309
әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың»
барлығы «би» деп аталғанын жазып кетті. Ал қазақтардың дәс-
түрлі түсінігінде «би» мынандай төрт түрлі мағынаға ие атау:
1. Ел билеушісі, иелік етуші; 2. Сот, төреші; 3. Батагөй, шешен;
4. Бітістіруші, дипломат, елші.
Иә, қазақтың Майқы биі, Аяз биі, Мөңке биі, Бейсенбі биі,
Әнет биі, Бұхар биі, Төле биі, Қаз дайысты Қазыбек биі, Әйтеке
биі, Нияз биі (Тілеуліұлы), Шоң биі, Шеген биі (Мұсаұлы),
Мамашәріп биі, Беген биі (Азынабайұлы) және тағы да басқа
билері осындай данагөй,
қара қылды қақ жаратын әділ, ел мен
елді, ағайынды бір-бірімен жарастырушы бітімгер, халық қатты
құрметтеген тарихи тұлғалар. Тарихи, энциклопедиялық әде-
биеттерде оншақты би-шешендер хақында айтылып жүргенімен,
әлі де ескерусіз, елеусіз қалып келе жатқан қазақтың белгілі
билері қаншама!
Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д. Сұлтанғазин өзінің
«Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы» атты зерт-
теуінде былай деп жазады: «...бағзы билер болыпты, бек білімді,
атақты һәм ақылды әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет
рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып ор-
нына келтіреді екен..., һәм солардың
бітірген жұмыстарын ұлы
хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай билер турасында
қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді
қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: «Батыр
деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақ-
сарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын» («Дала уәлаятының
газеті», 1888 жыл, №51) [65].
Біздер Нияз Тілеуліұлы тәрізді атақты билердің қоғамдағы
рөлін жан-жақты түсінуіміз үшін сол кездегі олар өмір сүрген
қазақ халқының тарихи-әлеуметтік, даму сатыларының ерекше-
ліктерін де жете талдап, таразылауымыз қажет. Баршамызға
мәлім, XIX ғасырдың басында қазақ қоғамында саяси билік
жүйесінде өзгерістер ене бастады. Сол заманда ең төменгі –
бұқаралық билікті ауыл-аймаққа,
ру-тайпаға беделді, өмірлік
тәжірибесі бай ақсақалдар атқарды, орта буындағы билік тізгінін
ру-тайпа басылары, билер атқарды. Мемлекеттік және мемлекет-
аралық дәрежедегі маңызды мәселелерді шешетін жоғары би-
310
лікті хандар мен сұлтандар иемденді. Алайда Абылай хан Нияз
Тілеуліұлы тәрізді айрықша құрметті билерін ханға балап, олар-
ды мемлекеттік істерге де араластырды. Бұл жөнінде академик
Манаш Қозыбаевтың ғылыми еңбектерінде, би-шешендердің
мұрасын жинаушы Нысанбек
Төреқұлұлының кітаптарында
нақты айтылған.
Шен қумаған Шеген би арғыннан шыққан, «Қырда Беген
тұрғанда» деп есімі мақалға айналған Беген би мен қарадан
шығып хан атанған Нияз би қыпшақтан шыққан билер болса да,
Торғай, Қостанай, Ақмола өңірінде үш жүздің балаларының ар-
намысын қорғады. Бұл билердің әділдікте туысына бұрмай тура
би атанғаны олардың барлық иісі қазаққа ортақ асыл перзенттер
болғанын танытпайды ма?!
Кезінде ру-тайпа басылары – билер мен хан-сұлтандар екі
билік жүйесін құрып, бүкіл қазақ қоғамының елдік тұтастығы
олардың өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы
принциптеріне негізделуі заңды еді. Билер мен батырлар ха-
лыққа жақын және оның кең қолдауына ие потестарлы билік
иелері
болғандықтан, хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дә-
режеде шектеп отырды.
Хандар мен сұлтандар атақты билердің елдегі билігінен қай-
мықты, олармен үнемі санасып отырды. Сол себепті де Абылай
хан Нияз биді ерекше құрметтеп, ханға балады, ол халық ара-
сында «хан Нияз» атанды. Өйтпегенде, мұрагерлік салтымен
дала жұртын билеген Шыңғыс хан ұрпақтары – төрелер тұқымы
хандық биліктің бұлжымауы үшін билердің әкімшілік, әлеу-
меттік-саяси және мәдени рөлімен міндетті түрде санасты [64,
65].
Мемлекеттік басқару жүйесінде билердің мынандай кейбір
айрықша құқықтары болды: «Жеті жарғы» қағидаларына сәйкес
олар өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде әкімшілік билік жүр-
гізді. Сот төрелігін жүзеге асырып, соған байланысты ұлтының
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін
терең білуге тиісті
болды. Билер ру-тайпаның басшысы болғандықтан, әкімшілік
қызметті де қоса атқарды, өз қауымының тәртіп, талабына жауапты
болды. Сөйтіп, хандардың халық арасындағы тірегіне айналды.
Осыған орай олардың ең данагөй, беделдісі хан жанындағы
311
билер кеңесінің құрамына еніп,
ескі қағидаларды жаңғыртып,
заңи жосындар қабылдауға қатысты, ханның ішкі, сыртқы саяса-
тына, әскери доктринасына оң ықпалын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: