қалат. Қолына шелек алып, үстіне ақ қалат киіп, ән салған қыздардың даусынан биік шырқап, бұның үні жүретін (М Айтаев);
халат — бір нәрсенің үстінен киетін кең, ұзын киім (медициналық халат, үй халаты, жұмыс халаты). Үстіме медициналық сестраның қатырма жағалы ақ халатын кием («Т. С.»). Ақ халатты, аузына дәке байлаған, бөксесі жуандық, кеудесі жіңішке келіншек тық-тық етіп, қасыма жетіп келді (М. Сатыбалдиев);
халғат. Зылиха Жүсіппенен көп жыл тұрды, Екеуі патша болып дәурен сүрді. Он екі ұғлан туды екеуінен, Үлкен ұлы Мысалымға халғат берді («Ғашық-наме»);
халатты — халаты бар, халат киген. Ақ халатты абзал жан бірнеше рет медальдармен және құрмет грамоталармен наградталды (Қ. Түктібаев). Бірі ақ халатты, орта бойлы жас жігіт (А. Смаилов);
خلف (халафун)халаф — 1) мирасқор, ізін басушы, жолын қуушы; 2) ұрпақ, нәсіл, жас ұрпақ, әулет, жұрт; 3) төлеу, орнын толтыру (жоғалған заттың).
خلف (хулафун)халиф — 1) келіспеушілік, келісімсіздік; алауыздық; 2) айырмашылық; 3) алдамшы үміт. Халиф сөз айтпаңыз,— деп бүгелек соққан жылқыша басын кекшең еткізді Мұқаш молда (А. Сейдімбеков).
خلفة (халфатун)халифе — 1)ұстаның шәкірті; 2) тарих. медреселердегі аға шәкірт, молдалардың көмекшісі; 3) діни. діннің жолына түскен, ишанның шәкірті, діни жетекші, оған берілетін атақ. Жылап егілуі, бір сәтте, медресе, дін халифелері айтуы бойынша — айыптылардың күнәсына өтетін сияқты, соның кешірімін тілеген сияқты жалбарынудан жаси ма деп еді. Бірақ одан тез түңіліп кетті (М. Әуезов). Медреседе жүргенде: «Көшедегі қазіретті көрсең, осылайша тағзим ету керек» деп, - халифелер үйретуші еді (М. Әуезов).
қалпе. Қала ішіндегі молда, қалпе атаулы, ел ішіндегі атқамінер, қарт-қария атаулы мешіт салғаны үшін Құнанбайды шынымен көп дәріптейтін (М. Әуезов). Біздің қазір уақытымыз жоқ, қалпе! — дедім (С. Сейфуллин). Биік тұғырға жайғасқан Аббас шайхының жанында малдасын құрып, Илияс қалпе отыр («Т. С»).
خلق (халқун) халық — 1)жаратылу, жасалу; 2) халық, адамдар, жұрт; 3) мақұлық. Адам ақылымен көрікті, Ер халқымен даңқты (мақал). «Халық айтса қате айтпайды» деген сөзбен, Танысқалы жазамын естіп жұрттан (С. Торайғыров). Халықтың енді жетілгені, Құрыштың білінбейді кетілгені. Аталып Қазақстан ел боп туып, Үй тігіп ірге қалап бекінгені (Жамбыл);
халықаралық — халықтар мен елдердің өзара байланысы, соларға тән қасиеттер. Американ крейсерінің Сайгонға келуі — Үнді-Қытай жөніндегі Женева келісімін өрескел бұзғандық, ашық арандатушылық және халықаралық шиеленісті күшейткендік болып табылады (ТАСС). Сақтың жауынгерлік ерлігімен қабат ертегі-аңыздары да халықаралық көлемде көп тарады (М. Ақынжанов);
халықтану — халық туралы жазу; халықтың құрамын, санын, өсуін зерттейтін санақ ғылымының бөлімі. Мақаш Тәтімовтың «Демография — халықтану» (1975 жыл) атты жаңа кітабы баға жетпес көмек көрсетеді дей аламыз (Б. Қойшыбаев);
халықтық — халыққа тән қасиеттер. Сынның басты қасиеті — принципиалдық, партиялық, халықтық идея жолында қажымас күрескер болу (Т. Нұртазин). Тілді халық жасайды. Тілдің әдебиеттік және халықтық болып бөлінуінен — бізде, айталық, «шикі» тіл және шеберлер өңдеген тіл бар деген мағына туады (М. Горький);
халықшыл — 1)халықшы, халықты жақтаушы, 2) саяс. халықшылдық ағымның жолын ұстаған адам. Ондай кезде турашыл, халықшыл ақындардың болыс, ұлықтардан таяқ жеп, айып төлеп, жазаға ұшырап жүретіні де көп болған (М. Әуезов). Халықшылдар жұмысшы табының жетекші рөлін жоққа шығарып, шаруа общинасын құруды көксеген («Қ. Т. Т. С.»);
халықшылдық — 1)халықты жақтаушылық; 2) халықшылдық. Халықшылдық — XIX ғасырдың екінші жартысында Россиядағы ұсақ-буржуазияшыл интеллигенцияның тарапынан болған, марксизмге жау қозғалыс («Қ Т. Т. С.»). Құлмамбет ақынды да Жамбыл жеңгенде арманы зор, алысты көретін касиетті адамгершілікпен, зор халықшылдық қасиетпен жеңеді (М. Әуезов);
жалпыхалық — барлық жұрт, жалпы көпшілік. Жалпыхалық Мемлекеті — Менікі — деп жалпақ. Әлемге жар саламыз біз бүгін (X. Ерғалиев);
жалпыхалықтық — барлық жұртқа, бұқара, көпшілікке бірдей. Сондықтан да ол қоғамға бірдей, қоғамның барлық мүшелеріне ортақ жалпыхалықтық тіл ретінде жасалған (И. Сталин). Бүгінгі мәдениетті адамды оның бір ғана интеллектуалдығымен, қанша кітап алып, қанша кино көргендігімен емес, қоғамдық өмірдегі өнегелі, белсенді тәлімімен, жалпыхалықтық, ұлттық ой-парасатының қаншалықты деңгейге көтерілгендігімен өлшеу керек (Қ. Ахметов).
خلق (хулқун)құлық — 1)мінез, табиғат; 2) көңіл, көңілді күй; 3) ашу, ыза, қаһар; 4) ауыс. әдеп, үлгі, өнеге, жүріс-тұрыс; 5) ауыс. пейіл, ниет. жігіттің жақсы-жаман мінез, құлқы — салынған сара тілік ен секілді (Тұрмағамбет). Айрылдым қапелімде адамдықтан, Білмедім тапқанымды не құлықтан(Кете Жүсіп);
хұлық. Жә, олай хұлықпенен сол ойды ойлаған кісі халлақыны, шүкірді неге ойламайсың? (Абай);
құлықты — тәрбиелі, өнегелі, инабатты, мінезді («Қ. Т. О. С.»);
хулықты. Біз дағы әйелдерімізді солардай әдепті хулықты, таза қылып ұстаймыз деп еліктейміз (С. Дөнентаев);
қулықсыз — көңілсіз, пейілсіз, ықлассыз. Біз қолқалап сұрай берген соң, өзінің мүгедек болып қалғанын құлықсыз әңгімелеп берді (Ә. Дүйсенбиев).
خلوة (халуатун)қылует — 1)жалғыздық; 2) құпия орын, оңаша тұруға арналған бөлім. Түркістан қаласында қылует болған. Бүгінде оған кіруге тыйым салынған. Революцияға дейін сол жер астында; қылуетте діндар кісілер белгілі мерзім ішінде құдайға құлшылық етіп шығатын. Діни аңызда Қожа Ахмет Яссауи пайғамбар жасына (63-ке) келгеннен кейін, қалған өмірін қылуетте (жер астындағы жасанды үңгірде) өткізіп, «Хикмет» сияқты барлық шығармаларын сонда жазыпты-мыс. Қолдың саласындай көшелер: ондағы сәнді сарай, медрессе, гүртхана, құшхана, кешен, мешіт, керуен сарай, ауыз, қылует — күллісі көз алдынан қалқып өткенде керуеншілер таңдай қағып, «аһ» ұрысты (Д. Досжанов).
خليفة (халйфатун) халифа – 1)мирасқор; 2) орнын басушы; 3) тарих. халифа (Мұхаммедтің мирасқоры, орнын басқан, мұсылмандардың діни және өкімет билігін басқарған әкім атағы). Мансұр халифа астана байтақты салудың сәтті уақытын табудың тағдырнама — талихнамасын (гороскопын) жасауға бұйрық берді (А. Машанов). Сол Масғұт халифаға уәзір бопты, Тарқатыпты алдынан көп пен топты. Бағанағы қыдыр шал бір уақытта, Түсінде аян беріп жолығыпты (Абай);
қалипа. Қуанай қазірет:— Тәйт!... Бөркіңді неге кимейсің?!... Қарашы, шашын жалбыратып отырғанын!... Сендерді біз «қалипаның» орнында дейміз!... Әр намаздың соңынан бата қыламыз!... Сендер сүйтесіңдер... Киіп отыр бөркіңді! — деді (С Сейфуллин). Бір сөгіс тағы да бар таңырқарлық. Дәлелің Арон Рашит патшадай-ақ... Періште бала сурет кірді есіктен, Қамыс ат бел ортадан сынығырақ. Сол жерде, сен айтқандай, айтқаны рас, Сөккен жоқ қалипаны бала, бірақ (Ерімбет);
халиф. Бір күні Темір Қожадан: «Қожа, өзің білесің, ертедегі халифтердің бәрінің лақап аты болған... Алда-жалда мен халиф болсам, лақап атым кім болар еді», — деп сұрайды («Қож. Ә.»). Мұхаммед Юсуф Мұса «Әбу-Әли ибн-Сина философиясындағы әлеуметтік, саяси ағымдар» деген кітабында: «Егер халиф пен хакім күнәға белшесінен батып, жұртқа қиянат істей бастаса, онда былайғы халық көтерілісшілерге қол ұшын бергені дұрыс», — деп жазды (Г. Брагинский);
халифалық — 1)халифа қызметі; 2) патшалық (халифаттық). Халифалық құрушы Араб елінің екі күшті руы Умия — Ашым болып мансапқа таласқан (А. Машанов). Мұхаммед өлгеннен кейін қанаушы таптың әр түрлі топтары халифалыққа өз адамдарын өткізу үшін неше түрлі айла-тәсіл қолданды, әскери күш те жұмсады (X. Ақназаров).
خمر (хамрун)хамір — шарап (арақ), есірткіш. Бір іс қой әуелден-ақ ел салтында, Орыс, неміс болса да қай халқың да. Пайда деп тән саулыққа ішетұғын, Миуадан тартқан хамір ас артында (Абай);
құмыра — 1) шарап ішетін қыш ыдыс; 2) әйнектен, металдан, күйдірген балшықтан жасалған үлкен ыдыс. Мұржа орнына қойылған түбі түскен құмыра болатын (Садықбеков). Поповтың алдында алтын жалатқан іші жез құмыра тұр (А. Машанов);
خمسة (хамсатун)хамса — бес, бесеу, «Хамса» — орта ғасырдағы әлемге белгілі шығыс ақындары — Низамидің, Хосровтың (Хосраудың), Науаидің бес дастандық шығармаларының аттары. Жә, олай болса, адамды жаратушы хауаси хамса заһри бергенде, тахқиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі әшкере тұр ғой (Абай). Науаи өзіне дейін өз халқының ешбір ақыны үдесінен шыға алмаған бір міндетті орындауды — ақындық тауының биік шыңына шығуды арман ететін. Бұл арман — өзінің ана тілінде «хамса» жасау болатын (Айбек).
خمير (хамйрун)қамыр — ұннан иленген, ашытқы қосқан шикі нан. Құрт шаншып, қамыр іліп, біздің Ақпар қармақ салды (М. Әлімбаев). Құлмұрат... тегешке уыс ұн салып, қамыр илей бастады (С. Айни). Бұ Адам үйіне келсе, анасы қамыр илеп жатыр екен («Бұ Адам»). Обалым саған болмай ма, Өзімді еркін билейсің. Нәпсі Әмір екеуің Жас қамырдай илейсің (Әріп);
خوف (хауфун)қауіп — 1) үрей, қорқыныш; 2) қауіптену. Қауіп бар жерде — қатер бар (мақал). Қойнына қараңғылық енген барып, Жағалай айналаңның бәрі қауіп(С. Торайғыров). Жер жүзін жеті қабат зұлмат басып, Жол таппай жүдеді жұрт таң жоғынан. «Болар,— деп,— заман қалай?» — қауіп етемін, Бұл үшін ешбіреуде қам жоғынан (Тұрмағамбет);
қауып. Жақынның сөзі тәтті деп, Жақыным айтты дей көрме. Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге ерме, Сізге айтамын, қаупым — бұл (Абай). Алтайдың айыр кезең асуы бар, Бет алып Ертіске жол басуы бар. Бір қауып енді Ақбұлақ, соған келдік Күн жауса, өткізбейтін тасуы бар. («Арқалық батыр»);
хауып. Жан ашырын сырласар жаңа тауып, Тұрған шақта төбеден төнді хауып. Кең қоныстай кемелге келіп ашқан, Асыл ойдың есігін кетті жауып (А. Тоқмағамбетов). Осы әдіспен сақтайық басымызды, Бұл хауыптен осылай аман өтсек («Ә. X. Д»);
хауыф. Қарауылдың біліп хауыфта қалғанын, Қарулы әскер ұстауға болды арманым! — деді Жәңгір (I. Жансүгіров);
хауіп. Малы бардың хаупі бар (мақал). Көлді айнала жылтылдаған оттар... ақтардыкі екенін Ботакөз біледі, сондықтан оған ертеңгі күннің хаупі елестеді (С. Мұқанов).— Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егінге түсіп кетіп жүрмесін,— деген хаупін жақсы аңғарғандай болды (М. Әуезов);
қауыптандыру. Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір, Сүйтсе де ірісімен кеңесіп жүр. Кейбірін қауыптандыр мінін тауып, Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір (Абай);
қауыптану. Жақындамай жерге тым, Қауыптана келеді, Жалғызынан жер бетін Жауып қана келеді (Қ. Салықов);
қауіптену — күдіктену, қатерлену, қорқу. Бақшамыздың кілті берік Саған келмес сырттан дұшпан. Солдыра алмас аяз соғып, Қауіптенбе қатал қыстан (Қ. Аманжолов). Көрсем егер ер жеткенін баланың, Әлденеден қауіптеніп қаламын. Қауіптенер не бар мұнда, білмеймін (Р. Ғамзатов);
хауіптену. Көмбеде Құлагерге тағы барды, Шықты да алды-артына көзін салды:— Арқаның албастысы бұл шығар,— деп, Ішінен Құлагерден хауіптенді (І. Жансүгіров). Елер ме Түлек одан хауіптеніп, Найзасын толғаттырмай қалды періп... (С. Бегалин);
қауыпты. Ең қауыпты жер осы (Ә. Әбішев). Дәл осындай түндерде, Қауыпты қилы күндерде (Н. Баймұратов);
қауіпті — қорқынышты, қатерлі, күдікті. Жұмысшылардан алауыздықты жасыруға болмайды, бұл зиянды, қауіпті, кісі күлерлік нәрсе (В. И. Ленин). Ақтығымды біледі сол көкірек, Сол законға билеткен біздің жүрек. Алла берген қауіпті осы сырым Көрге бірге өзіммен барса керек (Абай);
хауіпті. Шаң, топырақтардың арасында көптеген хауіпті микробтар болады Жау окопынан екі қызыл ракета атылып, бізді нұсқағандай аспанға шықты. Бұл бір хауіпті халдың хабары еді (Ғ. Мүсірепов). Жаңа қанжардан да хауіпті қару, өйткені оның салған жарасы жазылмайды (Г. Филдинг);
қауіптілік — қорқыныштылық, қатерлілік, күдіктілік. Бұл кеселдің күші де, қауіптілігі де осында (I. Есенберлин);
қауіп-қатер — қауіптің, қорқыныштың, қатердің барлығын күшейтіп тұрған қос сөз. Тіл-сұқтан, қауіп-қатер қағыс қыл деп, Қол жайып мен тұрайын бұл жағынан (С. Торайғыров). Қауіп-қатермен отырып жеген нығмет Бойға жұқпай, ас болмай, обып кетер. Қасық асым, қайғысыз басым деген Бұрынғының сөздері болмас бекер (Мақыш);
қауып-қатер. Ұрыс кезінде Василий алғы шепте ауыртпалық пен қауып-қатерді солдаттармен бірдей көтерді (Т. Ахтанов);
хауып-қатер. Ұйқы қайда таудың мұндай түнінде, Хауып-қатер жатқанда ойдың түбінде (А. Тоқмағамбетов);
хауіп-қатер. Қылуға хауіп-қатер бала мұнан, Аман ғой ақ көңілдің арамынан. Бөріні бөрік астынан білмей қалды, Ойнақтап өте берді жау алдынан (І. Жансүгіров). Нағыз марксшіл сыншы әдеби өмірде кездесетін ұсақ-түйек хауіп-қатерден именбей, нағыз шындық жолында жауынгер солдат болуға тиіс емес пе? («Қ. Ә.»).
қауіп-қатерлі — қорқынышты. Сірә, оның шашындағы алғашқы ақ қылаулар да сол бір қиын-қыстау, қауіп-қатерлі күндерде түскен болар... (Қ. Қайсенов);
хауіп-қатерлі. Өзге озық ұлттардан, алыс-жақын жұрттардан жандарын шүберекке түйіп, нелер саяхатшы жиһанкездер дүниежүзінің хауіп-қатерлі түкпір-түкпірлерін аралағанда, өз жері де саяхаттың бел- белесі болған өжет Шоқанның осындай оңтайлы келгенде өзгелермен бәсекеге түспей қалуы өмірі естен кетпес өкініш емес пе? (Ж. Бектұров);
қауыпсыз. Мұндайды ертерек машинаның үстіндегі кісінің өлгеніне де қарамай, қашан бір қауыпсыз жерге жеткенше айдап жүре беруші еді (Ә. Әбішев). Егер біздің осы өкінішіміз,— деді пристав,— ескерілмесе, онда біз өзімізге сеніп тапсырылған қызметімізді қауыпсыз атқара алмаймыз (Ш. Мұртазаев);
қауіпсіз — қорқынышсыз, қатерсіз. Қауіпсіз болу үшін камеронды тағы темір арқанмен тартып, қыр үстінен бекітіп тастаймыз (Ғ. Мұстафин). Суы ащы бұл теңіздің іші жайын, Толқыны төңкерілген барған сайын. Қауіпсіз балық аулап пайдаланар, Сенімді кеме болса кімде дайын (Әріп);
хауіпсіз. Мұнда ату хауіпсіз, төңіректе жан жоқ (Б. Момышұлы). Хауіпсіз жағаға — көл-көсір тұз, иен далаға қашып шыққысы келіп, жанталасып бағады-ақ (Ә. Кекілбаев);
қауіпсіздендіру — хауіптен сақтау («Қ. Т. О. С»);
хауіпсіздендіру. Хауіпсіздендіру кассасы — азаматтардың мал-мүлкін және жеке басын кездейсоқ апаттан сақтау үшін жиналған қаражатты күн ілгері жинастырып отыратын мемлекет мекемесі («Қ. Т. Т. С.»). Еңбек адамдарының жұмыс үстінде өмірін хауіпсіздендіру шарасы қолданылсын (Ә. Сәрсенбаев);
қауіпсіздену — сақтану, қорғану («Қ. Т. О. С.»);
қауіпсіздеу — жайбарақаттау. Рединді алдағы қауіпті шептен ту сыртымыздағы қауіпсіздеу жерге ауыстырғым келді,— дедім мен (Б. Момышұлы);
қауіпсіздік — қауіп-қатерден сақтандырушылық. Халықтық демократия елдері халықаралық қатынастар саласында Совет Одағымен қол ұстасып, бейбітшілік пен халықтардың қауіпсіздігі ісін батыл қорғап келеді («С. Қ.»). Қауіпсіздік советі — Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы халықаралық мәселелерді талқылайтын ұйым («Қ. Т. Т. С.»);
хауіпсіздік. Жаппай және толық қарусыздандыру барлық мемлекеттерді бірдей жағдайға келтіреді, ол бірде-бір елге зиянын тигізбейді, қайта барлық халықтардың хауіпсіздігін қамтамасыз етеді («СССР Жоғарғы Советінің үндеуі»). Хауіпсіздік комитеті — Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы тұрақты комитеттерінің бірі («Қ. Т. Т. С.»);
қауіпсіну — қауіптену, күдіктену («Қ. Т. О. С.»);
хауіпсіну. Құламалы жарлардан, құздардан хауіпсінбей қарғып ытқыған ақ жалын бұлақтар асыр салып ағып жатыр («Қ. Ә.»).
خيال (хайалун)қиял — 1) елестету, елес, арман; 2) құрғақ қиял; 3) көлеңке, кескін, бейне. Қыран жетпеген жерге қиял жетеді (мақал). Қарасаң бұл уақытта кең далаға, Әр түрлі қиял келіп түсер еске (С. Торайғыров). Жұмбағың жұртқа жайған тиді қолға, Ойланып, қашты қиял әрбір жолға (Тұрмағамбет);
хиял. Үшбу хиял келсе басқа, Сен жүдер деп мен үшін. Болар еді қайнамасқа, Мыс қазандай сорлы ішім (Абай). Фархадтың тау-тасын уатқаны сияқты, Науаи пікірдің тау-тастарын уатып, өлең етіп қаластыра бастады. Хиял оны ертектер әлеміне алып ұшты (Айбек);
қиялат. Таманнан түбі терең келсе жұмбақ, Ағаның болған болса қиялатың, Қашаннан қадірданға лайық жол, Көрмекке іні жұмсап рақатын (Қаңлы Жүсіп). Жасыңнан халыққа мәжһүр болған атың, Шығарып түрлі кеңес қиялаттан(Таубайдың Жүсібі);
қиялдану — армандау, құрғақ ойға кету. Сонсоң қиялдана айға қарайтынмын,— деді (I. Есенберлин). Басын әнтек игені болмаса, денесі тік, ер қалпында қиялдануда(С. Дәуітов);
қиялдау — арман ету, құрғақ ойлау. Ол осы кеште осылайша қиялдап кетті (С. Бақбергенов). Автордың ойды қалай айтып, оқиғаны неден бастап, немен аяқтарын, характер дамытуды әлі де білмейтіндігін, роман жазуға дайындықсыздығын, жаңа образ жасауға қиялдау мүмкіндігінің тапшылығы... өмір шындығын көркем шындыққа айналдырудың творчестволық заңдылығын білмеуін көрсетеді (С. Әшімбаев);
қиялды — қиялшы, арманды. Ақан тілі — ақын тілі, отты сезім, ұшқыр ой, қиялды жан тілі («Қ. Ә. Т.»). Орағандай жиһанды Сарқыраған дабысы. Жөнелді алып қиялды, Жүйткіп, ұйтқып ағысы (С. Мәуленов);
қиялсыз — елессіз, армансыз. Өмірде туған жан жоқ, ой қиялсыз, Болсаң да малды, малсыз дүние арсыз (Күйкентай қыз);
қиялшыл — қиялды, арманшыл.— Ой, достым, сен өзің үлкен қиялшыл екенсің ғой,— деді Львович баланың талантты қиялына қызығып және қуана күліп (Журба). Жасымнан-ақ қиялшыл, ойшыл едім, Қарамай, ат-тоныма тойшыл едім (К. Әзірбаев);
қиялшылдық — қиялдылық, арманшылдық. Абай образында эпикалық кеңістік пен лирикалық нәзіктік, реалистік дәлдік пен романтикалық қиялшылдық ғажап түрде қиысып келген синтетикалық характерді көреміз (М. Қаратаев). Әдебиеттің есейген, кемеліне келген шағындағы образ қанатты қиялшылдықтангөрі, шынайы шыншылдықпен тығызырақ байланысты (3. Қабдолов);
қияли — 1)өмірде кездеспейтін керемет, адам айтқысыз қызық; 2) утопист (утопиялық социализмді жақтаушы). Ойланбақ жақсы іске, тіпті, салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені де болады (Абай). Мені қияли деңдер, фанатик деңдер, кім десеңдер о деңдер, бірақ мен өз айтқанымнан қайтпаймын,— деді Сәтбаев (М. Қаратаев);
хияли. Екіншісі, бұрынғы аян молда, надан қожа-ишандардың жолымен кетіп, атсаң оқ, айтсаң сөз өтпейтін, миларын шатыстырған хияли болады... (С. Торайғыров). Бұл — бұрын-соңды еш ел, еш жерде қолданылмаған, тек ертегілерде кездесетін ғажайып хияли нәрселер ғана өзі («Қ. Ә. Т.»);
ой-қиял. Қазақ халқының тағдыры туралы айта отырып, қазақ халқының өмірін суреттей отырып, Әуезовтің ой-қиялы адамзат табиғатының бүкіл мәнін сан-салалы ауқымда танып игерді (Ш. Айтматов).
خيانة (хйанатун)қиянат — опасыздық, арамзалық, залымдық. Салық жинағында қазақ старшиналары мен патша әкімшілігі өздерінің жағдайларын пайдаланып, қиянат істейтін болды («Қазақ ССР тарихы»). Қол — соқыр қайдағыны қармалайды, Ниеттеп әр нәрсені ұстамақтан. Көз — зиян, көргін ойлап, арғы түбін, Әр түрлі хабар берер қиянаттан(Шораяқтың Омары);