306
Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің
баласы қайтыс бол-
ғанда:
«
Аққу
құсқа
оқ
тисе
,
қанатын
суға
тигізбес
,
Ақсүйекке
оқ
тисе
,
көршісіне
сездірмес
...
Әлімдердің
ақ
сөзі
,
өлгеніңді
тірілтіп
,
өшкеніңді
жандырар
,
Дос
көтерер
өлімді
,
бекем
бу
,
төрем
,
беліңді
!» – деп көңіл
айтыпты.
Адамның
қайғысын
бөлісу
қазақ қоғамында ертеден тамы-
рын үзбей келе жатқан рәсім.
Көңіл айтудың рәсімдерінің бір түрі – азалы адамды жұбату.
Жұбату
– тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Азалы адамды
жұбату – ертеден келе жатқан ізгі дәстүр.
Тақырып өзегі – өмір, тұрмыс тәжірибесінен қорытылған
аталы сөз, ақыл, өсиет. Айтушы алдымен «Қанаты бүтін сұңқар
жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ» екенін айтып алады да, «Тозбасты
ұста соқпайды, өлместі құдай жаратпайды», – деп, табиғаттың
бұлжымайтын қатал заңын еске алады. Осыдан кейін «Жетпесті
қума, келмеске жылама», «Өлгеннің
соңынан өлмек жоқ, өл-
генге қайтып келмек жоқ» деген түйін айтады.
«Ат тұяғын тай басар», «Арғымақтың тұяғы тасты басса
кетілер, сазды басса жетілер», – деп жоқтың орны бармен тола-
тынын, жеткіншек жас ұрпақпен жетілетінін айтады. «Арты
қайырлы болсын, қалғанына өмір берсін» деген тілек білдіреді.
Жұбату батырлар жырында, лиро-эпостық, халықтық дастан-
дарда көп ұшырайды. Мәселен, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын-
дағы Ханымның Тайлақты, Тазшаның Ханымды жұбатуы, т.б.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне
байланысты туған ха-
лық жырларында да жұбату мол.
«
Жұбату
шайы
»
– марқұмның артында қалған ең жақын
туыстарын арнайы шақырып, қайғысын жеңілдету үшін беретін ас,
тамақ. Жұбату шайын әдетте марқұмның қырқы өткен соң, туған-
туыс, дос-жарандары, көрші- қолаңы кезекпен шақырып береді.
Жұбату шайы азалы адамның қайғысын ұмыттыруға және
өмірді ары қарай жалғастыруға, яғни психологиялық қолдау
көрсетуге негізделген. Өмірге деген үмітін,
отын жағуға, құл-
шыныс қайта оятуға көмегін тигізеді. Осындай әдет-ғұрыптар
нағыз психологиялық көмектің өзі емес пе?!
307
Жақынның қайтыс болуынан басқа қандай қиындық, күй-
зеліс болған? Жоңғар, моңғолдардың шапқыншылығынан кейін
талай отбасы тұрғынсыз, мүліксіз қалып қалған. Дана қазекең
бұл қиын жағдайдан да шығу жолын іздеп тапқан.
Жылу
жинау
. Біреу төтеннен бақытсыздыққа ұшырағанда,
үй мүлкі, малынан
айрылғанында ауыл тұрғындары, көрші-кө-
лемі, туған-туысы мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны
олардың ортасынан бір адам ұйымдастырады. Бұлайша жәрдем
көрсету – «жылу жинау» деп аталады. Арам жолмен шығынға
ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға
салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салынғандар, ішіп
құртқандар,
қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.
Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ұлтты ұйытуға,
ауызбіршілік пен ынтымақ-берекені арттыруға негізделген, тәр-
биелік мәні зор ұстаным.
Сан ғасырдың қойнауында қалған талай тар жол, тайғақ
кешуді басынан өткерген бабалардан ұрпаққа аманат болып келе
жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз
уақыт тезіне орай
сәл-пәл өзгеріске ұшырағанымен бүгінгі күні де қазақ деген ұлы
дала елі перзенттерінің жүрегіне адамгершілікті ұялатып, қиын-
дықта қолдау, қайғы мен қуанышта бір-бірінің қасынан табы-
луға жетелеп келеді.
Нарықтық экономиканың қиындығы қыспаққа алған жандарда
«Асар», «Мектепке жол», «Туған жерге туыңды тік», «Атымтай
жомарт» ... деген сияқты толып жатқан ізгілікке негізделген жалпы
халықтық шаралар ұлттық салт-дәстүрден бастау алды.
Сонымен, күйзелістен қашу мүмкін емес, ал оған қарсы тұра
білу – әркімнің қолынан келе бермейтін ерлік. Өмірде бақытты
болу – ол адамның өз шешімі. Бақытты болу күйзеліске деген
төзімділікті арттырады.
Ол үшін не істеу қажет?
Кереметке сену, өмірге қуану, өзіне ұнайтын нәрсемен ай-
налысу, басқаларға көмектесу,
кітап оқу, спортпен айналысу,
өзіне сену, отбасы мен достарына жақын болу, қорқыныштардан
қашпау және ең бастысы, өз жүрегіңді тыңдау қажет.
Күнделікті өмірде стресс, депрессия, күйзеліс деген ұғым қо-
ғамда жиі айтыла бастады. Әрине, өмір бар жерде жақыныңнан,
308
туған-туыстан айыратын, біреуге ерте, біреуге кеш келетін өлім
бар; жұмысқа, отбасына қатысты түрлі тосын жайдан да ешкім
қашып құтыла алмайды.
Тек соның бәрін қайғырғанда еңсені түсірмей, сүрінгенде
құламай, күйзелгенде күйінбей өткеру бір бөлек.
Сол уақытта салтыңнан аттамай, иманыңнан жаңылмасаң
болғаны. Сонан кейін өмірдің ғажабын түсіне білген жан оның
азабына жол бермесе керек.
Жақсыға үміт ет, жаманға дайын бол.
Достарыңызбен бөлісу: