300
ХХІ ғасыр айшылық алыс жерден
қасқағымда жедел хабар
алғызып, ақпарат ағынын арттырып тұр. Соның нәтижесінде біз
өмір сүріп жатқан кезең – белсенді жүріп жатқан өзгерістер,
сілкіністер мен катаклизмдердің уақыты. Оның қарқыны өте
жоғары және бізден кез келген сәтте толық дайындықты, жан-
тәнімен берілуді және тұрғылықты концентрацияны талап етеді.
Өмірінде болып жатқан барлық
өзгеріске дереу әрекет етіп,
әрқашан лайықты жауап бере алатын адам жоқ. Ерте ме, кеш пе
барлығымыз қандай да бір күйзеліспен кездесетініміз анық.
«Стресс» (
ағылш
.
Stress – зорлану, күштену, қиналу, күй-
зеліс) – психологияда, физиологияда, медицинада – түрлі ситуа-
цияларға (жағдайларға) байланысты оқыс әсерленушілік. Стресс
– ортаның күші мен қасиеті әртүрлі түрткілеріне жауап ретінде
туатын организмнің бейарнамалы әсерленісінің жиынтығы.
«Стресс» атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш
XX ғасырдың 60-жылдары енгізді. Күйзеліс туындауының се-
бептері алуан түрлі. Өмірге қатысы бар кез келген нәрсе себеп
болу мүмкін. Мысалы, сыртқы себептерге жұмысты ауыстыру,
туысқанның қайтыс болуын, т.б. жатқызуға болады. Ішкі себеп-
терге өмірлік ұстанымдар мен құндылықтарды жатқызамыз.
Өзін-өзін бағалау да осыған кіреді.
Клиникалық бақылаулар
ұсақ күйзелістердің ағзаға пайдалы екендігін дәлелдеді. Олар
адамды «өзін оятуға», күш жігерін арттыруға итермелейді.
Күйзеліске
көбінесе
кімдер
шалдығады
?
1)
әйелдер, себебі олар ер адамдарға қарағанда эмоцияға бе-
рілгіш;
2)
қариялар мен балалар;
3)
өзін-өзі төмен бағалайтындар;
4)
экстраверттер;
5)
невротиктер;
6)
алкогольді көп ішетіндер;
7)
генетикасынан күйзеліске икемділер.
Күйзеліс
қандай
дерттерге
әкеледі
?
Күйзелістен
не
туындауы
мүмкін
?
тамыр және жүрек
аурулары
жарақат немесе дағдарысты жағдай
қабынулар
күнделікті ұсақ кикілжіңдер
301
ұйқының бұзылуы
жанжал/жағымсыз адамдармен
қатынас
бас
ауруы мен бұлшық еттің
ширығуы
көздеген мақсатқа жеткізбейтін
қиындықтар
депрессия және үрейлену
үзіліссіз қысым сезіну
ас қорытудың бұзылуы
әрдайым шуды сезіну
демалудың бұзылуы
монотонды және қызу жұмыс
семіру
өзінді-өзін айыптай беру, төмен
бағалау
диабет
қаржылық қиындықтар
Күйзеліске
қарсы
белсенді
әрекет
ету
шаралары
Біріншіден, күйзелістің жеке көрінісін талдау. Анализ келесі
міндетті әрекеттерді қосады:
−
стрессорлардың тізімін құру (жағдайды басқаруға, мәсе-
лені шешуге және тереңірек түсіндіруге көмектеседі);
−
стрессорларды саралау (ең күштіден ең әлсізіне қарай);
−
стрессорларға қатысты нақты және жүзеге асатын іс-әре-
кеттерді жоспарлау. Іс-әрекеттер түрлерінің келесідей үшеуін
белгілеуге болады:
1)
табанасты немесе дереу әрекет (бүгін немесе жақын ара-
дағы күндерде стрессорларға қатысты
шара қолдануға болатын
жағдай. Мысалы, қызметтік міндеттер, белгісіздік);
2)
перспективті әрекет (түзетуге келетін, бірақ қашан шеші-
летіні белгісіз стрессорларға қатысты. Мысалы, өте ауыр жүк-
темелер);
3)
елемеушілік немесе бейімделу (жақын болашақтағы қол
жетерлік жағдайда
емес стрессорларға қатысты; бұндай стрес-
сорларға бейімделіп немесе сол қалпында қабылдай білу қажет.
Мысалы, ұнамсыз жұмыс жағдайы).
Күйзеліске қарсы тұру үшін ағзаның физиологиялық қабі-
леттерін жұмылдыру (мобилизация):
−
күнделікті сұйықтық қабылдауды өсіру арқылы (сұйық-
тықты сегіз-он стақанға дейін);
Достарыңызбен бөлісу: