276
−
компромиске дайындық, шешімдерді өзара іздеу;
−
өзара тиімді альтернативаларды жасау;
−
тұлғалық және ұйымдастыру факторларын қиыстыруға
ұмтылу;
−
қабылдау іс-әрекеттің қалыпты факторы ретінде.
Дау-дамайды шешудің әріптестік типінің өз артықшылық-
тары бар. Ол мәселені шешудің нақты жағдайына жақын, бі-
ріктіретін факторларды табуға, яғни, тараптардың мүдделерін
қанағаттандыруға (кейде, мүмкін, толық емес) мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, ұйымда дау-дамайды жылдам және толық
шешуге ұмтылу өте маңызды екенін айта кетейік, өйтпеген жағ-
дайда олар үздіксіз кикілжіңге ұласа беруі мүмкін. Осы кезде
жағымды еңбек жағдайын жасаудың, еңбек қызметі барысында
ұжым мүшелерінің бір-біріне тілектестік тұлғааралық қарым-қа-
тынасын қалыптастырудың, себептерді сылтаулардан ажырата
білу іскерлігінің, дау-дамайды шешудің неғұрлым дұрыс тәсіл-
дерін таңдаудың да маңыздылығы өте зор.
Бұл ұйым басшысының алғашқы міндеттерінің бірі. Өйткені
тиімді басқару – бұл соның ішінде ұйым алдына қойылған мін-
деттерді ең аз шығындармен іске асатын жағдайды жасай білу
іскерлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: