280
−
сұхбаттасушының пікірін толық айтып беруіне мүмкіндік
беру, оны мұқият тыңдау; тікелей қайталау, тыңдағанын талдау
немесе қорытынды жасау жақсы нәтиже береді – сол арқылы
адамға оны тыңдағанын түсінуге мүмкіндік береді;
−
әлеуметтік және физикалық қашықтықты оңтайлы деңгейге
дейін қысқарту;
−
серіктестің назарын ауыр мәселеден қысқа уақытқа болса
да басқаға аударту, мұнда кез келген амалдар қолданылуы мүм-
кін – басқа жерге отыру, қоңырау шалу, жазып алуды сұрау-
дан бастап қандай да бір миға қонымсыз ойды, әзілді айтуға
дейін;
−
сіздердің мүдделеріңіздің, мақсаттарыңыздың, міндеттері-
ңіздің жалпылығын атап көрсету;
−
сұхбаттасқа оның сөздері тудырған сіздегі жағдай, сезім
туралы дайын емес бағалауларды және пікірлерді айту; бұл
сұхбаттастың сізге қысқа жауап қайырмай, ашық, мақсатты, өз
ұстанымын айта отырып жауап беруге мәжбүрлейді;
−
сынға ескерту, сөгістерге жауап беруден бұрын, нақты не
көзделіп отырғанын ашып алу қажет; сіз барлығын дұрыс тү-
сінгеніңізге сенімді болуыңыз керек.
Әрбір жеке жағдайда жанжалдың себебі айқын болғанымен,
барлық жанжалдар ұқсас негізге ие:
Достарыңызбен бөлісу: