Н. Ж. Жапсарбаева Коучинг тақырыбы: «Жаңаша оқыту жетістік көзі»



Дата07.02.2022
өлшемі26,29 Kb.
#90427
Байланысты:
Коучинг тақырыбы Жаңаша оқыту жетістік көзі


Мұғалім Мерзімі:

Н.Ж.Жапсарбаева
Коучинг тақырыбы: «Жаңаша оқыту – жетістік көзі»



Мақсаты мен міндеттері:

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу .
Оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. 
Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Мектепте оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.
«Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді, бағалау парағы,

Күтілетін нәтижелер:

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді.




Әдістер мен тәсілдер:

Ой шақыру, мағынаны ажырату, рефлексия
Психологиялық дайындық, топқа бөлу, постер дайындау

Қажетті ресурстар:

Таныстырылым, АКТ , бейне таспа, фломастер, қалам, қарандаш, стикер, қағаз, плакат. А4, «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді, бағалау парағы,

Сабақтың кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру
(3 мин)

Топқа бөліну


(2 минут)

Коучердің кіріспе сөзі:




 «Менің жетістігім...» тренингі
Коучингке қатысушылар дөңгеленіп отырады. Барлығына «блоб ағашы» парақшаларын таратамын. Осы «блоб ағашына» әр мұғалім «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі жетістігім» орнын белгілейді. Ағаштағы орындары туралы пікірлерін айтады.

Мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана, құзырлы мұғалім болып саналады десек қателеспеспіз.

— Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу. Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.
Коучинг тақырыбымен таныстырамын.


Мұғалімдер өз жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады.
Тренингтен кейінгі сұрақтар
– Сіз неге осы орынды көрсеттіңіз?
– Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз?

Ендеше, табысты мұғалімнен білім алатын табысты , жетістігі мол оқушыларымыз көбейе берсін, дей отыра мұғалімнің үш көмекшісі арқылы топқа бөлінеміз



Ой шақыру
(10 минут)


Әр топқа ақ қағаз беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза оқушы. Жетістікке жету үшін осы оқушының бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз? Жетістікке жету үшін сабақта қандай әдістерді қолданасыз?

Әр топ постермен жұмыс жүргізеді.


ІІ. Негізгі бөлім
3. «Қошқар мен теке» мульфильмінен үзінді.

Топтық жұмыс


Постер қорғау
(15 минут )

Сұрақ: 1. Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер?
Топта ақылдаса отырып, талдау.
Топтарға тапсырмалар беріледі:
1-топқа: «Жаңа заманға – жаңа бағдарлама» 
Ақылдың алты қалпағы әдісі 
2-топқа: «ХХІ ғасыр мұғалімі»
Синквейн әдісі
3-топқа: «Мектептегі тәжірибе»
Свот талдау әдісі


.Қатысушылар мультфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен талдайды.

Мұғалімдер тапсырмаларын топпен бірлесіп, ойласып жасайды. Топ басшысы өздерінің жұмыстарын қорғайды.



Сергіту сәті
(5 минут)

 Мұғалімдер караокемен ән салады. 
«Ұстазым менің» әні

Мұғалімдер ән салып, жақсы көңіл күй орнайды, демалады.





Таныстырылым көрсету.
(10 минут)

Таныстырылым көру: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі». 


- Жаңашыл ұстаз болудың 13 критерийіне біздің жұмысымыз сай ма?
- Өзіңізге қандай баға берер едіңіз?
- Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай?



Мұғалімдер таныстырылым тамашалап, өз ойларымен бөліседі.

Рефлексия




Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін!
Әр мұғалім бүгінгі өткен сабақ бойынша кері байланыс жасайды



Кері байланыс парағы
Тапсырманы орындау маған ұнады?________________________
Ерекше қиын болды?________________________
Ең қызықты болғаны_______________________
Егер мен бұл тапсырманы тағы орындасам,келесілерді жасар едім______________________


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет