Н. С. Жубаназарова психол.ғ. к., доцент м а



бет20/35
Дата06.02.2022
өлшемі148,28 Kb.
#79846
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
5 Психодиагностика
Образец УМКД 2020
Бақылау сұрақтары:
1. Әдіс және әдістеме түсініктерінің йырмашылығын атаңыз?
2. Психологиялық зерттеулердің қандай әдістерін білесіз?
3. Тест дегеніміз не? Тесттер қандай болады?
4. Байқау әдісіне қандай талаптар қойылады. ?


12 тақырып. Тұлғаның психодиагностикасы
Жоспар:
1.Тұлға моделіне қатысты теориялық құрылымның әртүрлігі
2.Тұлғалық, жеке сұрақтар.
1.Тұлға моделіне қатысты теориялық құрылымның әртүрлігі.
Психодиагностика тұлғаның негізгі түрлерінде базаланады. «Тұлға» ұғымының өзін әр түрлі анықтайды. Голпорт (1949), мысалы тұлғаның 50 түрлі анықтамасын келтірді. Негізінде «тұлға» сөзі психологиялық сапалардың бірлігі, әр адамның ерекшеліктерінің (әлеуметтік, табиғи, психикалық) білдірілетін ұғым ретінде қолданылып жүр.
Тұлға диагностикасы – темперамент, мінез, когнитивті күш, мотивтер, қызығушылық пен басқа да психикалық сапалар туралы мәлімет алуға бағытталған диагностика.(Н.Г.Шмелев, 1996).
Тұлға мазмұны – оның ішкі өмірі, әлемі, индивидуальді санасы және өзін - өзі бақылауы, идеялары, көзқарасы, пікірі, түсінігі.
Тұлғалық психодиагностиканың орталық және универсальді ұғымы «психикалық құрылым». Құрылым – бұл заттың түрлілігі мен басқа заттармен байланысын және қатынасын көрсететін философиялық категория құрылымдар интенсивтілігі мен өлшемдеріне орай топталады. Осыған орай құрылымның үш негізгі түрі ерекшеленеді:
- Жыныстық (ер және әйел)
- Сызықты бір өлшемді құрылымдар
- Көпсызықты.
Тұлға бейнесін белгілі бір әрекетке орай орналасуының тұрақты мотиві мен қызығушылығы деп түсінеміз.
Бейнелер түрлері мен олардың арақатынасы. Өзінің жүйесінде бейнелер бумасы «тұлға профилін» құрады. Анықталған бейненің даму деңгейіне анықталған және нормативті нәтиженің индивидті жетістігі тәуелді болады. Егер бейнелер деңгейі нәтиже жетістігіне әсер етпесе, онда сөз стильді бейнеде болғаны. Стильді бейне біртұтастығы әрекет пен іс әректтің индивидті стильін анықтайды. Іс әрекетке бағытталған бейнелер мотиві деп аталады. Психикалық құрылымдар көріністер, ауыспалы, тұрақсыздар психикалық күйді құрайды.
Осы жолмен психологиядағы диагностика бағытталған жасырын факторлар қабілеттер немесе стильдік немесе мотивті немесе психикалық күй болып табылады.
Психологияда психикалық күйлер мен олардың факторларының байланысын түсіндіретін көптеген, теориялар бар. Әрбір психодиагностикалық әдістеме сүйенетін диагностикалық концепция бұл - бір-біріне іс әрекетті жүзеге асыруға бағытталған психикалық құрылымдардың теориялық жүйесі. Жалпы және жеке көріністер арасындағы айырма жалпы және жекелік психодиагностикалық әдістемелердің айырмашылығын қамтамасыз етеді.
Тұлғаның сансыз және әртүрлі көріністер оның құрлымымен толықтырады. Психологиялық құрылым түсінігі маңызды теориялық және практикалық мағынаға ие. Сонымен қатар, тұлғаның психологиялық құрылымы нақты адамның индивидті психологиялық ерекшеліктерін жүйелі және нақты нақты түрде игерудің кестесі болып есептеледі.
Тұлғаның жаңашыл теориялары фактілер және элементі жағынан үлкен айырмашылықпен сипатталады.
Жеке адам анықталған әлеуметтік қоғамның өкілі, әлеуметтік сапаға ие, тұлғалық ерекшеліктері бар адам.
Тұлға – homo sapiens түсінігіндегі өкіл, тұлғалық көріністерге ие адам.
Бірінші деңгейге адамның мінезі жатады:
- Физикалық ерекшелігі (бойы, сүйек тығыздығы, күші)
- Биохимиялық ерекшелігі (биохимиялық процестің жүруі)
- Соматикалық ерекшелігі.
Тұлға деңгейіне жататын айырмашылықтар:
Алғашқы «тұлғалық» сапалар: жастық, жыныстық;
Екіншілік «тұлғалық» сапалар: темперамент пен ерік;
Үшіншілік «тұлғалық» сапалар: характер, қабілет, қажеттілік және тәжірибе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет