Бақылау сұрақтары:
Психологиялық диагноз дегеніміз не?
Диагноздың психологиялық даигноздан айырмашылығы?
Зерттеу жұмысының этапары?
Прогностикалық диагнозды құру жолының ерекшеліктері?
3 тақырып. Кәсіби этикалық принциптер психодиагностиканың қысқаша тарихы.
Жоспары:
Психодиагностикадағы объективтік көрсеткіштері.
Диагностикалық әдістерге қойылатын талаптар.
Психодиагностикада қолданатын кәсіби-этикалық принциптер.
Диагностикалық әдістемелер көмегімен мағлұмат жинаудың алдында зерттелінуші жөніндегі объективтік және субъективтік көрсеткіштер кешенімен (сұхбат, ауру тарихы, басқа мамандардың шешімдері және т.б.) танысу кезеңі өтеді. Диаг-ностикалық әдістемелердің белгілі авторлары сыналушыны алдын ала мұқият зерттеуге, оның өткені мен бүгінгісін есепке алу қажеттігіне ерекше назар аударады. Осылайша, зерттеудің негізгі көрінісі туындайды.
Психодиагностикалық зерттеу үнемі «экспериментатор – сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесінен тұрады, әдебиеттерде осы жүйеге кіретін түрлі айнымалылардың ықпалын талдауға көп назар аударылады. Әдетте жағдаяттық айнымалылар, зерттеулер мен тапсырмалардың айнымалы мақсаттары, зерттеуші мен сыналушының айнымалылары болады. Бұл айнымалылардың мағынасы зор, ал олардың ықпалы зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуде, алынған нәтижелерді өңдеу мен қолдануда есепке алынуы қажет.
Тестілеу үрдісіне ықпал етуі мүмкін факторлардың барлығын қадағалау мүмкін емес. Әйтсе де тестілеуге дайындық кездейсоқ жағдайлардың туындауын болдырмауы дәне процедураның біркелкілігін қамтамасыз етуі қажет. Тестілеу шарттарының стандартталуы тек нұсқауға ғана емес, зерттелушіге ұсынылатын тест материалына да, тестілеу ахуалына да қатысты. Тест құрастырушының міндеті – тестілеу барысының барлық кезеңінің сипаттамасы толық, әрі анық болуы қажет. Зерттелушімен раппорт орнатуға да едәуір зейін аудару қажет.
В.И.Дружинин психодиагностикалық жағдаяттардың төрт нұсқасы болады деп пайымдайды: 1) зерттеуге өз еркімен қатысу және одан кейінгі мінез-құлықты өзі таңдауы (мысалы, психологиялық кеңес беру); 2) зерттеуге күштеп көндіру, бірақ одан кейінгі мінез-құлқын өзі таңдайды (мысалы, тест құрастыру ке-зінде психолог-студенттерге сынақ жүргізу); 3) зерттеуге күштеп көндіру және зерттеуден кейінгі мінез-құлықты өзі таңдамайды (мысалы, атқарып отырған қызмет талаптарына сай екендігін анықтау үшін тестілеу); 4) зерттеуге өз еркімен қатысады, бірақ әрі қарай мінез-құлқын өзі таңдамайды (мысалы, кәсіби іріктеу).
Психологиялық диагностикада қойылған міндеттерге сәйкес белгілі бір әдістемелерді таңдауға қатысты нақты бір шарттар болмайды (танымдық үрдістерді есепке алмағанда). Бұл әсіресе тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуде (бір әдістеме түрлі мақсаттарда қолданылады) анық көрінеді. Әдістеменің диагностикалық міндетке қатысты валидтілігі зерттеу құралы ретінде таңдалатын критерий болуы қажет.
Алайда тұлға әдістемелерінің валидтілігін анықтағанда едәуір қиындықтар туындайды. Бұл әдістемелердің сыртқы критерийлер негізінде валидтілігін анықтау мүмкін емес, сондықтан да зерттеуші конструктивтік валидтіліктің нәтижелеріне сүйенуге мәжбүр. Кейде тұлғалық сауалнамалардың валидизациясында психиатриялық болжамдарға жүгінеміз. Бұл жерде психиатриялық болжамдардың сенімсіздігін; түрлі бағыттар мен мектептердің клиникалық-диагностикалық сәйкессіздіктері болатындығын; патологияны анықтауға бағытталған сауалнамалардың сыртқы критерийі ретінде психиатриялық болжамды қолданудың мақсатқа сәйкестілігін ескеру қажет. Әдістеменің валидтілігінің эмпирикалық коэффициенті белгілі болған жағдайда да диаг-ностика жүргізілуші параметрдің базалық деңгейіне қатысты ба-ғалануы керек (Meehl, Rozen, 1955).
Жеке-дара – психологиялық тәсіл әлеуметтік-психологиялық тәсілмен толықтырылуы керек.
Психодиагностикалық зерттеу алынған нәтижелермен, ауру терапиясының қолайлы әдістерімен, реабилитациямен және т.б. байланысты жүзеге асыруды қажет ететін әрекеттер бағдарламасын құрастырумен аяқталады.
Диагностикалық зерттеудің қорытындылары түсіндіруші ұғымдар ретінде ұсынылуы қажет, яғни арнайы терминологияны қолданып, нақты әдістемелер арқылы алынған нәтижелері емес, олардың психологиялық интерпретациясы сипатталады. Қолданылған терминдердің тиісті теорияға сәйкестілігі анықталуы қа-жет, мысалы «Айзенк бойынша интроверт» немесе «Роршах бойынша интроверт» (Обуховский, 1981).
Достарыңызбен бөлісу: |