Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет51/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi

Соғым қуырдағы. Соғым сойған күні жұмыс істеушілерге арнап қуырылатын мол қуырдақ. Бұл қуырдаққа да мойын ет, көк бауыр, өкпе-бауыр, ішек-қарын, іш май, түрлі қиқым еттер қосылады. Жас етті әуелі суға қайнатып пысытып алып турайды да, соңынан сорпаға тұз салып қайтадан әбден қайнатады. Пияз, бұрыш салынады. Қуырдақтың тұздығына май мен сорпа тең, кейде майы көбірек етіп жасалады.

Май қуырдақ. Семіз ірі қараның майлы еттерін турап сорпасымен қайнатып, үстіне мол етіп май құяды.

Сан еттің қуырдағы. Қысты күні қатып тұрған қол-саңдарды балтамен қырнап, шауып алып қуырады

Сүр қуырдақ. Кепкен сүрді ұсақтап турап қайнатады. Содан соң сорпасын төгіп тастап қайтадан май салып қуырады. Алғаш қайнағанда сүр ет жұмсарып, тұзынан, ашыған ескі дәмімен тазарады.

Өкпе-бауыр қуырдағы. Кілең өкпе мен бауырдан әзірленеді.

Қарын қуырдақ. Кілең қарын мен ішектен жасалады.

Қаймақ бұлаған немесе сары май қатқан қуырдақ.Мұндай қуырдақ көбінесе арық еттен немесе кепкен қара еттен жасалынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет