Алтай –Тарбағатай өңірінің күйшілік өнері. Қазақ халқының дәстүрлі аспапты музыкасының өзіндік үнді, ерекше әуезді бір саласы еліміздің Алтай, Тарбағатай өңірінде қалыптасқан. Осы өңірдегі домбыра, қобыз, сыбызғы күйлері құрылымдық және орындаушылық тұрғыдан қарағанда оқшау сарынды, бөлек бітімді болып келеді. Домбыра күйлерінің басым көпшілігі теріс бұрауда орындалып, құрылымы шағындау келіп, әуені әнге жақын тұрады. Көрнекті күйшілерден аты аңызға айналғаны атақты күйші – Байжігіт бірінші аталады. Соның қатарына Саятөлековті Бағаналы жатқызамыз.