, Қажымайтын қалғып көзін жұмбайтын. Ер жорығы, ел намысы, кек не?— деп, Түсінгенше талдап сұрап шыңдайтын (М. Хәкімжанова). Тамұқтан ұжмаққа шыққандай болған Шыңғыс табиғаттың тамаша көрінісіне әсерленіп аз уақыт тұрды (С.Мұқанов);

әсерлеу. Жеңісті күнде жатыр тойлап қалам, Еңбектің озаты көп ойнақтаған. Апарып көрсетейін, о Шекербек, Әсерлеп дейтін болсын оймақтаған (Мағираш). Жазушыда әсерлеу, өсіре жазу әдеті бар (С.Мұқанов);

әсерлі. Жүйелі айтылған әсерлі сөзді Тұрағұл да бар ынтасымен үнсіз, әрі қимылсыз отырып тыңдады (С. Бақбергенов). Буынсыз тілің, Буулы сөзің Әсерлі адам ұғлына. Кісінің сөзін Ұққыш-ақ өзің, Қисығын түзеп тұғырыға (Абай);

әсерлілік. Сөйлемнің көркемдік нәші, әсемдік мәнері, ішкі ырғағы мен ұйқасы мақалдың өткірлігі мен әсерлілігін күшейте түседі (Қ. Сағындықов). Екінші шумақтың алғашқы жолындағы гипербола да өлеңнің әсерлілігін, эмоциялық бояуын қалыңдатқан (А. Егеубаев).

أثير (асйр ун) асир — астр. аспан әлемі, әуе кеңістігі, эфир. Аспан затының табиғатын біз жер табиғатындай жақсы біле алмаймыз... Оның сыры — аспан сыры. Осыған байланысты біз затты... асыр (дұрысы: асир — Н. О.) дейміз (А. Машанов).

أجار (ижар ун) ежіре 1) жалдау, кіре; 2) кіре ақысы. Бір байдың дүкенін ежіреге (жалға) алып тұрушы еді («М. Б. Т.»).

أجازة (ижаза тун) ижазат — рұқсат, ырзалық. Сейфулмәлік жылайды, Көзінің жасы бұлайды, Бір ғашықты сағындым, Отқа күйіп жағылдым, Енді қайда жүремін, Мекенін қайдан білемін? Атам берсе ижазат («Ғашық-наме»).

اجتهاد (’ижтиһад ун) ижтиһат — тырысу, ынта, жігер, ықылас. Араб тілінен ауысқан ижтиһад деген сөздің тек «Т. Т. С.» мен «Қ. Т. О. С.» сөздіктерінде қазақша 12 фонетикалық варианты бар екен. Бұл ол сөздің көп мағыналылығынан емес, қазақша қате айту мен қате жазудан пайда болған. Мысалы, Абай арабша жақсы білген. Ол бұл сөзді қате жазуы мүмкін емес. Бірақ дұрыс көшірмеудің салдарынан оның шығармаларында ежтиһат, иждиһат деген сияқты варианттар кездеседі. Бұл әлі ойланатын мәселе болғандықтан, ол сөздік қазақ тіліндегі варианттарын осы сөздікке енгізіп отырмыз — Н. О.);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет