Тәңірге сенушілік. Тәңірге, Жер, Суға табынудың пайда болуын адамда әуел бастан қалыптасқан ризашылық сезімдерімен байланыстыруға болады. Бұл құдайлар қарапайым тіршілік иелеріне қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде адамдарға азық-түлік сыйлаған мейірбандықтарына алғысын білдірудегі ниетінен туған еді деп есептейміз. Осындай өмірдің нақты шындығына көз жеткізу адамдарға жәрдемдесетін жоғары әлем бар деген түсінікті туғызуы да заңды еді. Ежелгі түрік әулеті өздерінің үғымдарындағы ең биік шыңды Хан-Тәңірі деп атауы да кездейсоқтық болмас. Болмыстың мәнін және оның рухтық көрінісін Аспанға саю қазақ халқында көпке дейін сақталып келді.
Аспанға құдіретті күшті Құдай тұрғысынан мұқият жасалынған талдау мен көшіп-қону бағытын анықтаудағы басты нысана ретінде қарастырылуы өзінің дүниетанымдық түрғыдағы Тәңіріне табынуына ықпал етті. Бұдан шығар тұжырым «нақты аспан объектісімен оның тірі дүниенің рухани символы ретінде уағыздалуы арасында сәйкестік бар» (Орынбеков).
Тәңірілік дін - ғылымда түбегейлі зерттеліп, тарихи тамырлары мен адам қоғамындағы орны жете анықтала қоймаған үлкен сала. Тәңірілік дінінің бізге әзірге белгілі өзекті нормалары зороастризммен үндес жатыр. Олар:
1) Көкте құдіретті жаратушының барлығына шек келтірмеу;
2) Ата-бабалар қалыптастырған дәстүрлі өсиеттерді бұлжытпай орындау;
3) Жас ұрпақты дәстүрлі өмір салтына, ата-бабалар қалыптастырған тұрмыстық қалыптарға бейімдеп тәрбиелеу. Бұл қағидалардың кез келген діни сананың дүниетанымында, моральдық-этикалық нормаларына негіз екендігі ақиқат шындық. Сонымен бірге, "олар көзге керінбейтін және көрінетіннің бәрін жаратушы деп ездері мойындайтын бір Құдайға ғана иланады, оны осы дүниедегі шаттықтармен бірге азаптарды жолдаушы деп біледі. Бірақ сол өз құдайын намаз оқып, дұға қылып құрметтемейді" (Плано Карпини... ) деген пікір де көңіл аудара қарауды талап етеді.
Қандай діннің болмасын ақиқат шындық саналатын қағидасы мен түпкі мақсаты, арқау ететін философиялық, имандылық, эстетикалық ілімдері болатыны белгілі. Әлемдік діндердің барлығына тән бұл жүйе Тәңірілік дінінде де бар. Мәселен, буддизм "4 ақиқатты" сыйлауға, христиандық "3 түрлі кейіптегі жалғыз құдайды", мұсылмандық "Алладан басқа құдай жоқтығын, Мұхаммед оның пайғамбары" екендігін мойындауға негізделсе, Тәңірі діні аспанды - Ата, жерді - Ана деп тануға негізделген. Әлемдік діндердің түпкі мақсаты - адамды "о дүниеде" көретін азаптан қорғау, құтқару болса, Тәңірілік дінінің түпкі мақсаты осы дүниеге лайықты ғұмыр кешуге баулу болып табылады. Осы орайда, діннің діннен айырмашылығын, өзіндік сипатын, қалыптасқан қағидаларын "сол дінді өмірге әкелген халықтың дүниетанымынан, тұрмысынан, мінез-құлқынан, салт-дәстүр мен енерінен іздеген дұрыс" (Қараманұлы) деген пікірмен толық келісеміз. Өйткені, бұның бәрі азаматтық жауапкершілікті адам бойына жастайынан сіңірудің ең басты әлеуметтік құралы емес пе.
Негізінен Тәңірілік терең мәнді Аспан ғана емес; қазақ халқының алғашқы діни сенімдерін туғызған діни бастау да болды. Жер мен Су адамдар үшін дүниенің ортасында тұрған табыну заттары болды. Тәңір мен Жер-Судың өзара берік байланысы шын мәніндегі езара қарым-қатынас женіндегі пайымды ойға жетелейді. Жер Тәңірінің кіндігі арқылы жермен байланысқан. Тәңірі құдайдың қасиеттері бар Кек аспан деп білген, оған құлшылық еткен. Араб географы Әл-Максидидің айтуынша: "Бір Тәңірі дегені бір Құдай деген ұғым білдіреді. Кейбіреулері Тәңір деп аспанның кекшілдігін айтады, басқалары Тәңірді аспан ретінде түсінеді" дейді (История Казахской ССР.). Жер-Су атты құдайдың қастерленуі қоршаған орта мен әлеуметтік-саяси жағдайларға орай өзімнің және езгенің жері деп белуге мәжбүр болды. Жақсы жерді өзінің этникалық тобының жеріне саюы осы табиғи түйсінуді құдайландыруды қажет етті. Яғни, рухани жауапкершілікті арттырудын ідеологиясын тапты. Өзінің ата-бабаларының өмір сүрген жері, осы қасиетті жердің бетімен ағып жатқан су заңды түрде сыйынып, мінажат ететін құбылысқа айналды. Сол дәстүрлердің қалдықтары осы уақытқа дейін сақталған. Жоғары құдай ретінде Тәңірі —аспан әке, Жер-Судың - ана арасындағы байланысы ер адам мен әйелдің арасындағы байланыс түрінде қарастырылды (Конфуциандықтағы Янь - ер, Инь - әйелдік бастама сияқты). Өйткені өсіргеніңнің өнімді болуы, астықтың бітік шығуы, баққан малдың көп өсім беруі сол Жер - ананың берекеттілігінде еді. Бұған дәлел - Наурыз мейрамы, тасаттық беру т.б. дәстүрлер.
Бұл жайлар ежелгі түрік діні бір құдайлы монотеистік дін болды деген тұжырым жасауға негіз жасайды. Себебі, барлық құдайлардың басты Құдайы Тәңірі деп білді, ол өмірдің барлық салаларында ықпалдық қасиеттке ие деп түсінді. Тәңірге табынуды, оның қадір қасиетін марапаттауды әскери және саяси басшылар мемлекеттік ресми сипат беру үшін қолданды. Яки, идеологиялық қалқандық қызметте атқарды. Әмеңгерлік салтындағы, династиялық сипаттағы үнемі болып тұратын талас - тартыстар мен қақтығыстар Қағандар Құдайының негізін жасауға ұмтылыс туғызды. Сөйтіп тақ пен билікке таласты тоқтатуға әрекеттенді. Бұдан сол кезеңдерде-ақ діни тағылымдар жүйесінің саяси бағытқа айнала білгенін байқауға болады. Осылайша: "көне түрік мемлекеті Тәңірінің өмірімен пайда болды" (Кляшторный) деген аңыз өмірге келді. Бұл діннің саясаттануының шыңы және тақ иесінің билік етуге заңды мұрагер екенін дәлелдеу үшін пайдаланды. Тіпті қазіргі 21 ғасырдың соңында қалыптасқан жаңа тәуелсіз мемлекеттердің басшылары да оң қолдарына қасиетті жазбалар атанған діни кітаптарды ұстап тұрып ант беруді салтқа айналдырды. Сондықтан да, бабаларымыздың мемлекетінің құрылымына киелі мән беруге ұмтылысындағы түсініктеріне ықыласпен және олар қалыптастырған Тәңірдің құзырына қатысты жауапкершіліктің мағынасына ыждахаттылықпен қарауымыз керек.
Кез келген діннің негізі - дүниетаным, дүниеге кезқарас жүйесі екендігі мәлім. Халықтың өзіндік тұрмыс-салтын туындатқан дүниетаным діннің де өзіндік болмыс-бітімін қалыптастырды. Яғни, Тәңірілік дінінде пайғамбар, әулие, құдай сезі жазылған кітап т.б. болмағанын, тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырғанының езі мұрагерлік жауапкершіліктің үлгісі деп қарауға болады. Жүздеген ұрпақтың өмір тәжірибесінен сұрыпталған бұл дүниетаным табиғат пен адам барлығының, болмысының туыстығын баянды етумен қатар, бірден-бір және бұлжымас ақиқат ретіндегі Тәңірге, жалпығаламдық құдіретті күшке табыну салтын қарастырды. "Құдай" ұғымындағы "Тәңірі" сөзінің кене түркі тіліндегі түсінігі "көк", "аспан" (Көне түркі сөздігі) деген мағына беретіндігі оның күллі ғаламға, табиғатқа көктің құдіреті жүреді деп сенуінде.
Түркі халықтарының бұл түсінігінің негізінде объективті шындық жатқандығын бүгінгі заманғы ғылым да дәлелдеп отыр. Қырғызстан азаматы, ғалым философ Өмұралиев Чоюн өзінің "Теңирчилик" (Улуттук философиянын уңгусына чалғын) атты еңбегінде тәңіршілік сенімінің көшпенділердің жай сенім күйі емес, кешпенділер өркениетінің негізін қалаған рухани-мәдени және экономикалық-саяси ілім ретінде дәлелдеп шыққан (Өмұралиев). Сол сияқты Қазақстандық ғалым А.Ю. Никонов езінің "Алтун Битиг. Тенгрианство" (мифы древних тюрков сохраненные устным и письменным преданием тюркских народов мира) (Никонов) тәңірілік дінінің символдық негіздемелерінен бастап діни қағидаларының осы уақытқа дейін жеткен тағылымдарын суреттеп берді. Яғни, діни сенімдерге байланысты олардың саналылықтан гөрі бейсаналылық деңгейде де дами беретінін еске алсақ қазіргі заманда осы діни сенімдік қалыптың қайта жанданып, емірімізге нәр берері анық.
Адамның тіршілік етуіне қажетті табиғи жағдайлардың Тәңірден, яғни, көкке тәуелді болатыны, белгілі бір этностың қоғамдастығының баянды болуы да сол аспанның "мейірімді ықыласына" тікелей байланысты екен. Тайпаларды біртұтас халыққа айналдыратын қасиетті "пассионарность" (Гумилев) екендігіне дәлелдемелер де баршылық. Ал, "пассионарлықты" географиялық ортаның қасиеті, яки "табиғи жауапкершіліктің негізі" деп қарастырсақ, Тәңіріліктің Құдайы және адами жауапкершілікке қатыстылығы өз-өзінен туындайтын мәселе. Бұдан Тәңірге табынған халқымыздың түсінігі ғылыми қисынға жақын келетін әмбебапты дүниетаным екеніне сенуімізге негіз бар Сөйтіп, ұлттық дүниетанымнан өрбіген Тәңіріліктің негізінен табиғатты ардақтау салты,. адамды немесе ата-бабаны құрметтеу салты құралады.
Ал, табиғатты қастерлеу ғұрпы - объективті барлық, болмыс сырын түйсініп, ой-өрісін кеңейтуге, өскен орта мен тіршілік аясын (жағрапиялық ортаны) ардақ тұтуға үндейді. Осындай салттардан өріс алған Тәңірлік дін адамның абстракциясынан туған о дүниедегі өмір идеяларын емес, осы дүниедегі тұрмыс философиясын қоса меңгеруге баулыған. Өмірдегі рухың ешпей кейінгілерге өнеге болуың үшін тынымсыз әрекет етіп, нақтылы нәтижеге жету шарт. Яғни жауапкершіліктің міндетті қалпы қалыптастырылған. Бұл - Тәңірлік тұрғысынан шын мәнінде мағыналы өмір сүру мүддесінен туындаған барлық формасының реалистік тұрғысы.
Тәңіршілдік ерекшеліктерін бөліп керсетуге болады: '
1) тәңірілік дінін халықтың нақтылы дүниетанымынан туындаған, табиғатқа табыну және сыйыну салтынан өрбіген, евразиялық кеңістікте өркениеттік дәрежеге жеткен, ұлттық дін деп санауға негіздер бар;
2) тәңірі - діни түсінікке орай барлық әлемді жаратқан бейтарап құдіретті күш. Адамның күнделікті тіршілік ағымына араласпайды. Бірақ, әрбір құбылысқа қатысты реттеуші рухани бастаулары бар;
3) өзіндік жора-салттары: таң сәріде күншығысқа қарап тағызым ету, құрбандық шалу, аруақтарға арнап ас беру, тасаттық беру т.б.;
4) өзіндік мерекелері: наурыз-жыл айналымындағы уақыттық кеңістіктің теңелу кезеңі; сабантой, соғым басы; киелі құстарды құрметтеуі - аққу, қарлығаш, көгершін; сыйлы күн-сәрсенбі тәрізді ырымдары бар;
5) көк Тәңірінің тағылымдарын жеткізген пайғамбарлар мен періштелер, әмір етілген жазбаша ережелер, "күнә", "тозақ", "жұмақ", "тазартқыш" жөніндегі қағидалары жоқ;
6) құлшылық ету рәсімдерін ұйымдастыратын арнаулы орын болған емес. Өйткені Көк Тәңірі әркімнің жүрегінде, адами ниетінде болуға тиісті;
7) діни уағыздаушылық, беріле дәнігу де жоқ. Өйткені, Тәңірі жер шарын мекендеген халықтардың бәріне ортақ деген қағиданы ұстанады. Тек аңыз бойынша жерді мекендеуші 74 халықтың 4-еуіне ғана бақсылық, шамандық ықыласқа ие болғандықтан өзіндік сенімге рұқсат берілген;
8) адамның қасиеті кемелденген ойы мен адами жауапкершілігіне қарай бағаланады;
9) тәңірілік дінінде талап бойынша үш қағиданы орындау міндет: Тәңірі алдында, ата-баба алдындағы және ұрпақ алдындағы парыздар яки жауапкершілікті міндеттер.
Тәңірілік дінінің түп тамыры, санамыздағы сезімдік иірімдері, езіндік ерекшеліктері әлі де кеп зерделеуді, талдау мен пайымдауларды күтіп тұрғаны ақиқат нәрсе.'Мысалы, қазақ халқының табиғатпен, Тәңіріне етене екендігін мына бір зерттеуден де көруге болады. "Тәңірі арқылы қазақтар тылсым ғарышты, яғни жұлдыздардың құпия сырын жетік білген Жердегі адамға нәсіпті де Тәңірі бұйыртады. "Тәңірі жазғанынан асып кете алмайсың", -деп босқа айтпаған болар. Жұлдызың жоғары болсын деп бір-біріне тілек тілегенде жұлдыздардың құпиясын білгендер ғана айта алады. Көне заманда өмір сүрген Апостол Павелдің (біздің жыл санауымыздың 14 жылы туып, 67 жылы дүниеден еткен) "Жұлдыздарда өткен мен болашақтың ізі бар, адам алақанында жаратушының басқан мөрі бар" деген сөзі бар екен. Ендеше, Тәңірінің жазуы да адам алақанында болғаны ғой. Расында да адам алақаны - аспан әлемінің кішігірім картасы сияқты. Мысалы, адам қолында он саусақ бар. Қазақшалап айтсақ бас бармақтың астында Венера (Шолпан) жұлдызының сызығы бар делінеді. Оны Венера бектері дейді. Венера жұлдызы күннің тууы мен батуына әсер етеді. Яғни күн шыққанда және батқанда жанында "демеп" күш беріп Венера жүреді екен. Венераның грекше аты - Геспер, түрікше - Гессер.
Алақандағы сұқ саусақ пен бас бармақтың арасынан басталған сызық бас бармақты бөктерлей, доғалана тартылып барып білезік тұсқа, яғни қол мен білектің қосылар тұсына тіреледі. Бұл Венера сызығы - яғни Венера сызығы адамның тууы мен өлуіне жауап береді. Демек, адамның ұзақ өмір сүруіне куш-қуатты Гессер жұлдызы береді екен. Сұқ саусақты Юпитер басқарады. Астрологияда Юпитер 12 жылда жаңарып отырады. Яғни Юпитер мүшел жасқа жауап береді. Әрбір мүшел өткен соң, қазақтар Тәңірге құдайы атап, тағы да жас сұрайды. Мұндай салт-дәстүр қазақтан басқа ешбір халықта жоқ, Ал үшінші саусақ - ортан Теректі Сатурн басқарады. Бұл саусақта адамның тағдыры жазылған екен. Яғни Тәңірінің жазуы осы саусақта болғаны ғой. Ал жүрек қағысы, қан тамырларына Нептун жауап береді дейді, осы Нептун басқаратын төртінші саусақты - шылдыр шүмек деп атаған. Сылдырлап ағып жатқан таза судың дыбысы, шүмек - су жүретін жол.
Адам өміріндегі табиғаттың төрт күші: су, от, жер, дуаны қолдағы саусақтарға жұлдыздар арқылы орналастыра білген. Бесінші - кішкентай бөбекке (шынашаққа) адам баласының не нәрсеге қабілетті екеніне Марс жауап береді дейді. Яғни тәрбиені сәбидің жас кезінен бастау керек. Және де оның қабілетін дұрыс ажырата білу қажет. Адам өз алақанындағы ғарыштың құпия сырын ашып, өз өмірінде салт-дәстүрге айналдырып пайдаланып отырған" (Сәрсенбина). Сөйтіп Тәңірілікке қатысты астрологиялық таным негізінде адамның сана-сезімі мен салт дәстүрі тұрған. Яғни, жауапкершілік сезімін дүниетанымдық жолмен сара жолға қоя білген.
Түркі тарихын зерттеуші Мурад Аджидің дәлелі бойынша Тәңіріне деген сенімді бұл кеңістікке Эрке хан 78 жылы әкеліпті. Түркілер Тәңірінің ұлын Гессер (от) деп білген. Оны өздерінің ең бірінші пайғамбары деп таныған екен. Түркілердің отты құдірет тұтып, отқа сыйынатыны да, адам бақи дүниеден қайтқаннан кейін қырық күнге дейін сол үйдің ішіне шырақ жағатынын, от жағып түтін түтететіні де осы иланымға байланысты болуы керек. Сонымен бірге әлі күнге дейін ашуланған адамның "Кесір атсын", "От атсын"деп қарғануы да осы түсінікте құдіретті бір күштің барлығына сенуі.
Қорыта келгенде ежелгі Тәңірілік діні бізге езінің антологиясымен - екі ұдай өзара бірлік құдайы туралы ілімі; космологиясымен - өзара қарым-қатынастық мүмкіндіктері бар үш дүние тұжырымдамасымен; жанама әлемдерімен - жеті қат көк аспан, жеті қат Жер асты; этикасымен - адалдық, уәде бұзбау, жалғандықты айыптау; мифологиясымен - көк Тәңірі, көк бөрі; демонологиясымен - ата-баба аруақтарының табиғат рухынан айырма-шылығы жайлы дүниетанымдық негіздемелерімен келіп жетті. Яғни, діни сенім қалпында әлеуметтік қызмет жасай отырып қоғамдағы адамдардың Жаратушы алдындағы, қоғам мен әлеумет алдындағы, отбасы мен ауыл-аймақ алдындағы жауапкершілікті парыздарының орындалуын қатаң қадағалаушы рөлін мүлтіксіз атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |