242
қатысушылары мүмкін болатын ұтыс пен зиянды есепке алмай,
олардың қатынасын ескермей әрекет етеді. Мұндай типке мысал
– стихиялы ереуілдер. Олардың салдары әдетте саналы мүд-
делермен сәйкес келмейді, тіпті оған мүлде қарама-қайшы бо-
луы мүмкін.
Рационалды типтегі дау-дамайларға қатысушылар мүмкін
болатын ұтыс пен
шығынның, жеңу мүмкіндіктері мен ұтылып
қалудың ара қатынасын ескереді. Мұндай дау-дамай тараптар-
дың бірінің сәттілікке жоғары сенімділігі болған кезде ғана
басталады.
Ұйымдағы дау-дамай субъектілері немесе тараптары жеке де,
ресми де тұлғалар (мекемелер мен ұйымдар өкілдері), жекелеген
қызметкерлер де, сондай-ақ тұтас топтар да болуы мүмкін.
Тараптардың дау-дамайға қатысу дәрежесі әртүрлі болуы
мүмкін:
тікелей
қарама-қарсы әрекет
етуден дау-дамай бары-
сына
жанама
әсер етуге дейін. Осыдан шығатыны: 1) негізгі
қатысушылар, 2) қолдаушы топтар, 3) басқа қатысушылар. Не-
гізгі қатысушылар – бұл қарама-қарсы әрекет етуші тараптар.
Олардың мүдделері үйлеспейді және әрекеттері бір біріне қарсы
бағытталған.
Қолдау топтары –
дау-дамай қатысушылары, бірақ екінші
дәрежелі рөл ойнаушы. Олар:
−
дау-дамай барысына әсер ете алады және өздерінің мүд-
делері болады;
−
пайдакүнемдік мүдделерінің болмауы және күрес бары-
сына әсер етпеуі мүмкін. Бірақ олар дау-дамайға кездейсоқ тар-
тылуы мүмкін немесе өздерінің мақсатына жету үшін басқа
адамдарға айла-шарғы жасауы мүмкін;
−
дау-дамайдың
дамуына кеңестерімен, көмектерімен не-
месе басқа да құралдарымен ықпал етуі мүмкін;
−
дау-дамайды ұйымдастырушы болуы мүмкін, дау-дамай-
ды және оның дамуын жоспарлауы мүмкін. Олар дау-дамайға өз
бетінше қатысушы ретінде де болулары мүмкін (мысалы,
ереуілшілдер).
Басқа
қатысушыларға
делдалдар мен судьялар жатады. Бұ-
лар қатаң бейтарап тұлғалар.
Олар дау-дамайдың алдын алуға,
тоқтатуға немесе шешуге тырысады.
243
Ішкі
дау
-
дамайлар
.
Сыртқы
ортамен
дау
-
дамай
Ұйымдарда дау-дамайдың мынадай түрлері болады: 1) ішкі
дау-дамайлар және 2) сыртқы ортамен дау-дамай (2-сурет).
1.
Ішкі
дау
-
дамайлар
ұйым (кәсіпорын) ішінде туындайды және
қолданыстағы нормативтер мен келісімдер, яғни,
белгілі бір дең-
гейде және мүдделі тараптар арасында қабылданған ойын ереже-
лері арқылы шешіледі. Мұндай дау-дамайларға мыналар жатады:
–
жеке
тұлғааралық
дау-дамай – қызметкерлердің жеке мақ-
саттарындағы қайшылықтар. Мұндай дау-дамайға басшының ав-
торитарлы басқару стилі мен кейбір қарамағындағы қызметкер-
лердің бастамашылық пен шығармашылыққа ұмтылуы арасын-
дағы дау-дамай мысал ретінде бола алады.
– топішілік дау-дамай – бөлімше ішіндегі бәсекелес қызмет-
керлер арасында немесе «Бөлім немесе кәсіпорын иерархиясын-
да кім маңыздырақ?» сұрағы бойынша басшылар арасындағы дау-
дамай;
– топаралық дау-дамай – мысалы,
кәсіпорын иеленушілері
арасындағы дау-дамай. Егер, меншік өкімет органдары мен жеке
тұлғалар арасында бөлінген болса, бұл жағдай күрделірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: