Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет44/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi

Қазақтың аяқ киімдері — байпақ, етік, кебіс, мәсі. Етікті ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген.

Былғары қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тіктірген етік киген. Оны «сапиян етік» деп те атайды. Ал мырза, сал-сері жігіттер қара, түсті былғарыдан, оюлатып, етік киюді әдет еткен. Сондықтан да күйеуге тимей отырып қалған қызға «көк етікті кездеспейді, көне етіктіге бармайды» дейтін болған. Мәсі — аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншып өбістіре тігістіру арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасынна жіңішке сыздық салады. Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы.

Қысты күні малшылар етіктің ішінен қозы жүнінен басылған байпақ (ұйық) киген. Етіктің табанына киізден ұлтарақ салатын болған. Мұның бәрі аяқтан аяз (ызғар) өтпес үшін пайдаланылған. Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі табаны бөлек салып ұлтарып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтың тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді. Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіпті пайдаланады.

Кебіс — мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Бүрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жүмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік өкше етіп тіккен. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген, Кейінгі кезде кебістің өкшесіне бірнеше қабат үлтан салып шегелеп, түмсығын домалақтап жасап жүр.

Киіз етік — қыстыгүні киетін қысқы аяқ киім. Ақ киізден қонышы мен басын бөлек, екі бет етіп пішіп алған соң, тігістіктерінің ортасына былғарыдан жіңішке сызық салып, қусырып қайып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, калып салып, табанына қалың былғарыдан ұлтан, өкшесіне сірі салып бүрмеленеді. Қонышын жұмсақ былғарымен көмкеріп, өкшесінің сыртын, басының үстін өрнектеп қайып тігеді. Киіз етік өзінің жұмсақтығымен және сәндігімен, жеңілдігімен шаруада тұрмысқа өте қажетті аяқ киім.

Жоғарыда айтылып кеткен саптама етіктің бір түрі – шоңқайма етік. Оның өкшесі биігірек, өкше сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден асады. Кеңдігі саптаманың кеңдігіндей. Қонышы екі жақ жағынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны кейде, «жарма қоныш» деп те атайды. Көмкерме байпақпен, шұлғаумен киеді. Шоңқайманы сәнге кию үшін, жай саптамадан көрі әдемілеп, өкшелігін, оймасын кестемен өрнектеп тігеді.



Мықшима етік- өкшенің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген биік өкшелі саптама етіктің түрі. Оны да байпақпен, шұлғауиен киеді. Мықшиманы бұрын жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге арнап тігетін. Оның қонышын өкшелігін көксауырлап тұмсығына қатырғы салады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет