Қазіргі кездегі Қазақстандағы ислам. Бүгінгі таңда дінге сенетін қазақтарды мынадай топқа бөлуге болады:
1) балалық шағында, жасөспірім кезінде кеңес өкіметі діни сезімдерді, оған қажеттілікті түншықтыра алмаған ортада өмір сүрген, ата-аналары, туған туыстарынан өнеге алған, негізінен ауылдық жерлерді мекендейтін аға ұрпақтың өкілдері; немесе бұрынырақ 1950-60 жж. және кейінде келген оралмандар;
2) исламның тұрмыстық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жеткілікті білетін және мұсылман-қазақ болуға талпынатын негізінен ауылдарда тұратын және кейінгі оралмандар қатарындағы орта және жас ұрпақтар;
3) діннің қандай түріне болмасын селқос қарайтын мосқал жастағы және қалалық орыс тілді қазақтарды құрайтын адамдар.
Қазіргі кезде көптеген дінге сенушілер, бірақ негізінен бос уақыты бар аға ұрпақтың адамдары, сондай-ақ орта жастағы және жасөспірімдердің кейбірі бес уақыт намазын оқып жүр. Отбасы мен жанұялық-туыстық қатынастар саласында ислам күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұл бәрінен бұрын сүндетке отырғызуға, жерлеу ғұрыптары және үйлену дәстүрлеріне қатысты.
Әдетте мұсылмандық үйлену дәстүрі - неке қию бұрын, мұсылмандық салттарды сақтағандықтан және мұсылманша неке қиылуын талап еткен қарттары бар жанұяларда орындалатын. Бұл дәстүр мерекелік салтанаттан кейін некелік түн алдында жүзеге асырылатын. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындагы Түркістан ауданы тұрғынының (жас келіншек) айтуынша, неке қиюдың мұсылмандық дәстүрлерін орындау үшін оның енесінің талап етуімен Түркістаннан молда шақырылған. Күйеу мен қалыңдық және куәлар мен молда бөлек бөлмелерде болған. Молда екі куәгер арқылы күйеу мен қалыңдықтан, ата-аналарынан некелесуге келісімдері және басқа да жайттар туралы сұраған. Бұдан соң молда түбіне 40 тиын тасталған кеседегі суды дұғалайды. Одан күйеу мен қалыңдық бір ұрттап (кесенің бір жерінен) су ішеді. Қалған суды куәгерлер ішіп тауысады да, кесе түбіндегі бақырларды алады. Куәгер жас әйелдің айтуынша, келесі күні, жас жұбайлар АХАЖ-ға барады.
Келесі бір адамдардың айтуынша, күйеу мен қалыңдық, олардың туыстары мен молда бір бөлмеде болады. Кеседегі суды күйеу мен қалыңдықтан кейін жиналгандардың бәрі де ішетін болган. Молда мен жас жұбайлар арасында дәнекерлер көп ретте 6-7 жастагы жеткіншектер болған. Мұнда кеседегі суға тиындармен қоса сақиналар тасталады. Кесе түбінен алынған бақырлар өдетте балаларга үлестіріліп, олардың да отбасылық тұрмыста бақытты болуларына тілек білдіріледі. Молдаға сыйақы ретінде ақша немесе орамал тарту, әлде жәй кездеме беріледі.
Қазіргі кезде «неке қияр» дәстүрі қазақтар мен оралмандар арасында қайтадан кең қанат жая бастады. Заңды ресми некеде болгандарына көптеген жылдар өтсе де кейбір жұбайлар жүрек қалауы мен жарылқаушы Алла-Тағала алдында мешітте молданың қатысуымен «неке қияр» рәсімінен өтеді.
Қазіргі жас жұбайлар арасында (АХАЖ-ға дейін немесе одан кейін) «діни» тұрғыда неке қию дәстүрлері қайта қалыптасып келеді. Қазақтардың қазіргі үйлену тойлары аса салтанатты түрде өтіп, ұлттық үйлену дәстүрлері батыстық, еуропалық үлгідегі соңғы дәстүрлер мен көрікті үйымдастырылған ойын-сауыққа ұласып жатады.
Исламға дейінгі ежелгі әмеңгерлік, қалың төлеу дәстүрлері де ізін суытпай, қызды алып қашу секілді жаңа сипатта көрінуде. Қазақстандағы тұрмыстық исламның ерекшеліктері халықтың күнделікті өмірінде сақталып қалған мұсылмандыққа дейінгі сенімдер мен салт-дәстүрлер қалдықтарымен сипатталады. Ислам оның алдындағы діни ұғымдар мен дәстүрлерін тегіс ығыстыра алмаса да, оны мүлдем бүлдіргені ақиқат. Ислам үстем болған ұзақ мерзімде мұсылмандыққа дейінгі дәстүрлердің қалдықтары басты діни дүниетанымға сіңісіп, мұсылмандық сипат алды және жаңа мұсылмандық дүниетанымның өзектерін құрады. Олар діни өмірдің әр түрлі салаларында: әулиелерді пір тұтуда, діни басшылардың түрлі топтарының қызметінде, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында, отбасылық өмір иірімдеріне байланысты (үйлену, нөрестелі болу, сүндетке отырғызу, өмірден қайту) салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда сақталды.
Ерте заманнан бастау алатын дәстүрлі қазақи жерлеу салттарында исламға дейінгі әдеттермен қатар исламдандырылған ғұрыптардың көріністері де баршылық. Әдетте өмірден озған адамның үйіне ілезде ауыл қарттары мен дұға оқитын молдалар жиналады. Жерлеу дәстүрінде марқұмды жууға маңызды орын беріледі. Мұндағы мақсат тазалықты сақтау екені белгілі. Марқұмды жуатын адамдарды әдетте «ішке кіретін кісілер» деп атайды. Олар кірер алдында ғұрыптық жуынуды орындап (дәрет алу), содан кейін барып марқұмды айрықша қолғаптармен жуатын болған. Осы жұмысты атқарған адамдарға сыйақы ретінде марқұмның су жаңа, болмаса жаңалау киімдерінің бірі немесе ақша беріледі. Халықтың ұғымында марқұмды жууға қатысу сауап болады.
Дуана Өмірзақ бүл өмірден қайтқан кезде, оның жесірінің айтуынша, жерлеуге әзірленген зиратта марқұмның жатқан жері жарық болуы үшін түні бойы керосин шамы жанып тұрған. Мұндағы тағы бір мақсат - жарықтан қорқатын жын-шайтанды марқұмға жолатпай үркіту. Үйдегі марқұм жатқан орын тастармен қоршалады (ОҚО) немесе оған дәнді дақылдар төгіп тастайды (Алматы облысы). Бұл орынды басқан адам дертке шалдығады деп есептеген (исламға дейінгі сенімдерден, апотропеикалық қорғаныс магиясы - сиқырлық тәсілі).
Сонымен қатар қайтыс болғаннан кейін күнәлардан арылу дәстүрі підия (фидия) да озінің маңыз-мәнін жоғалтқан жоқ. Мұны қазақтар дәуір немесе ысқат деп те атаған. Кезінде кеңінен тараған бүл дәстүрдің мәні жиналғандардың арасындагы бір адамның немесе молданы өз еркімен марқұмның кінәсін өз мойнына алуына саяды. Бұл дәстүрге үш адам қатысады. Әдетте молда күнәларды қабылдауға әзір екінші кісіге «табыс» етеді. Ал үшінші адамның қолында таспиқ/таспиық болады. Мұсылмандық жолмен жерлеу - еске алу дәстүрлерінің (кеңес дәуірі кезінде де) маңызды түрлерінің (құрамдас бөліктерінің) бірі жаназа шығару болып саналады. Ол марқұм жуылғаннан кейін жүзеге асырылады. Дінге сенушілер әдетте исламның кейбір тағам түрлерінен бас тарту, ғүрыптық тазалық, адамгершілік қағидалары сияқты шарттарын мүлтіксіз орындауға дағдыланған.
Көптеген дінге сенушілер өтірік-өсектерге, адамдарды ғайбаттауга жол бермеу және де жалғыз басты, дімкәс адамдарға жәрдем беру қажеттігіне назар аударады. Біздің кезімізде қол жайып бата беру кеңінен етек алды. Дінге сенбейтін көптеген қазақтар да бұл дәстүрді халықтық деп санағандықтан бата беруге құштар келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |