Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет115/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

істің
 
шынайы
 
жағдайы
 
адамдардың
 
күтулеріне
 
қарама
 
қайшылықта
 
болады

Егер бұл 
солай болса, онда жанжалды шешудің екі стратегиялық жолын 
көрсетуге болады: не шынайылықты қарсы пікір білдірушінің 
күтулеріне қайта құруға, не болмаса, қарсы пікір білдірушілер-
дің істің мән-жайына қатынасын өзгертуге тырысуы. Ал, ең 
алдымен, екі бағыт бойынша да бірдей әрекет ету қажет [35]. 
1. 
Серіктестік
 
атмосферасын
 
құру

Жалжалдасушы тарап-
тардың алғашқы кездесу сәтінен бастап және әрбір келесі кез-
десулердің басында бірнеше минут ресми емес сұхбат жүргізу 
қажет. 
2. 
Сөйлесудің
 
ашықтығына
 
тырысыңыз

Келіссөздерге қа-
жетті ақпараттарды дайындаңыз. Ең басынан-ақ бір сөзді әр түр-
лі мағынада түсінбеу үшін терминология туралы келісіп алыңыз. 
3. 
Жанжалдың
 
бар
 
екенін
 
мойындаңыз

Қызығы сол, бұл 
барлығынан да қиын. 


281 
4. 
Іс
-
шара
 
туралы
 
келісіп
 
алыңыз

Егер жанжал мойындалса, 
онда ол жылдам шешілмейтіні айқын, сондықтан нәтижесіз пі-
кірталастарды жалғастырудың орнына, оны жеңу үшін қайда 
және қашан бірлесіп жұмыс жасайтындарыңызды келісіп алы-
ңыз... Талқылауда кімнің қатысатындығы туралы алдын ала 
келісіп алған жөн.
«Үй мен қабырғалары көмектесетін» болғандықтан, бейта-
рап жақта немесе тараптардың әрқайсысының жағында кезекпен 
жиналған жақсы. 
5. 
Жанжалдың
 
мәселесін
 
тұжырымдаңыз

Мұнда басты 
міндет реттеуге келетін екі жақты мәселелер терминінде жан-
жалды анықтап алудан тұрады. Осы сатыда «біздің» мәселеге 
қарағандай қарау керек 

бұл серіктестік рухын бірден көрсе-
теді. Екі тарап та жағдай туралы өз пікірін айтуы қажет. Олар 
шиеленісті неден көріп тұр, бұл оларда қандай сезім туғызады 
және оның ерекшеліктері 

әрқайсысы жанжалдық жағдайға өз 
үлесін бағалайды.
Әрбір тарап көрмей және мойындамай тұрған жақтарды
да айқындап алуы да маңызды. Оның шешімін күрделенді- 
руге қабілетті жасырын мүдделерден және жеке шамдану-
шылықтан жырақ болуға барынша тырыңыз. Осы мақсатта 
тараптардың нақты әрекетіне, қажеттіліктеріне және даулы 
нәрселерге назарыңызды аударыңыз, тұлғаның жеке басына
өтіп кетпеуге тырысыңыз. Адамдардың ниеттерін талқылау 
немесе мінез-құлқында жеке мақсатын анықтаудың қажеті ша-
малы. 
6. 
Шешімнің
 
мүмкін
 
болған
 
нұсқаларын
 
зерттеңіз

7. 
Келісімге
 
қол
 
жеткізіңіз

Мұнда айтылған ұсыныстарды 
талқылау және баға беру, содан кейін ең оңтайлысын таңдау 
қажет. Ол екі тараптың да талаптарын ескеруі, яғни келісімді 
болуы қажеттілігі сөзсіз. Кейде келіспеушіліктерді реттеу үшін 
бір кездесудің және келіссөз жүргізудің өзі жеткілікті. Басқа 
жағдайларда, мәселе аса маңызды әрі күрделі болғанда, келіссөз 
жүргізудің бірнеше кезеңі қажет болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет