Н. С. Жубаназарова психол.ғ. к., доцент м а


Олардың ішінде негізгілері



бет19/35
Дата06.02.2022
өлшемі148,28 Kb.
#79846
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
5 Психодиагностика

Олардың ішінде негізгілері:

  • жазылған жауаптары бар тапсырма (жабық);

  • еркін түрде жауаптары бар тапсырма (ашық).

Жазылған жауаптары бар тапсырмалардың түрлері:

  • альтернативті жауабы бар тапсырма;

  • сөйлем жалғасын құрастыру тапсрмасы;

  • фигураларды құрастыру тапсырмасы т.б.

Еркін түрде жауаптары бар тапсырмаларға:

  • символды, суретті, сөзді толықтыру тапсырмасы;

  • жауапты еркін түрде құрастыру;

  • құрылымдық стимулды тапсырма (проектілі методика);

  • нақты тақырыпқа немесе прграммаға берілген тапсырма.

Тапсырма түрін талдау көбінесе тестінің түрі мен мақсатына байланысты. Қабілеттілікті зерттеуге арналған методикаларды (жалпы, әдейі немесе маманды) қолдану тәжірбиесінде, негізінде дайын жауаптарды қолданады. Жеке сауалнамаларда көбінесе еркін, альтернативті немесе көп түрлі жауапты қамтиды. Жалпы психодиагностикада, әсіресе психометриялық тестерде, негізінде жабық типті тапсырмалар қолданылады.
Психологияда зерттеу әдістерінің бірнеше топқа бөлінеді олардың ішінде психодиагностикалық әдістердің өзіндік зерттеу әдістері кездеседі.
Психодиагностикалық зерттеу әдістерінің классификациясы психолог үшін берілген тапсырмаға байланысты зерттеу әдістерін таңдау үлкен мүмкіндік береді. Сол себептен жіктеу диагностикаланатын психикалық қасиеттерге және зерттеу тапсырмасына сай жасалынуы қажет. Бірақ тапсырма мен әдістемелердің толық сәйкестігі жиі кездесе бермейді. Көп жағдайлық әдістемелер бірнеше жағдайды анықтайды, бұлар өте тимді болып келеді. Осы әдістемелерді игеру үшін және жүргізу процедурасын қолдану үшін бірнеше ерекшеліктерді ескеру қажет.
Біріншіден, әдістемелердің тапсырмасына жауап қайтару болып табылады:

  • дұрыс жауапты қамтымайтын, тек тапсырмаға негізделетін әдістемелер; олар жауаптың дұрыстығы мен бағыттылығын ескереді (көптеген жекелік сұрақтамалар);

  • тапсырмаға негізделген дұрыс жауапты қамтыйтын әдістемелер (арнай мүмкіндіктер және интеллект тестері).

Екіншіден, вербальды және вербальды емес тестерді айыратын психодиагностикалық әдістемелер:

  • зерттелушілердің сөздік активтілігіне негізделетін вербальды әдістемелер; тапсырмалар есте сақтауды, қиялды сөздік формаға алмастыру тапсырмасына негізделеді;

  • зерттелушілердің сөздік мүмкіндіктері тек тапсырма нұсқауын түсіну үшін қолданатын вербальды емес әдістемелер; тапсырманы орындау вербальды емес мүмкіндікке жүгінеді (перцептивті, моторлы).

Үшіншіден, психодиагностикалық инструменттерінің классификациялық функциясының негізіне әдіснамалық принцип жатады.
Жалпы алғанда психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы пәні практикалық психология мен психодиагностиканың бірігуінің нәтижесінде жүреді. Адамдардың жеке қасиеттерін анықтау негізінде психодиагностика қалыптасады. Оған философтардың қосқан үлесі зор Теофраст, Аристотель, Платон. Психологиялық диагностика ғылым ретінде ХІХ ғ. ғана қалыптасады. Міне осы кезде ғана кең көлемде зерттеле басталды. Экспериментальды психологиядан алғашқы кезде бөлінбеген, психодиагностиканың дамуы психиканың жеке айырмашылықтарына көңіл бөлгеннен басталды. Еңбек сіңірген Гальтон, Кеттелл, Эббингауз кейінен Бине-Анри. Осы кезден бастап тест өңделіп қолданыла басталды, негізін салған Гальтон ол психологияда психометрика бағытын негізін салған.
1890-1920 жыл аралығында қарқынды дами түсті. Психометрия 1920 жылы Роршах «Психодиагностика» атты еңбегін шығарды. Индивидтті анықтауға арналған әдістердің барлығы психодиагностикаға жатады. Векслердің интеллектіні анықтауға арналған субтест шкаласы. Проективті әдістер (ТАТ), Розенцвейг фрустрация реакциясын анықтауға арналған әдістемесі.
Б.Г. Ананьевтің айтуы бойынша «психологиялық диагностика» психофизиологиялық функциялардың, прцесстердің, күйлерді және тұлға қасиеттерінің, мінез-құлқының күрделі түрлерін анықтауға арналады.
К.К. Платонов «психикалық ерекшеліктер мен қасиеттерді анықтауға арналған», ал К.М. Гуревич бойынша «психологиялық диагностика»- бұл адамдарды психологиялық және психофизиологиялық белгілер әдістерін классификациялау деп түсінген.
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы көбнесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет