Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет85/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Фетишизм. Енді фетишизм элементтерінің қазақ халқы арасындағы түрлеріне қысқаша шолу жасайық:

1) қазақ халқы малдың алғашқы төлдеген кезіндегі алғашқы уызын өздері ішпейді. Мәнісі аруақтарға арнау.

Фетиштік ырымның бірі - кәрі жілік, оны күндіз малшының түнде күзетшінің қызметін атқарады деген сенімнен туған. Жас нәрестенің бесігіне әр түрлі: үкінің қауырсынын, қасқырдың, арыстанның т.б. жыртқыш аңдардың терісін тағады. Бұл ырымның мақсаты баланы әр түрлі "жын-шайтандардан" сақтайды деген сенімге саяды.

Қазақ даласының қай түкпіріне барсаңыз да "әулие" саналатын мазарларды көреміз. Бұл кейбір зерттеушілердің пікірінше фетиштік сенімнің мұсылман дінінің келуімен байланысты өзгерген түрі болуы мүмкін.

Дүниежүзінің барша халықтарында талисман, амулет аталынып жүрген "көз тию", "тіл тиюден" сақтайтын түрін қазақтарда тұмар деп атаған. Мұнда "қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Ол адамды бақытсыздықтан сақтайды деп сенеді" (Левшин). деген пікір орынды.



Сонымен бірге, тұмардың өзі бірнеше дәуірді басынан кешіргенін байқауға болады. Алғашында тұмар ретінде өз тотемдерінің бір мүшесі не терісі т.б. болса, кейіннен мұсылмандықтың енуіне байланысты тұмарға құраннан аяттар жазып салатын болған. Бұдан ерте кездегі діндердің өзгерген түрлерінің қазақ халқының ерекшелігіне байланысты мұсылман-дыққа да ықпал жасағанын көреміз.

Көшпелі әлемнің қарғыс таңбасы - тайпалық ыдыраушылық екені тарихтан белгілі. Жайылым-қонысқа байланысты жан-жалдар, барымта - мал айдап кету, қыз алып қашу, қанды кек тәрізді ұдайы болып жататын жайсыз әрекеттер, бөлшектенудің де зардабы аз болған жоқ. Тіпті трайболистік көзқарастардың зәрі әлі күнге дейін толығымен жойылып бітпегенін еске алсақ, ұлттық тұтастығымызды нығайту барысында бұл мәселенің қаншалықты азаматтық жауапкершілікті талап ететінін бажайлау қиын емес. Сол кезеңдерде мұндай жағдайларда қатаң тәртіпті сақтап отыру қажет болды. Бұл үшін жалпы мемлекеттік, тайпалы билікпен қоса халықтың нанымдық-сенімдік дүниетанымы да саяси жауапкершілікті бағыттап отыруға мүмкіндік бергені сөзсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет