Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



бет28/42
Дата11.01.2017
өлшемі9,76 Mb.
#7320
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42

дирхам. Музыканы сүйген Сәйф әд-Даула Фарабиге музыка туралы бір үлкен кітап жазуды тапсырады. Фараби өзінің бұрынғы бағыбандық кәсібін істей жүріп, күніне әмірден алған төрт дирхамды қанағат етумен тапсырманы орындап шықты... Ол 12 кітап қолжазбасын алып келіп, әмірдің алдына қойды (А. Машанов);

дирхем. Адам, мал, динар, дирхем тағы басқа, осылар сияқты саналатын, яғни саны бар заттар саны (А. Көбесов).

дерһам. Еш ізің құмға жүрсең білінбесін, Бір нәрсе дерһам қадар ілінбесін. Кілтсіз сандық секілді бекітпек ем, Әр жерде төгіліп, сырың көрінбесін («Қ. Ә.»).

دعاء (дуаун) дұға1) жәрдемге шақыру; 2) жалыну, тілеу, өтініш; 3) намаз; 4) қарғыс, қарғау; 5) ауыс. сиқырлы оқу (жадылық). Жауынменен жер көгереді, Дұғаменен ер көгереді (мақал). Лепес қып өзі бастап, «ақын» бол деп, Дұғасын ықыласпен берді маған (С. Торайғыров). Шатпақтап қағаз жазып жол айтқаннан, Пайдалы емес пе еді дұға алғаның? Орынсыз құр сүйеніп өнеріңе, Дұғадан лайық па құр қалғаның? (Нақып қожа);

дуа. Нұрым аптығып жүгіріп келді де Ахметке дүрсе қоя берді: — Қарашы, мұның сығандығын, аярлығын... Дуаны қылып, сиқырлап, міне, бір кісіні өлтіріп отырсың! (С. Торайғыров). Сөзіңе сендім, Төке, десең ондай, Інің ем мақтағанмен жүрген оңбай. Сөзіңе «дуа дарыған» адам едің, Басыма кетпес онда бақыт қонбай (Жүрсін);

дұғай ескі. сәлем айту түрі (ертеде хат дұғай сәлем деп басталатын. Дұғай сөзінің аяғындағы қысқа и изафет әсерінен дұғай сәлем деген сияқты тіркестерде кездесетін бірінші сөздің аяғында пайда болған и дыбысының орнында қысқа й болып тұр Н. О.). Жазамын дұғай сәлем Бауыржанға, Қас дұшпан қайратыңа қалды таңғап (Қ. Қуанышбаев). Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең — бересің, тайсаң-танып, Алдамшы атанғанның несі пайда? (Абай);

дуасыз. Ақымақ басқа адырайған көз бітеді. Дуасыз ауызға сылдыраған сөз бітеді (мақал). Дуасыз ауыздан шыққан сөз болған соң, бірақ жас мырза солардың бірде-біріне сенбейтін (Ә. Нұрпейісов);

дұғашыдұға етуші, тілеуші. Құлеке, білдім, сіздің үлкен жасың, Беруге елің алыс, қойдың басын. Ұғылына мұсылманның дұғашымыз, Көрсеткен бұ да менің ықыласым (Әбубәкір);

дуашы. Қара кемпірге тура қарауға адам сескенерлік, оның жүзі суық, ал оның «дуашы» деген аты жүзінен де суық (X. Есенжанов);

дуалау. — Өзін дуалап қойғаннан сау ма екен? — деді ренжіп Макаров (М. Қаратаев). Қидың екен қалай, жар? Алды ма әлде дуалап?... Миды ашытты көп ойлар, Бірін-бірі қуалап (А. Шамкенов);

дұғалау1) сиқырлау; 2) ауыс. көз бояу, алдау. Дұғалап алған басым,— деді Бәтима (Т. Ахтанов);

дуалы. Бала көтермей сырдаң тартып кеткен соң, бала беретін дуалы бақсы бар дегенді есітіп, Раушан соған үшкіртемін дегенде де, Бәкең бір ауыз сөзге келмеген (Б. Майлин). Дуалы ауыз ұстаздың осы сөзі жаңа талаппен келе жатқан соған да бағышталған,— деді Мұхаммед Тархан (А. Машанов);

дұғалысиқырлы, кереметті. Пушкиннің өлеңдері толған «Тәтті үндер сыбырлайтын сиқыры мол еріндер», «Асқақ шабыт, тәтті үн, дұғалы әуен» сияқты үлбіреген әуен мен нәзік сөздерге толы (Е. Букетов). Қайтейін, Жұмалардың сөзі — оған бір дұғалы сөз (С. Мыңжасарова);

дұғалықдіни. дұға жазылған қағаздар. Тұсындағы шымылдықтың бауына ілген Исым ағзам ба керек, әлде не мазарат етектей-етектей дұғалықтан Қамардың беті-жүзі көрінбейді (С. Торайғыров). Қараңғы үйде күңіренген дауыспен дұғалық оқып, анда-санда су бүркіп, айнала үшкіріп отырған кісінің молда екенін, ишан екенін жұрт айыра алмады (С. Мұқанов);

дуалық. Ол хатты оқыды да, қағазды дуалықтай сыртынан сүйіп, кеудесіне басты («М. Б. Т.»).

دعوة (дауатун) дағуа1) шақыру (қонаққа); 2) ұран, үндеу; 3) тарату; 4) үгіт, насихат; 5) бейімділік, қабілеттілік, міндет, мақсат; 6) соттық іс. Біреулердің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді (Абай). Ұқсамақ дәл бірдейлік дағуасымен емес, соның соңында болмақ (Абай). Мысалы, Намруд, Шаддад, Ферғауындар өздерін өздері тәңірі дағуасына көтергендер (А. Машанов).

دعوى (дауа) дау1) талаптану, талап қылу; 2) бекіту; 3) шағым, іздену; 4) даушар, айтыс-тартыс. Алтын — шірімейді, дау — ескірмейді (мақал). Жансары тұқымы тырп ете алмай, дауға жиналған 40-50 кісіні күні-түні етке жықты да жатты (С. Мұқанов). Байлардың бір кәсібі — ұрлық, сауда, Жайылып малы жүред биік тауда. Байлардың тауда жүрген малын алып, Кірістім өз-өзімнен үлкен дауға (Шашубай). Би екеу болса, дау төртеу болады... (Абай);

дау-дабыру-шулы жанжал. Бұл жын ойнақ, дау-дабыры мол енді, Түні бойы, таң атқанша әл енді: Бандиттермен қағып тастап спиртті, Сайқалдарға сықпыртатын өлеңді (А. Пушкин).

дау-дамайталап-тілек, дау-шар, айтыс-тартыс, дау-жанжал. Теріс кетті күйеу бала танбаймын деп, Тайсалды мынауыңды алмаймын деп. Жаздырып талақ хатты тағы берді, Басыңды дау-дамайға салмаймын деп (Үмбетәлі). Талай құдалықтың, дау-дамайдың айтысына түсіп, көбіне жеңіп шығатын, «айыр көмей, жез таңдай» емес пе Нұртаза? (С. Мұқанов);

дау-дамайсызталас-тартыссыз. Осы сен-ақ дау-дамайсыз жүрмейді екенсің (3. Шашкин). Корнейчук махаббаттың үшкілін өзінше шешті, дау-дамайсыз шешті («Қ. Ә.»);

даусызталассыз, сөзсіз. Даусыздың көңілі — жай, Жаусыздың елі — бай (мақал). Егер жағдай болса, бұл бала даусыз адам болайын деп тұр (С. Мұқанов). Социалистік бақытты өмір — даусыз жақсы іс (И. Сталин). Жұрт пікірі бір арнаға құйылып, ауыл мектебіне өзгеріс енгізу керек деген ой даусыз ақиқатқа айналды (М. Иманжанов);

даусыздықтатулық. Даусыздық — береке, Жаусыздық — мереке (мақал).

даушаржанжал, айтыс-тартыс. Даушар, тартыс көбінесе ел жуандарының баққұмарлығынан, шен-шекпенге, кісілікке таласуынан туатын. Би-болыстар мен қожа-молдаларды, қажыларды Әріп осы тұрғыдан өлтіре сынайды (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Туысқанды, құрдастықты асыра, Алалықты араңдағы жой, қазақ! Азын-аулақ миың болса басыңда, Партия, штат, даушарыңды жой, қазақ! (Б. Ізтөлин);

даушыжанжалшы. Даушылар аттарын жетектеп, жаяу ерді (Т. Әлімқұлов). Төре әділ төрелігін білсін, даушы жеңер сөзін білсін (К. Әзірбаев);

дауласуқастасу, жауласу, айтысу. Екі мақұл дауласса - сөздері асқар Алатаудай болар, Бір тентек пен бір ақылды дауласса — атысқандай болар, Екі тентек дауласса — сап-саудай болар (мақал). Асық ұтыс сықылды алыс-беріс — Тірі жанның қызғаны бүгін тегіс. Бірі көйтке таласып, бірі арам қып, Төбелескен, дауласқан жанжал-керіс (Абай);

дауласушықастасушы, жауласушы, таласушы. Бекбай дауласушыларды біріне-бірін біржола жығып беру орнына «өгіз өлмес, арба сынбас» келісім айтады (Ә. Көшімов);

даулауталап ету, іздену. Атаның өспес ұлы өнбес дауды даулайды (мақал). Саған мен жауап беріп жата алмаймын, Танысаң бар ала бер сотпен даулап (Қ. Бекхожин). Кіші жүз Жарасбай елі Қыпшақ Ханкелді батырды өлтіріп, артынан құн даулап неше рет барса да, теңлік бермепті («Ш. С.»);

даулаушы талап етуші, дау қуушы. Мал даулаушы Бекболатты қайырудың ақылын да, билігін де Дүрімбайдың өзіне тапсырдым (С. Шарипов);

даулағышдаулауға құмар. Даулағыш болсаң, түгел даула (Ғ. Мүсірепов);

даулыбасы ашылмаған, талас-тартысты.— Қарау керек, Жәке,— деді, бұл — бұрын қаралмаған даулы мәселе (Ғ. Мұстафин).

دف (даффун) дапдаң, дабыл, қоңырауша, қол дабыл (қағып ойнайтын музыкалық аспап). Әл жетпей сұрауға да, «мынау не?!» деп, Жүгірді мекен жаққа олар бөлек. Дап пенен керней даусы үдеп кетті, Адамдай өртке күйген сұрап көмек (С. Мұқанов);

даф. Гиджак, танбур, най, уд, даф, тағы басқа музыка аспаптарынан құралған оркестр араб, фарсы, түрік, өзбек әндерін ойнай бастады (Айбек).

دفتر (дафтарун) дәптер1) түптелген қағаз; 2) жазуға арналған кітап. Онегинім ашып шкаф: Тапты расход бір дәптерін, Бірінен мол ішімдікті, Алма сулы көп шөлмекті... (А. Пушкин). Оқуға жиһат қылған жігіттерге Азғантай мен жазайын ақыл дәптер. Ұмытар жақсылығын ерден көрген, Әрқашан жаман жолдас бастан аттар... Құл болмас, құны кетпес кішіліктен. Білімді терең ойлап, сөзін саптар (Ақан сері).

دفع (дафун) дәфғ1) итеру, лақтыру; 2) тойтару (шабуылды) 3) қарсылық (бір нәрсеге); 4) айдап, қуып шығу; 5) төлеу, тапсыру. Сонан соң ғана... өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфәғат дафғы муззаратларны айырмақлық секілді ғылым, білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады (Абай).

دفن (дафнун) дәфін1) көму; 2) жерлеу, қабірлеу; 3) жасыру, жасырыну, тығу, тығылу. Сүйекті фатиха оқып, дәфін қылды, Құдайға зар еңіреп болды мұңды. Фатиха дұға оқып рухтарына, Ес көріп құр сүйекті бір ай тұрды («Ғашық-наме»).

دقة (диққатун) диққат1) дәлдік, анықтық; 2) ұқыптылық, ықыластылық, зерделілік; 3) жинақтылық, мұқияттылық; 4) шеберлік, нәзіктік; 5) ауыс. көңілге ауыр алушылық;

дықтанғыш өкпелегіш, зәбірленгіш («Қ. Т. О. С.»);

дықтануөкпелеу, көңілге алу. Амал не, болмаған екен, — деп шалдықтанып орнынан тұрды (Б. Тілегенов);

дықтыөкпелі, кекті, зілді. Достымның дәулетін бұл күнде-ау деп, Зәрдәшті жау санап, болды дықты ұрмағамбет);

дықсыз өкпесіз, кексіз, зілсіз. Әжем: Кет, кет қазанға түсіп өлесің, — деп дықсыз ұрыса бастайды (Ө. Қанахин).— Ау, енді қойсаңшы, — деп ренішсіз, дықсыз ақырын ғана ескертті (Ә. Нұрпейісов);

дықшылөкпешіл, кекшіл. Жетім бала — дықшыл (мақал). Бұл ойымды Арманға айтуға батпадым. Жетім көңіл дықшыл, өкпелетіп алармын дедім (Н. Сералиев).

دقيقة (дақйқатун) дақиқ1) минут (сағаттың, градустың алпыстан бірі); 2) кішкентай бөлшек; физ. молекула; 3) шеберлік, жіңішкелік, нәзіктік; 4) ауыс. лезде, кірпік қаққанша. Әрбір дәрежеде 60 дақиқ (А. Машанов).

دكان (дукканун) І. дүкенсаудахана, магазин (сауда жасайтын орын). Гүлсара бізді Горький көшесіндегі екі қабат дүкенге алып келді (М. Иманжанов). Сатып алуға ақшаң жоқ, шық дүкеннен, - деп айдап шығады (X. Есенжанов). Дүкен қылуға қызыл қыштан салған үлкен үй (С. Сейфуллин);

II. дүкенұстахана (ұста жұмыс істейтін орын). Балтабек ұста дүкеніне барып келем деп, Амантайдан аз уақытқа рұқсат алды (С. Мұқанов). Мыс бақырды сындырды талқан қылып, Көмірге салды мысты дүкен құрып (Абай). Дүкеннің ұстасы дұрыс болса, Өнерін үйренуге болар ма екен? (Ешнияз);

III. дүкенқызық ойын, сауық, әңгіме құру. Бақытты өмір кезінде, Бар әлемге теңі жоқ. Бақытты бала туады. Бала мен егіз ұлы боп, Колхозданған ауылда, Жақсы жыр дүкен құрады (Жамбыл). Сылқымдық Сарыарқада қылып жүрдің, Сыртыңа шығара алмай тынып жүрдің. Жауқазындай жайнаған қыздарменен Ойын-сауық дүкенін құрып жүрдім (Күдері қожа);

дүкенсымақдүкен тәрізді. Дүкенсымақтың оң жақтағы қара көлеңке бұрышында шаң басып жатқан он шақты кітапқа көзім түсті (Ө. Қанахин).

дүкенші 1) дүкен ұстаушы; 2) дүкенде товар сатушы. Дүкенші шаңнан жиренбес (мақал). Сыдық деген дүкенші «маған жалдан» деп, тас кенедей жабыса кетті . Әбдіқадыров). Мына бір бәле тағы қайдан душар болған? — деді дүкенші тақтай дүкенін ашып жатып (Ғ. Мүсірепов);

дүкеншілікұсташылық. Ғинаят біздің үйде екі күн қатарынан дүкеншілік құрды . Молдағалиев);

автодүкенжылжымалы дүкен. Шабындықтардағы еңбеккерлерге автодүкен қызмет көрсетіп жүр («С. Қ.»).

دل (далла.) дәл1) көрсету (бір нәрсені); 2) куә болу (бір нәрсеге); 3) сілтеу (бір жаққа); 4) ауыс. нақ, тура, сәйкес, нағыз. Көп айтса, дәл айтады (мақал). О, Жамбыл, бүгін болар ұрын тойың, Ертеңгі күн болады дәл шын тойын (Құлмамбет). Жылында мың сегіз жүз дәл жетпіс бір Француз бейнетқоры көрсетті қыр. Ол жылы мақсатына жетпеген соң, Жұмыскер көңілінде байланды кір (Әріп);

дәлдетутура келтірту. Екі адам келе жатыр бөкеңдетіп, Отырғандар қарайды аң-таң етіп. Қырағы Бексұлтан жас көзел еді, Таныды көк бедеуді ол дәлдетіп Қ. Ә.»);

дәлдестірутураластыру. Сұлтанмахмұт шаңырақ бауды бақанға қоса қосып тартып, бақанды жерге тіремей, уық ұзындығына дәлдестіре биік көтеріп тұр (Д. Әбілев);

дәлдеңкіреутуралаңқырау. Қыз белбеуді дәлдеңкіреп ұстап, пәрменімен тартып өтті (Б. Майлин);

дәлдеу туралау, дұрыстау, сәйкестендіру, көздеу. Ертеңгі жолығар уақытын дәлдеу сияқты оймен ол бір такси алып, аэропортқа тартты (С. Бегалин);

дәлдітура, анық, нақ. Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын Абай дәлді білмейді (М. Әуезов). Онда қандай дәлді адрес болады (Ж. Жұмақанов);

дәлдіктуралық, дұрыстық. Қашаған ұстау, асау үйрету әркімнің қолынан келе бермейді. Оған қайрат, шапшаңдық, дәлдік бірден керек (Ғ. Мұстафин);

дәлділіктуралылық, дұрыстылық, тапбасушылық. Дәлділік жағынан Тайырдың кейбір аудармаларында біраз кемшіліктер болғанмен, поэзиялық рухын сақтауда көрнекті жері бар (С. Мұқанов);

дәлшілтурашыл, шыншыл. Өте нақтылы, шыншыл, дәлшіл үлгіні көрсететін реалистік шеберлікпен толық шыққан көркем шығарма болады (М. Әуезов);

дәлме-дәлтұп-тура, анық, дұрыс. Ұлы ақынымыз Абайдың өмірбаяны мен ол туралы жазылған Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының кейбір жайттары ақынның тарихи өмір ісімен дәлме-дәл келетінін көреміз (Қ. Жұмалиев);

дәлірек. Осыдан үш-төрт жыл бұрын жиен апасы Балқияның, дәлірек айтқанда, жездесі Тайжанның үйінде болғанда тұлымы желбіреген жас қыз еді (Т. Әлімқұлов);

دلال (даллалун) делдал1) жаршы, хабаршы; 2) делдал (сатушы мен алушының арасында жүретін адам); аукционер (жарыс саудашы); 3) ауыс. жеңгетай... Жете алмай осы жаққа өміріне, Таусылған талай адам болып делдал (І. Жансүгіров). Өмірінде әлі күнге қайын сіңлісі мен өзге жігіттің арасында делдал болып көрмеген-ді (М. Әуезов);

делдалдықделдал кәсібімен шұғылданушылық. Онда мал алады, тері саудалайды, астық өткізеді, — әйтеуір, базарда екі өкпесін аузына тістеп, делдалдық қылады (I. Жансүгіров). Делдалдықта осылай жүре берсем, алтынды әкеп бергенім үшін сізден бес, он сом аламын,— дейді Жаппаров (К. Тоқаев);

делдалшы. Жаппаров делдалшы Самат трамвайға отырған екен деп, екінші машинаны ұстап мініп, трамвайдың соңынан еріп отырды (К. Тоқаев).

دلالة (далалатун) дәлелет1) көрсету, жол көрсету, басшылық, нұсқау; 2) дәлелдік; 3) белгі. Ақылым артық емес екеуіңнен, Тілектес, қате болмас, еткенімнен. Айтамын мұсылмандық дәлелетін, Күшім жоқ ұстап тұрар етегіңнен (Мансұр). Дәлелет ғылымы — екі түрлі (А. Машанов);

дәләлат. Орынсыз үйе берме, ол да адам, Басына бар бәлеңді мәламаттап... «Себеппен ауызға ұрып былғаса да, Залалсыз», - дейсің оны дәләлаттан (Таубайдың Жүсібі). Таманнан бір ауыз сөз жұмбақ келді, Шырағым, шешуіне бер дәләлат (Даңмұрын);

дәлелат. Шайқыны алып патша хұзырына: — Етпедің әміріңді, бар дәлелат! Бармадың, мен айтқанда үшке дейін, Көңілге түскен, шайқым, қай қиялат? (Қаңлы Жүсіп).

دلدول (дүлдүлун) дүлдүл1) жайра; 2) діни. аңыздағы өте жүйрік тұлпардың аты; 3) ауыс. шешен. Ақыл — дария, көңіл — дүлдүл (мақал). Менің атым сұрасаң Ақан серің, Қазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім, Дүниеде оған жетер ат бар ма еді, Өлді ғой, мен қайтейін, Құлагерім (Ақан сері). Ту ұстап, дүлдүл мініп, топты бастап, Елге жол, өмірді алға кім нұсқаған. Ол — батыр, халық ұлы Аманкелді, Бастаған тар күндерде қалың елді (О. Шипин);

дүлдүлдейпырақтай, талмайтын жүйріктей. Дүлдүлдей қызыл тілім сөйлер шағың, Тарықпай тауып сөйлер сөздің табын (Нұрила). Пай-пай, әзірет Әлінің дүлдүліндей-ақ бар екен. Көсілтер ме едім,— дейді біреуі (Ғ. Мүсірепов).

دلو (далуун) далу1) шелек, қауға; 2) астр. Су құюшының шоқжұлдызы; 3) күн жылнаманың он бірінші айына сәйкес келетін январь айының аты (22 январь 21 февраль). Далу — араб сөзі, оны аударса, мағынасы Сушы немесе Қауға-Көнек, болмаса шығыр мағынасына келеді (А. Машанов). Жердің мынау - әлі қара жатқаны. Бұл қар далуде де түсе қоймас (X. Есенжанов).

دليل (далйлун) дәлел1) ыспат, айғақ, жақтау; 2) таңба, белгі; 3) бетпе-бет мойындасу. Сөзім сол мейлің жандыр, мейлің өлтір, Қисық десең, қанеки, дәлел келтір (С. Торайғыров). Тапжылтпай табар мұны толымды ерлер, Көңілге дәлелімен орнайтұғын. Бұл түйін, түбі қымбат шыққан дүрден, Шешуін жүйріктерге жолдайтұғын (Ермұрат);

дәлелдемеыспаттама, анықтама. Дегенмен, осында айтылған кейбір мәселелерге дәлелдеме жетпейді (Р. Бердібаев);

дәлелдеңкіреудәлелдей түсу. Мен Сізден сол тілектерді толық мойындайтынымды дәлелдеңкіреп айтуға рұқсат сұрадым,— деді Ахметше езу тартып (X. Есенжанов);

дәлелдену1) ыспаттану, анықталу; 2) мойындалу. Қаншама дәлелденіп, сараланғанымен ол жөніндегі пікірлерде шек жоқ (А. Егеубаев);

дәлелдеуыспаттау, сипаттау, фактімен анықтау. Сессияда мен қалай дәлелдеуім керек, осыны сіз маған жүйелеп берсеңіз екен (М. Иманжанов). Бүгінгі таң — Көркемтайдың ақтық таңы екендігін, бүгінгі күн — ақтық өмірінің тиянағы екендігін, оның қасындағы өлімтігін аңдып отырған жолдастары дәлелдейді (С. Дөнентаев);

дәлелдіыспатты, айғақты. Көп сөзіңнің ішінде, Бір дәлелді шының жоқ, Есігің бар, төрің жоқ, Алысып әлің келе алмас, Ылдиың кеткен, өрің жоқ (Досмағамбет). Сөзің дәлелді, олай болса енді тұра бер, саған зияны тимес («М. Б. Т.»);

дәлелділікыспаттылық, айғақтылық. Оқиғаға іріктеу мен қаһармандардың әрбір әрекетіне дәлелділік табуға автордың жете мән бермейтіні байқалады (Р. Бердібаев);

дәлелсіздәлелі жоқ. Дәлелсіз сөз — ескен жел дағы (Ғ. Мұстафин).— Былтыр тоғыз десе егін салған болсаңыз, биыл он десе салуға тиіссіз. Салмаймын дегеніңіз дәлелсіз (Б. Майлин);

дәлелсіздеудәлелі жоқтау. Түсініксіздеу және дәлелсіздеу көрінетін эпизодтың сырына кейінірек қанығамыз (Р. Бердібаев);

дәлелсіздікдәлелі жоқтық. Есепте көптеген дәлелсіздік бар екен («Балдырған»);

дәлелсымақдәлелге ұқсас бірдеңе. Батыс Германия үкіметінің басшылары... фашистік әскери қылмыстыларды сотқа тартуды тоқтатып, оларды жазадан арашалап алмақшы. Сондағы бар дәлелсымағы — қылмыс жасалғанға ұзақ уақыт өтті деген былшыл Қ. Ә.»).

دماغ (димағун) димға1) ми; 2) бас. Шешерсің шебер болсаң орныменен, Тағы да үй басына салып димға. Байқатып ескі, жаңа ордасынан, Қол қойған — молда Ермұрат аяғында (Ермұрат);

دنيا (дунйа) I дүниежарық, бүкіл әлем, бүкіл жер жүзі. Адам - дүниенің көркі (мақал). Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда (мақал). Дүние — түпсіз теңіз, көңіл тоймас, Кешсе де кеме жүзіп, бұзып, қырып. «Кімде-кім тойса да өзі, көзі тоймас», Келеді өткендерден нақыл қалып (Кете Жүсіп). Сен жоқ болсаң, қарағым, Дүниежүзі маған көр (С. Торайғыров);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет