Н. К. Ахметов жги директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары



Дата04.08.2017
өлшемі217,83 Kb.
#22791
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



«Бекітемін»

Жаратылыстану және география

институтының директоры

__________К.Д. Каймулдинова

«__» ____ 2017 ж.



«6M011200 – ХИМИЯ» мамандығы бойынша магистратураға
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2017


Құрастырушылар: п.ғ.д., професор Шоқыбаев Ж.А.

х.ғ.к., профессор Сейтжанов А.Ф.

х.ғ.к., профессор Мансуров Б.А.

Химия кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № _ хаттама, «__» __. 2017 ж.




Кафедра меңгерушісі:

___________

Н.К.Ахметов


ЖГИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


Ж. Мукатаева



Қабылдау емтиханының бағдарламасы Жаратылыстану және география институтының кеңесінде бекітілді: № _ хаттама, «__» __. 2017 ж.



Бейорганикалық химия


  1. Химиялық элемент. Изотоптар. Жер қыртысында элементтердің таралуы. Сирек және шашыранды элементтер.

  2. Химиялық элементтердің жай және күрделі зат түрінде болуы. Аллотропия. Күрделі заттар. Құрам тұрақтылық заңы. Заттың тазалық дәрежесі туралы түсінік. Қарапайым және нақты химиялық формулалары.

  3. Массалар сақталу заңы. Химиялық реакциялар теңдеулері. Энергия сақталу заңы. Масса мен энергияның өзара байланысы. Эйнштейн теңдеуі. Гей-Люссактың көлем қатынас заңы. Еселік қатынас заңы.

  4. Химиялық эквивалент. Эквивалент массасы. Эквивалент заңы. Күрделі заттардың химиялық эквиваленті.

  5. Оксидтер. Оксидтердің жіктелуі. Номенклатурасы. Алыну жолдары. Физикалық және химиялық қасиеттері.

  6. Гидроксидтер. Еритін және ерімейтін гидроксидтер. Алу әдістері. Гидроксидтерді атау жүйесі, олардың физикалық және химиялық қасиеттері.

  7. Қышқылдар. Қышқылдардың жіктелуі. Номенклатурасы. Алыну жолдары. Физикалық және химиялық қасиеттері.

  8. Тұздар. Тұздардың жіктелуі. Номенклатурасы. Алыну жолдары. Физикалық және химиялық қасиеттері.

  9. Комплексті қосылыстар. Вернердің координациялық теориясының негізгі қағидалары. Комплекс түзуші, лигандтар, координациялық қосылыстардың ішкі және сыртқы сфералары. Координациялық қосылыстардың ең маңызды түрлері: аква-, ацидті комплекстер, аммиакаттар. Аталу жүйесі. Тірі жануарлардағы комплексті қосылыстар.

  10. Атом - күрделі микрожүйе. Протондар мен нейтрондардың динамикалық жүйесі – атом ядросы.

  11. Сутегі атомының Бор теориясы. Атомның алғашқы модельдері (Томсон, Резерфорд).

  12. Д.И.Менделеевтың периодтық заңы. Қазіргі нұсқасы. s-, p-, d-, f- элементтер. Периодтық жүйедегі элементтердің қасиеттерінің периодтар бойынша қайталануы (атомдар радиусы, иондану энергиясы, электртерістілік).

  13. Энергия, ұзындық, бағыт, полярлылық байланыстарының негізгі сипаттамасы.Байланыс түрлері: коваленттік және иондық.

  14. Квант сандары. Атом орбитальдары. Атомның электрондық формуласы.

  15. Иондық байланыс. Катиондар мен аниондар. Иондық байланыстың бағыты.

  16. Химиялық реакцияның жылу эффекттері. Химиялық қосылыстардың жылу түзуі. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Гесс заңы. Термохимиялық теңдеу.

  17. Химиялық реакциялар жылдамдығы туралы түсінік. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелділігі. Әрекеттесуші массалар заңы. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі. Химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Гомогенді және гетерогенді катализ.

  18. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің константасы. Ле-Шателье принципі.

  19. V топ-негізгі топша элементтеріне жалпы сипаттама. Азот, Фосфор құрылысы қасиеттері. Азоттың сутекті қосылыстары. Аммиак, аммоний тұздары.

  20. IV топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Құрылысы және қасиеттері. Қолданылуы. Алыну жолдары.

  21. ІІІ топ элементтеріне жалпы сипаттама. Алюминий. Бор. Бор қышқылы. Фихикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуы.

  22. VIII топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Электрондық құрылысы. Темір, кобальт, никель. Алыну жолдары. Қасиеттері. Қолданылуы.

  23. VII топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Электрондық құрылысы. Марганец. Марганецтің оттекті қосылыстары: оксидтер, гидроксидтер, қышқылдары. Алыну жолдары. Қасиеттері. Қолданылуы.

  24. ІІ топ элементтеріне жалпы сипаттама. Электрондық құрылысы. Магний. Кальций. Физикалық және химиялық қасиеттері. Алыну жолдары. Қолданылуы.

  25. VI топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Электрондық құрылысы. Хром. Хромның оттекті қосылыстары – оксидтері, гидроксидтері мен қышқылдары. Физикалық және химиялық қасиеттері. Алыну жолдары. Қолданылуы.


Негізгі әдебиеттер


  1. Б.А. Бірімжанов. “Жалпы химия”. Алматы 2000ж.

  2. Ж.Ә.Шоқыбаев. «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері». Оқу құралы. 1-бөлім. Абай ат. ҚазҰПУ-2010ж.

  3. Ж.Ә.Шоқыбаев. «Элементтер химиясы». Оқу құралы. 2-бөлім. Абай ат. ҚазҰПУ-2010ж.

  4. С.Ж. Пірәлиев,Б.М. Бутин, Г.М. Байназарова, С.Ж. Жайлау. Жалпы химия. 1-2томдар. Алматы -2003ж.

  5. Ж.Ә.Шоқыбаев және басқалар. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы, Мерсал, 2005.

  6. Ж.Ә.Шоқыбаев, Қаражанова Д.Ә., Оразбаева М.А. «Химия есептері мен жаттығулары». Оқу құралы. Алматы-2011ж. ИП Волкова Н.А.

Қосымша әдебиеттер


  1. Л.Б.Бабич, С.А.Балезин. Практикум по неорганической химии. М,1991 г.

  2. А.И.Врублевский 1000 задач по химии. Минск, 2003 т.

  3. С.К.Мырзалиева, Ж.Ы.Сабыралиева. “Жалпы және бейорганикалық химия практикумы”, Алматы, “Prints”, 2005 ж.

  4. Қ.Ә.Дүйсебаев, К.М.Нарманова. Бейорганикалық химия. 300 есеп. Алматы, “Мектеп” 2004 ж.

  5. Глинка.Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. Л.Химия.1988.

  6. Угай Я.А. Общая химия. –М: Высшая школа, 1989.

  7. Ерыгин В.П. Методика решения задач по химии. М: Просвещение. 1992.

  8. К.А. Аханбаев. “Жалпы және бейорганикалық химия”. Алматы “Сана”, 1999 ж.

  9. Ю.М.Ерохин. Химия в вопросах и ответах (учеб. пособие). Москва, Проспект-2010г. (144 стр.)

  10. Ж. Шоқыбаев. “Бейорганикалық және аналитикалық химия”. Алматы “Білім”, 2003ж.

  11. Өтелбаева А., Өтелбаев Б. Химия 1-2-3-4-5-6 том. Шымкент. 2002 ж.

  12. Қ. Бекішев. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Алматы, АОМКДИ-2009.

  13. Қ. Бекішев, Р. Рысқалиева, Солтанбекова. Жалпы химия есептері мен жаттығулары. Оқу құралы. Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы – 2009.

  14. Қ. Бекішев. Бейорганикалық реакциялар тізбектері. Алматы, АОМКДИ-2009.


Органикалық химия
1. А.М. Бутлеров теориясының негізгі қағидалары. Атомдардың электрондық құрылысы тұрғысынан органикалық молекулалардың құрылыс теориясы. Құрылыс изомериясының (көміртек қаңқасының, функциональдық топшаның орналасу жағдайының, таутомерия) және кеңістік изомериясының (геометриялық, оптикалық, конформациялық) түрлері. Мысалдар.

2. Молекуладағы атомдардың өзара әсері. Индукциялық эффект (I) және (+I, -I), мысалдар. Мезомерлік эффект (М) және оның түрлері (+М, -М). Қосарлану эффектілерінің түрлері (π – π, δ - π )7 Мысалдар.

3. Органикалық реакциялардың классификациясы: а) бағыты бойынша (рынбасу, бөліну, қосылу, қайта топтасу); б) коваленттік байланыстың үзілу түріне қарай немесе әрекеттесуші бөлшектердің сипатына қарай; в) реакция жылдамдығын анықтайтын сатыға қатысатын бөлшектердің саны бойынша. Мысалдар.

4. Қаныққан көмірсутектер. Гомологтік қатары. Изомериясы. Номенклатурасы (тарихи, рационалды, халықаралық). Көмірсутек радикалдары. Алкандардың алыну әдістері: көміртек тізбегі өзгермей жүретін, көміртек тізбегінің ұзаруы және қысқаруы арқылы жүретін әдістер.

5. Метан және этан молекулаларының кеңістік және электрондық құрылысы. Алкандардың қасиеттері. Орынбасу реакциялары (галогендеу, нитрлеу, сульфохлорлау.) Радикалды механизм.

6. Көмірсутектердің галогентуындылары. Изомериясы, номенклатурасы. Алкандардан, спирттерден, этиленді және ацетиленді көмірсутектерден алу жолдары.

7. Көмірсутектердің галогентуындылары. Химиялық қасиеттері. Орынбасу реакциялары. Нуклеофильді орынбасу реакцияларының механизмі. Мысалдар. Бөліну реакциялары. Зайзев ережесі.

8. Алифатты қатардың аминдері. Изомериясы, номенклатурасы. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдер. Төртіншілік аммоний тұздары. Аминдердің алынуы (галогеналкандардан, нитроқосылыстар және нитриттерді тотықсыздандыру). Аминдердің қышқыл – негіздік қасиеттері.

9. Алкендер. Гомологтік қатары, изомериясы, номенклатурасы. Алкендердің алыну жолдары (алкандардан, алкилгалогенидтерден, спирттерден, алкиндерден). Бөліну реакциясының механизмі. Зайцев ережесі.

10. Этилен мен прпиленнің құрылысы. Алкендердің химиялық қасиеттері. Қос байланыс бойынша электрофильді механизмі (галогендеу, гидрогалогендеу, күкірт қышқылының гидротациясы). Марковников ережесі. Марковников ережесінен ауытқуы.

11. Алкендердің химиялық қасиеттері. Тотығу, озондану реакциялары. Полимерлену және сополимерлену реакциялары. Полимерлердің мақызы.

12. Диенді көмірсутектер. Изомериясы, номенклатурасы.1,3 - бутадиеннің электрондық құрылысы (π,π - қосарлану). Қосылудың электрофильді механизмі (галогендердің және галогенсутектердің диенді көмірсутектерге қосылуы) . Бутадиенді және изопренді синтездеу. Қолданылуы.

13. Алкиндер. Изомериясы, номенклатурасы. Ацетиленнің электрондық құрылысы. Көміртегі атомының валенттік күйінің оның электртерістілігімен байланысы. Ацетиленнің қышқылдық қасиеттері.

14. Алкиндердің химиялық қасиеттері. Қосылу реакциялары (гидрогендеу, гидрогалогендеу,цианды сутек және сірке қышқылының сірке қышқылының қосылуы. А6 механизмі. Гидротациялану реакциясы. Эльтеков ережесі.

15. Бір атомды спирттер. Гомологтік қатары, изомериясы және номенклатурасы. Этил спиртінің электрондық құрылысы. Физикалық қасиеттері, оларға сутектік байланыстың әсері. Спирттердің алыну жолдары (алкандардан, алкендерден, галогеналкандардан, карбонилді қосылыстардан, күрделі эфирлерден, аминдерден, Гриньяр реактивінің көмегімен).

16. Спирттердің химиялық қасиеттері. Қышқылдық – негіздік қасиеттері. Судың біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттердің қышқыл – негіздік қасиеттерін салыстыру. Спирттердің металдармен, магний органикалық қосылыстармен әрекеттесуі.

17.Спирттердің химиялық қасиеттері. Гидроксил топшасын галогендермен нуклеофильді орынбастыру, жай және күрделі эфирлердің түзілуі. Этиленді кқмірсутектердің алынуы. Спирттердің тотығуы.

18. 21. Екі және үш атомды спирттер. Изомериясы, номенклатурасы, алыну және қасиеттері. Бір, екі және үш атомды спирттердің қышқыл – негіздік қасиеттерін салыстыру.

19. Альдегидтер мен кетондар. Гомологтік қатары, изомериясы және номенклатурасы. Алыну жолдары: спирттерді тотықтыру, карбон қышқылдары және олардың тұздарынын, дихлортуындылардан, Кучеров реакциясы бойынша.

20. Карбонил топшасының электрондық құрылысы. Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері. Нуклеофильді қосылу: сутегінің, цианды сутек қышқылының, магний органикалық қосылыстардың, спирттердің, аммиак және оның туындыларының қосылуы. Альдегидтер мен кетондардың реакциялық қаблеттілігін салыстыру.

21. Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері. Конденсациялану (альдолды және кротонды) реакциялары. Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Попов ережесі. Орынбасу және полимерлену реакциялары.

22. Монокарбон қышқылдар, изомериясы және номенклатурасы. Карбоксил топшасының электрондық құрылысы. Карбонил және карбоксил топшасының өзара әсері. Карбон қышқылдарының қышқылдық қасиеті. Көмірсутек радикалдарының қышқылдық қасиетке әсері. Минералды, органикалық қышқылдардың, судың, спирттердің және аминдердің қышқылдық қасиеттерін салыстыру.

23. Карбон қышқылдарының алыну жолдары: спирттерден, альдегидтерден, галогеналкандардан, нитрилдерден, магний органикалық қосылыстардан және майлардың гидролизінен алу. Ацетиленнен синтетикалық сірке қышқылын өндіру .

24. Карбон қышқылдарының туындылары. Нуклеофильді орынбасудың жалпы механизмі. Ангидридтерді, хлорангидридтерді (фосфор (v) хлоридінің және тионилхлоридтің әрекеті арқылы) және қышқыл тұздарын алу. Оларды ацилдеуші реагент ретінде қолдану ( гидролиз, алкоголиз, аммонолиз).

25. Карбон қышқылдарының туындылары. Этерификациялану реакциялары бойынша карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін алу, оның механизмі ( қышқылдық катализ). Таңбалы атом әдісін пайдалану. Гидролиз ( қышқылдық және сілтілік катализ), қайта Этерификациялану және аммонолиз реакциялары. Табиғаттағы күрделі эфирлер және олардың өнеркәсіптегі маңызы.

26. Карбон қышқылдарының туындылары. Карбон қышқылдарының амидтерін алу: аминдерді ацилдеу, нитрилдерді жартылай гидролиздеу, аммоний тұздарын термиялық ыдырату. Амидтердің электрондық құрылысы. Аминдер мен амидтердің қышқылдық және негіздік қасиеттерін салыстыру. Амидтердің гидролизі, амидтердің азот қышқылымен әрекеттесуі.

27. Майлар, олардың құрылысы, құрамы және биологиялық маңызы. Майлардың гидролизі, гидрогендеу. Сабын, оларды майлардан алу, синтетикалық жуғыш заттар.

28. Оксиқышқылдар, изомериясы және номенклатурасы. Оксиқышқылдарды альдегидтер мен кетондардан оксинитрилдер арқылы, қышқылдардың галогентуындыларын гидролиздеу, қанықпаған қышқылдарды гидратациялау арқылы алу.Оксикарбон қышқылдарының буфункционалды қосылыс түріндегі химиялық қасиеттері. α, β, γ – оксиқышқылдарының қыздыруға қатнасы.

29. Оксиқышқылдарының (сүт, шарап, алма) оптикалық изомериясы. Оптикалық активтілік, оптикалық антиподтар, рацематтар, диастереомерлер, мезоформалар, бұру таңбасы. Фишердің проекциялық формулалары. L, D – қатарлар.

30. Энантиомерлердің, рацематтардың, диастереомерлердің физикалық және химиялық қасиеттері. Рацематтарды антиподтарға бөлу жолдары: кристалдану кезінде өздігінен ыдырау, биохимиялық, химиялық (диастереомерлерге ауыстыру) және хроматографиялық әдістер.

31. Дикаобон қышқылдары, гомологтік қатары, номенклатурасы. Дикарбон қышқылдарының қышқылдық қасиеттерін бір негізді қышқылдармен салыстыру. Қымыздық, малон, янтар және глутар қышқылдарының қыздыруға қатнасы. Қымыздық қышқылын күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда ыдырауы, оның тотықтырғыштарға әсері. Малон қышқылының құрылысы. α – жағдайдағы сутегі атомының қозғалғыштығы. Натриймалон эфирінің негізінде синтездеу.

32. Аминқышқылдары, изомериясы және номенклатурасы. Аминқышқылдарын алу: α – галогенқышқылдарды аминдеу, албдегидтер мен кетондардан, белоктарды гидролиздеу арқылы алу. Химиялық қасиеттері. Амфотерлік. Мыс (II) иондарымен беретін комплексті тұздар. Амин топшасының (алкилдеу, ацилдеу, азот қышқылымен әрекеттесу) және карбоксил топшасының (күрделі эфирлердің, галогенангидридтердің, амидтердің түзілуі) реакциялары. α, β, γ және δ – аминқышқылдарының қыздыруға қатнасы. Лантам – лактимді таутомерия. Полипептидтер.

33. Көмірсулар: классификациясы, оптикалық изомерия. Структуралық, проекциялық, перспективті және конформациялық формулалар. Антиподтар, диастереомерлер, эпимерлер. Мутаротация. Тізбекті және циклді формалардың оптикалық изомерлерінің саны.

34. Моносахаридтердің химиялық қасиеттері. Карбонилді формаларының көгерткіш қышқылмен, фенилгидразинмен реакциялары. Альдозалар мен кетозалардың көп атомды спирттерге дейін тотықсыздануы. Тотығу реакциялары, моносахаридтерге сапалық реакциялар (күміс айна және мыс (II) гидроксидімен). Циклді формалардың реакциялары (гидроксил топшплары бойынша), метилдену.

35. Дисахаридтер, мальтоза және сахароза: химиялық қасиеттеріндегі айырмашылық, биологиялық маңызы.

36. Күрделі көмірсулар, маңызды өкілдері. Крахмал. Амилоза мен крахмал құрылыстарындағы айырмашылық. Крахмал мен целллюлозаның гидролизденуі. Целлюлозаны нитрлеу және ацетилдеу, олардың практикалық маңызы.

37. Циклоалкандар. Циклдегі көміртегі атомдарының санына қарай, бүйір тізбектің құрылысына және циклдегі орынбасушылардың орналасу жағдайына қарай болатын изомерия түрлері. Стереоизомерия түрлері: геометриялық, оптикалық, конформациялық. Циклобутанның, циклопентанның, циклогексанның қасиеттерін алкандар мен алкендердің қасиеттерімен салыстыру (сутегінің, галогендердің, галогенсутектердің,тотықтырғыштардың әрекетіне қатынасы).

38. Бензол. Бензол молекуласының электрондық құрылысы. Ароматтылық. Ароматты көмірсутектердің алынуы (циклоалкандар мен циклоалкендерді дегидрогендеу, алкандардың дегидроциклденуі).

39. Бензолдың және оның алкил туындыларының химиялық қасиеттері. Электрофильді орынбасу реакцияларының (галогендену, нитрлену, сульфирлену, алкилдену) механизмі.

40. Бензол сақинасындағы электрофильді орынбасу реакцияларының бағытталу ережелері.

Бірінші және екінші ретті орынбасушылар. Галоген атомының ерекшелігі. Статикалық және динамикалық көзқарастар. Екі алмасқан бензол молекуласындағы бағытталу. Келісімді және келісімсіз бағытталу.

41. Ароматты қосылыстардың галоген туындылары. Толуолдың сақинада және бүйір тізбекте галогенденуі. Хлорбензолдың электрондық құрылысы. Активті және активсіз галоген атомын нуклеофильді орынбастыру. Хлорбензол ядросындағы электрофильді орынбасу (хлорлау, нитрлеу). Бүйір тізбектегі галоген атомының қасиеттері.

42. Ароматты сульфоқышқылдар. Бензол және оның туындыларын сульфирлеу. Бензолсульфоқышқылының электрондық құрылысы. Химиялық қасиеттері. Сульфотопшаның реакциялары (қышқылдық қасиеттері, сульфохлоридтер мен сульфоамидтердің алынуы). Десульфирлеу, сілтілік балқыту (SN). Бензолсульфоқышқылын-дағы электрофильді орынбасу.

43. Ароматты нитроқосылыстар. Бензол және оның туындыларын (фенолды, хлорбензолды, нитробензолды) нитрлеу. Толуолдың сақинада және бүйір тізбекте нитрлену жағдайлары. Нитробензолдың электрондық құрылысы. Нитротопшаның орто- және пара- жағдайлардағы галоген атомының реакциялық қабілеттілігіне әсері.

44. Фенол, алынуы (изопропилбензолдан, ароматты сульфоқышқылдарды сілтімен балқыту, арилгалогенидтерді және диазоний тұздарын гидролиздеу). Фенолдың электрондық құрылысы. Қышқылдық қасиеттері. Бірінші және екінші ретті орынбасушылардың фенолдың қышқылдық қасиеттеріне әсері. Ядродағы электрофильді орынбасу реакциялары (галогендеу, нитрлеу, алкилдеу). Фенолдардың, спирттердің, көмір қышқылының қышқылдық қасиеттерін салыстыру.

45. Ароматты аминдер, изомериясы және номенклатурасы. Анилиннің (нитробензолдан) , екіншілік және үшіншілік аминдердің алынуы. Анилиннің электрондық құрылысы. Химиялық қасиеттері: ядродағы электрофильді орынбасу реакциялары (орто-, пара- және мета-нитроанилиннің алынуы); амин топшаның реакциялары ( алкилдену, ацилдену, арилдену, азотты қышқылмен әрекеттесуі).

46. Арилдиазоний тұздары. Диазоний тұздарын алу, диазоттану реакциясы және оның жүру жағдайы. Арилдиазоний катионының электрондық құрылысы, шекті структуралар, мезоформулалар. Ортаның рН-на сәйкес болатын диазоқосылыстардың формалары. Химиялық қасиеттері: азот бөліне жүретін және бөлінбей жүретін реакциялар. Фенолдармен және үшіншілік ароматты аминдермен жүретін азобірігу реакциялары, жағдайы және механизмі. Азоқосылыстар, азобояулар, азотопшаның электрондық құрылысы. Азобояуларға мысалдар.

47. Бензол сақиналары конденсацияланбаған көп ядролы ароматты қосылыстар. Дифенил, оның алынуы. Динитродифен қышқылының оптикалық изомериясы (атропоизомерия). Дифенилметан, трифенилметан, трифенилхлорметан, трифенилкарбинол, құрылысы, алынуы. Трифенилметил радикалы, катионы және анионы, электрондық құрылысы. Трифенилметан қатарының бояулары.

48. Бензол ядролары конденсацияланған ароматты көмірсутектер. Нафталин, изомериясы және алынуы. Нафталиннің құрылысы. Квазиароматтық қасиеттері. Орынбасу, қосылу реакциялары және нафталиннің тотығуы. 1,4-нафтохинон туындыларының биологиялық маңызы, К витамині. Антрацен, ароматтық және қанықпағандық сипаты (квазиароматтық).

Орынбасу, қосылу реакциялары, диендік синтез. Антраценнің тотығуы. Бензолдың, нафталиннің және антраценнің ароматтық қасиеттерін салыстыру. Фенантрен, табиғи қосылыстардағы фенантрендік цикл. Тас көмір шайырындағы канцерогендік көмірсутектер (3,4-бензопирен және т.б.).

49. Бес мүшелі гетероциклдер (фуран, тиофен, пиррол) және олардың электрондық құрылысы. Гетероциклдердің квазиароматтық қасиеттері. Қосылу (гидрогендеу, диендік синтез) және электрофильді орынбасу (нитрлеу, сульфирлеу, ацилдеу) реакциялары. Пиррол, фуран, тиофен, бензол және нафталиннің электрофильді орынбасу реакцияларындағы реакциялық қабілеттігін салыстыру.

50. Алты мүшелі гетероциклдер (пиридин, пиримидин, пурин). Пиридиннің электрондық құрылысы. Придиннің, бензолдың, бес мүшелі гетероциклдердің реакциялық қабілеттіліктерін салыстыру. Пиридин ядросындағы нуклеофильді орынбасу реакциялары. Пиридиннің негіздік қасиеттері және оны пиперидиннің, пирролдың, анилиннің негіздік қасиеттерімен салыстыру. Пурин және пиримидин негіздері, олардың құрылысы, қасиеттері.




Негізгі әдебиеттер:

1. Ахметов Н.С. Неорганическая химия М.,Высшая школа,1975

2. Некрасов Б.В. Общая и неорганическая химия М., Химия 1973 в трех томах.

3. Глинка Н.Л. Общая химия М.,1979

4. Николаев Л.А. Общая и неорганическая химия М., Просвещение, 1974

5. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органическая химия М., 1974

6. Перекалин В.В., Зонис С.А. Органическая химия М., 1982

7. Несмеянов А.Н., Несмеянов Н.А. Начало органической химии М.,1982



8. Нейланд О.Я. Органическая химия М., 1990


Қосымша әдебиеттер:

I. Угай Я.А, Общая химия М., Высшая школа,1977

2. Гринберг А.А. Введение в химию комплексных соединений.

3. Дей К., Сэлбин Д. Теоретическая неорганическая химия. Химия, 1976

4. Карапентьянц М.X., Дрaкин С.И. Строение вещества., Высшая школа, 1978

5. Днепровский А.С., Темникова Т.И. Теоретические основы неоргани­ческой химии Л., 1979

6. Робертс Дж.Касерио М. Органическая химия. М.,1978 Т.1.П.

7.Потапов В.М. Стереохимия. М., 1976

8. Грандберг И.И. Органическая химия. М., 1976

9. Сеитжанов А.Ф. Органическая химия. Алматы, 1993




Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша сұрақтар


  1. Әңгіме оқыту әдістемесі және оның құрылымы.

  2. Жабық тест тапсырмаларын құрастыру технологиясы

  3. Химия курсының мазмұны, құрылымы және теориялық негіздері.

  4. Ашық тест тапсырмаларын құрастыру технологиясы.

  5. Химияны оқыту жүйесіндегі көрнекі эксперимент, оның сабақтың құрылысындағы орны.

  6. Сәйкестік тест тапсырмалары. Оларды құрастыру технологиясы.

  7. Оқушылардың білімі мен біліктілігін ауызша тексеру әдістері.

  8. Тіркес тест тапсырмаларын құрастыру технологиясы.

  9. Химияны оқыту кезінде туындайтын мәселелер, мысалдар.

  10. Алкандардың номенклатурасы және изомериясын оқыту әдістемесі.

  11. Зертханалық тәжірибелер, орны, мақсаты және ұйымдастырылуы мен жүргізілуі.

  12. Электролиттік диссоциация теориясын оқыту әдістемесі. Диссоциация механизмін көрсетудің әдістемесі.

  13. Көрнекі түрде жасалатын тәжірибелерге қойылатын талаптар.

  14. Амфотерлі қосылыстардың химиялық қасиеттерін оқыту әдістемесі.

  15. Сарамандық сабақтың орны, ұйымдастыру, өткізілуі.

  16. Зат массасының сақталу заңы және оны химиялық реакция теңдеулерін құруда пайдалану.

  17. Ұзақ және қысқа мерзімді жазбаша жұмыстарды бағалау.

  18. Изомерия мен органикалық қосылыстардың номенклатурасын оқыту әдістемесі.

  19. Химия бойынша факультативтік сабақтар, оның мақсаты мен маңызы, ұйымдастырылуы және тақырыптары.

  20. Органикалық зат молекулаларының құрамындағы атомдардың бір-біріне әсері ұғымын қалыптастыру және дамыту.

  21. 8 сыныпта химиялық алғашқы ұғымдарды қалыптастыру.

  22. Қышқылдарды оқыту әдістемесі, оны оқытудың тіркестігі.

  23. Химияны оқытуда әңгімелесу және оны пайдалану.

  24. Негіздерді оқыту әдістемесі, оны оқытудың тіркестігі.

  25. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсініктерді қалыптастыру. Бірізділік және оларды оқыту әдістемесі.

  26. Күрделі заттар құрамындағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтау әдістемесі.

  27. Ковалентті байланыс ұғымын қалыптастыру әдістемесі, оқыту жоспары.

  28. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылысы.

  29. «Тұздар гидролизі» тақырыбын оқыту әдістемесі.

  30. Алмасу реакциясын проблемалық оқыту.

  31. Органикалық заттардың құрылыс теориясы, оның маңызы.

  32. Этил спиртінің құрылысын оқыту.

  33. Қанықпаған көмірсутектерді оқытқан кезде оқушылдардың органикалық зат молекулаларының кеңістік және электрондық құрылымы туралы түсінігін дамыту.

  34. Қанықпаған көмірсутектердің номенклатурасы мен изомериясын оқыту.

  35. Қаныққан көмірсутектерді оқытқан кезде оқушылдардың органикалық зат молекулаларының кеңістік және электрондық құрылымы туралы түсінігін дамыту.

  36. Фронтальды тексеру әдісі.

  37. Метанның кеңістік құрылысын оқыту әдістемесі.

  38. Зат құрамының тұрақтылық заңы, оның дәлелдемелері.

  39. Оксидтерді оқыту әдістемесі, оны оқытудың тіркестігі.

  40. Химия пәніндегі аралас сабақ, құрылымы.

  41. Факультатив сабақтар өткізу әдістемесі.

  42. Оқушылардың білімін ауызша тексеру.

  43. Моль ұғымымен байланысты есептеулер.

  44. Кальций және оның қосылыстарына тәжірибелердің техникасы мен әдістемесі.

  45. Реакция өнімінің теориялық шығымымен салыстырып практикалық шығымын есептеу есептерінің әдістемесі.

  46. Күкірт және оның қосылыстарымен тәжірибелердің техникасы мен әдістемесі.

  47. Мектептегі химия курсын құрудың принциптері.

  48. Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі.

  49. Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулердің түрлері және әдістемесі.

  50. Оқушылардың білімін жазбаша тексеру әдістері.

Химия кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор _______________ Ахметов Н.К.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет