11
«Классикалық» мектеп ұйымдардың барлық типтеріне жа-
рамды және олар қызметінің жоғары нәтижелеріне кепілдік бе-
ретін басқарудың әмбебап принциптерін жасады: еңбек бөлінісі,
уәкілдік пен жауапкершілік, тәртіп,
бір басшылық, жеке мүд-
делерді қоғамдыққа бағындыру, қызметкерлерді марапаттау,
скалярлық тізбек (басшының иерархиялық ұстанымы), адалдық,
қызметкерге арналған жұмыс орнының тұрақтылығы, құлшы-
ныс, корпорациялық рух.
Дегенмен «классикалық» мектепке, оның басқару ғылымына
қосқан үлкен үлесіне
қарамастан, басқарудың әлеуметтік ас-
пектілеріне қызықпаушылық тән болды; психологиялық және
мінез-құлықтық факторларға зейін аз аударылды. Бұл мектепті,
әдетте, басқару теориясындағы ұтымды тұрғыдан жүзеге асыру
ретінде қарастырады.
«Басқару психологиясы» ұғымы Кеңес Одағында 20-жыл-
дары қолданысқа ене бастады. ІІ Бүкілодақтық еңбекті ғылыми
ұйымдастыру бойынша құрылған конференцияда (1924 жыл,
наурыз) осы сала бойынша мәселе көтеріліп,
баяндама жасал-
ды. Нәтижесінде басқару психологиясы бойынша мәселелерді
шешудің екі міндеті атап өтілді: біріншісі, қызметкерлерді жеке
ерекшеліктері мен қабілетіне байланысты қабылдау, екіншіден,
олардың еңбектерін ынталандыру арқылы жетістікке жетуі
көзделді [8, 9].
Адами
қатынастар
мектебі
және
мінез
-
құлық
тұрғысынан
(1930-1950).
Бұл мектепті көбінесе оның классикалық мектептің
кемшіліктеріне, олардың ең бастысы ұйымдағы адамдық фактор
рөліне зейін аудармауға өзіндік реакция
ретінде пайда болған
неоклассикалық деп атайды. Э. Мэйоның «Уэстерн электрик»
зауытында жасаған хотторндық эксперименттері ұтымды бағыт-
тың өкілдері ұсынған әдістердің (операциялардың айқын бағ-
дарламасы, жоғары еңбекақы, т.б.) еңбек өнімділігінің артуына
өне бойы жеткізе бермейтінін көрсетті. Еңбек тиімділігі мен бас-
қарудың күшті факторлары ретінде
ұйымдастыру және эконо-
микалық себептермен қатар психологиялық компоненттермен
(мотив, тұлғалық қатынастар, қызметкерге деген қатынас, олар-
дың мақсаттары мен ұмтылыстарын есепке алу) бірге жүретіні
12
дәлелденді. Бұл мектептің көрнекті өкілі М.П. Фоллет басқаруды
«жұмысты басқа тұлғалардың көмегімен қамтамасыз ету» ретінде
анықтайды. Міне, сондықтан да ол осы бір «басқа тұлғалардың»
психологиялық ерекшеліктерін ескеруге негізделуге тиіс.
Зерттеулерді қайта бағдарлау басқарудағы мінез-құлықтық
мектепті рәсімдеуге алып келеді,
оның басты мақсаты ұйым-
дастырудың тиімділігін адами фактор негізінде арттыру болып
табылады.
Басқару теориясындағы зерттеулер бағытын түбегейлі өз-
герту себептерінің бірі жедел дамып келе жатқан психоло-
гия мен әлеуметтанудың ықпалы болды. Бір мезгілде өнер-
кәсіптік психология да пайда болды. Оның негізін қалаушы
Г.
Мюнстерберг болып есептелінеді; өзінің «Психология және
өнеркәсіптік тиімділік» деген еңбегінде ол жаңа ғылымның
қарастырылып отырған мектеп мақсаттарына өте ұқсас мақ-
саттарын тұжырымдады.
Адами қатынастар мектебінің дамуына әлеуметтік зерттеу-
лер үлкен ықпал етті.
Иерархия, билік және бюрократия – бұл әлеуметтік,
соның
ішінде әкімшілік те ұйымдардың әмбебап принциптері (М. Вебер).
Топтар адамдардың кез келген әлеуметтік ұйымдағы мінез-құлқын
өздерінің құндылықтары мен нормаларын белгілеу жолымен
бақылайды (Э. Дюркгейм). «Әлеуметтік жүйелер тепе-теңдігі»
тұжырымдамасының (В. Паретто) негізгі қағидасы төмендегі-
дей: әлеуметтік жүйелер өзгеріп отыратын сыртқы ортамен тепе-
теңдікте болу үшін, өзінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Мінез-құлықтық тұрғыдан көптеген қағидалары қазіргі кезде
де әлі көкейкесті және басқарудың осы күнгі теориясының
құрамы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: