Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


Пима — қойдың күзем жүнінен, қозы жүнінен басылатын қыста киетін аяқ киім. Шұлық



бет45/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Пима — қойдың күзем жүнінен, қозы жүнінен басылатын қыста киетін аяқ киім.

Шұлық — түйе немесе қой жүнінен тоқылған.

Байпаққыстың суық, боран кезінде саптама етіктің ішінен киетін ақ киізден жасайтын байпақ. Алыс жолға шыққанда ат үстіңде, шанада отырғанда жиі киеді. Жасалу әдісі киіз етікке жақын, тек былғары салмай тігеді.

Шаш қою. Шаш қою – ата заманнан келе жатқан салт-дәстүр. Оның жасына, жынысына қарай ерекшеліктері бар. Бала есейінкіреп, төрт-бес жасқа келгенше шашын алмай қоя беріп кейін шаш алу («шаш қияр») тойын жасайды. Қазақтарда баланың шашын алу тойы өте жиі ұшырасатын тойлардың бірі. Ауыл адамдарын шақырып ас-су беріп, тілеу тілеп, соның ала баланың шашын үлкен ақсақалдардан бастап ала бастайды. Адамдар көп болғандықтан бір шөкім шаш қиып, ырымын жасап келесілерге жалғайды. Әрбір шаш алушы «Жасың ұзақ болсын!» - деп тілек айтып, ақша, басқадай дүниені бала қолына ұстатады. Шашқа байланыста басқа да ырымдар болады. Ол шаш қоюға қатысты. Қыз баласы жоқ адамдар ұл балаларына ұзын айдар шаш қойып, үлкейгенге дейін алмай жүреді. Сәндеп кекіл, тұлым, айдар қою да ауыл салтына сияды. Айдар ұлға, тұлым қызға қойылады.

Айдар (ғұрып) - адамның төбесіне қойылатын шаш. Егерде қаһарлы күш қуаттың белгісі тәрізді болған. Айдар қою – моңғол, қытай, маньчжур, қалмақ, украин, түрік т. б. халықтарға тән. Тұлымдысын тұл қылды,Айдарлысын құл қылды. («Қобыланды»). Алған атақ-абыройды білдіретін ұғым («айдар тағу»). «Әнші қыз» деген атақ осы кезде Жібекке айдар болып тағылды. (Ғ. Мұстафин.) Айдар жыныстық айырмашылықтың бір белгісі. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған.

Мысалы: Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Бұрынғы уақытта халық тұрмысымен етене болып кеткен, бұл ғұрып бүгінгі күнге дейін ел ішінде кездеседі. Бірақ қазіргі уақытта айдар тек мектеп жасына дейінгі балаларға ғана қойылады.

Айдарды кейбір ата-аналар балаларына көз тимесін деген ырыммен де қояды. Бұл көзі өткір жандардың назары баланың айдарына аусын деген сенімнен туындаса керек.

Жалпы, тарихи деректерге назар салар болсақ, айдар дегеннің мынадай да түрлері бар екенін көреміз: яғни, айдар – жылқының құйрық жалына алтындаған зер қосып, жеңіл өрілген бау. Осыған орай тілімізде «ат қойып, айдар тағу» деген бейнелі тірек сақталған Көне түрік заманнан қалған қызықты деректерде жас бала алғаш рет жүректілік көрсетіп, щамасына сай ерлік танытқан уақытта өзіне ат қойып, айдар тағылатын болған. Балаға айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Басқа жұрттан ата-тегін айырып, айқындап, ерекшелеп көрсету үшін айдарды жас батырдың кежегесіне таққан. Ал кегеже дегеніміз – түркілердің желкесіне түсіп тұратын жуан бір өріш шашы. Тілімізде сақталған «кежегесі кері кету», «кежегесін кері тарту» деген сынайдағы сөз тіркестері осыған меңзейді. Кежегемен мағыналас сөздер өзге де көршілес ұлттар тілінде ұшырасады. Мәселен, алтай тілінде «кәде», қырғыз тілінде «кежи», орыс тілінде «коса» деген сөздер бар. Негізінен, балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаларға жасалады. Сәбилерге кекіл, тұлым да қойылады.

Кекіл – (ғұрып). Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,

Көгілдір аққудың секілдім-ай. (Халық өлеңі). Кекіл- маңдай тұсында шаш қою рәсімі. Мұндай рәсім ежелгі дәуірде көптеген халықтарда болған. Олар, көбінесе, ғұрыптық мән иеленген. Қазіргі кекіл жас балаларға қойылады. Жас балалардың шашын тегіс ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді. Кекіл жылқыда да болады.

Кекілін кескен кер атым-ай,

Титтейден өскен бекзатым-ай. (Халық өлеңі).

Тұлым қою. (ғұрып. – «Сәрсеке! Көңілге солай еткен дұрыс та ғой, ләкинде шариғатта балаға тұлым қою дұрыс емес» (М. Дулатов). Баланың ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбнесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты.

Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел күйеуге шыққан соң, самай шашын басқаға, әсіресе ер адамдарға көрсету күнә болып есептелінеді.

Сонымен қатар, өлген адамның әйелі, қыздары, туған анасы, қарындастары, келіндері шаштарын жайып жіберіп, бүйірлерін таянып, қара жамылып жылаумен болады. Н. Катановтың айтуынша, өлген адамның, әйелінің, туған қыздарының шаштарын ауыл әйелдері тарқатып, жаяды да жетісі өткен соң қайтадан өріп береді екен. Ал келіндері болса, олар шаштарын жетісіне дейін өздері тарқатып, керек болғанда өздері өріп алатын.

Қазақтар арасында ерлер ХІХ ғ. өзінің ата-бабаларына қарағанда шаштарын тықырлатып қырып тастайтын болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет