Әулиелерді пір тұту. Біз төменде «Әулиелерді пір тұту» тақырыбына белгілі ғалым С. Әжіғали, Е. Оразбектің «Қазақтардың дінге сенгіштігі» атты мақаласын негізге алдық.
Әулиелерге табыну Қазақстан мен Орта Азиядагы түркі тілді халықтардың дінінде айрықша орын алады. Негізінде ортодоксальді (алған бағыттан, ұстанган принциптен қайтпайтын) мұсылмандық қағидаларына қайшы әулиеге табынушылық өз кезегінде ислам тегінде кең қанат жайып келеді. Ата-бабаларды, жергілікті желеп-жебеуші рухтарды құрметтеуге негізделген бұл ғибадат табынушылық феодалдық қоғам идеологиясында (санасында) жеке отбасы ғана емес, бүкіл ру-тайпалардың әл-ауқатының артуы деп түсінгендіктен қоғамның әлеуметтік саласына бойлай енді. Сол себепті бұл айрықша құбылыстың сарқыншақтары бүгінгі таңда да берік орын алып отыр.
Қазақстанда әулиеге табынудың қалдықтарын әдебиеттерде атап көрсетілгеніндей, зерттеу қиыншылықтарынан және оның атүсті зерттелуінен, көбінесе Ахмет Ясауи мен оның шәкірттерінің өмірбаяндарын зерттеу мен толықтыру сияқты жайттармен шектеліп отырғанымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар жер-жердегі өулиелерді пір тұтудың әр қилы көріністері жайлы мол деректер тиісінше қарастырылмай келеді.
Мәселен, Талдықорған облысының Киров ауданында (негізінен жалайыр руы тұрады) жергілікті Балпық, Ескелді, Қабылиса және Жолбарыс әулиелерге табыну белгілері анық байқалады.
Осы XVIII ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалардың (Қабылисадан басқалары) мүрделері шамамен бір атызда, яғни Қаратал мен Көксу өзендері қосылған сағада (Амангелді ауылының оңтүстігіне қарай) орналасқан. Сірә, бұл өңірде жалайырлардың бас қыстауы болса керек. Аталған тұлғалар жүрт үшін атқарған істерімен ғана халқының құрметіне ие болған. Балпық, Ескелді, Қабылиса есімдері жаумен шайқастар кезінде айбат беретін ұранга айналған. Мұнда әулиеге табынып, пір тұтудың ата-бабалар рухын ардақтап, әруақтарға сыйынумен тонның ішкі бауындай қиысып жатқанына көз жеткізуге болады.
Әдетте әулие деген ұғым көріпкелдік, шындықты болжау, жалғандықты әшкерелеуге қабылеттілікті білдіреді. Алайда аталған «әулиелердің» бұл әрекеттері уақыт өте келе өзінің маңызын біршама жоғалтқандай болып, емшілік қабілетіне орын бере бастады. Мұнымен қатар тұрғындар арасында әулиелер өз ұрпағын қамқорына ала жүреді деген сенім болды. Мәселен, бізбен әңгімелескен адамдардың бірі майданда жүргенде түсінде Балпық әулиені көргенін айтты. Содан келер күні ол үш дүркін жараланса да аман қалды. Айтушы өзін ажал аузынан аты аталған әулие алып қалды деген сенімде.
Әулие қамқоршы болғандықтан, оны құрмет тұту парыз саналады. Әулие жерленген қабірге жақындаған кезде көлікті тоқтату керек. Дене сияқты нанымдар кең тараған. Мәселен, 70 жастағы әйел (Амангелді ауылы) өзінің Балпық атаның ұрпағы екеніне қарамастан қасиетті орындарга келгенде немесе айналып өткенде автокөліктен (арбадан) түсіп, 1-2 шақырым жаяу жүретінін айтты. Әдетте ырымшыл адамдар өулиені ескермегендердің қалай жазаланғандығы жайында көп мысалдар келтіреді.
Жалпы әулиелерді пір тұту соңғы 20 жыл көлемінде Қазақстанның ауыл тұрғындарының (оған кейде қалалықтар да қосылады) дінге сенгіштігі тұрғысынан қарағанда кеңірек тарады. 1980 жылдардың өзінде Жетісудың зерттелген аудандарында дінге нанушылардың, жергілікті молдалардың әулиелерге, ең алдымен қасиетті орындарды безендіру тұрысына баса көңіл аудара бастағандығы айқын болды. Әулиелердің бейіттерінде дінге сенушілер мен табынушылар қаржысымен мазарлар тұрғызылды. Әдетте олардың жанында қасиетті ағаштар, шүберектер байланған бұтақтар өсіп тұрады. Дара ағаштар мен бұлақтарды өулие деп қарайды. Солардың бірі аңызға қарағанда Тарғын батыр тыныққан Жалаулы мекеніндегі («Ақтекше» ауылы) «қасиетті» ағаш, Қапал ауданындағы шипалы қайнарды да (Арасан әулие) соған қосуға болады. Алайда 1980 жылдардың ортасында қасиетті орындарга табынудың аталған түрлері әлі тарала қоймаған еді. Бұл тұста ауыл тұрғындары арасында «әулиелерге» сену дінге нанушылар қатарында қартаң адамдар мен әйелдердің белгілі бір топтарының ішінде ғана сақталғанды. Қасиетті зираттарға арнайы, негізінен емделу мақсатымен: ауыр дертке шалдыққан адамдар, нәресте көтермеген әйелдер (жастары әр түрлі) және тағы басқалар келіп, әдетте бейсенбіден жұмаға қараған түні түнейтін болған. Осы мақсатпен құрбандыққа шалынатын қой бауыздалады, 7 шырақ жағылып, қасиетті орында түнеп шығады. Жалпы мазарлар (мәселен, Балпық ата) түнеуге арналган зиратхана мен көрханадан тұрады. Сондай-ақ қасиетті орындарда қолайлы жағдайға қарай көбінесе қарт адамдар болады. Қасиетті орындарга кіре берісте міңдетті түрде «Ассалаумағалейкум, Балпық ата!» деп дауыстап сәлем беріледі.
Содан кейін, әдет бойынша мазардың айналасын аралап болғаннан кейін мазардың сыртында бас жаққа қарсы қабырғаға әлсін-әлсін маңдайын төсеп, Құран аяттарын оқып шығады.
1980 жылдардың ортасында зерттелген ауданның ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі «әулиелердің» ықпалды күшіне нанбағанын, әдетте әулиелікке сенімнің ата-бабалардыц әруағын құрметтеу ырымдарымен ұштасып жатқанын атап өткен жөн.
1990 жылдары ғана әулиелерді пір тұтуда аса ауқымды - біршама сыртқы, сандық болғанымен ірі өзгерістер болды. Аттары аңызға айналған және тарихи тұлғалардың есімдеріне байланысты көптеген орындар дінге сенушілер мен қасиетті орындарды аралап, өлке тарихын білгісі, әулиеліктің куәсі болғысы келетін әуесқой адамдардың сүйікті орындарына айнала бастады. Қазақстан жеріндегі көптеген қасиетті орындар күрделі жөндеуден өткізіліп, безендірілді, кей жерлерде қайта жаңғыртылды. Бұл ізгі шаралар орталық және жергілікті өкімет орындарының тапсырмасы бойынша да, сондай-ақ жергілікті қарапайым тұрғындардың бастамасымен де жүзеге асырылды. Жергілікті өлкетанушылар мен маман тарихшылардың, журналшылар мен басқа да белсенділердің күш-жігері арқасында тарихымызды көрсетіп, айтулы қасиетті орындарды (мәселен, Қожа Ахмет Ясауи, Шақпақ ата, Бекет ата мазарлары, Сайрамдағы, Тараз қаласындағы және т.б. кешендер) насихаттайтын сандаған деректемелер құрастырылып келеді. Қызылорда облысында әулиелерді пір тұту кең етек жайғаны сонша, олар жайлы аңыздар көптеп сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |