2 тақырып. Психодиагностиканың қолдану салалары. Жоспары: 1. Психологиялық кеңес беру, психотерапия, экспертиза, кәсіби таңдау.
2. Психологиялық диагноз түсінігі және психодиагностикалық тексеру: ұйымдастыру және негізгі этаптары.
1. Нақтырақ айтқанда бұл сала практикалық психологияның дербес тәуелсіз саласы. 1951 жылы АҚШ-тағы психологтар конференциясында «консультативті психология» терминінің пайда болуымен сәйкес келеді. Психологиялық кеңес – адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес алуға адам күнделікті өмірді кезедесетін мәселелермен бара алады. Мысалы: отбасылық, жеке басы, жұмыста, ұжымда т.б. Кеңес берушінің арнайы дипломы болады. Психологиялық кеңес берудің өзі жеке және топтық болып бөлінеді. Кеңес берушінің бөлмесі де арнайы жабдықталған болуы тиіс. Кеңес беруші ең бірінші танысудан бастайды.
Психотерапия (грек тілінен: psuche – жан, therapia – емдеу, күтім) қысқалау келген тар ұғымда адамды (пациентті) психологиялық әдістер арқылы әсер ете отырып емдеу, сауықтыру дегенді білдіреді. Кең мағынада алып қарасақ, психотерапия дені сау адамдарға (клиенттерге) психологиялық қиындық туғызатын түрлі ситуацияларда, сонымен қатар жеке бастық өмір сапасын көтеру қажеттігі туындаған жағдайларда психологиялық көмек көрсетуді білдіреді. Мұндай көмек негізгі 2 формада жүргізіледі: индивидуалды және топтық. Бірінші яғни индивидуалды түрі жеке консультация беруге бағытталған. Бірақ кейбір кезде жеке мәселені шешуде топты, яғни бірнеше адамды бірге консультациялау қажет. Мысалы, жанұя немесе жанұялық мәселе бойынша жеке консультация. Топтық психотерапияның негізі – ойын, тренинг, дискуссиялар және басқа да жұмыс түрлері болып саналады. Қазіргі уақытта, осыған байланысты көптеген теориялық және методикалық негіздері бар. Топтық психотерапия адамның өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін, қарым-қатынасын топтық үрдістер арқылы түсіндіреді. Ең бір белгілі әдістерінің қатарына психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау және т.б., түсініктер жатады. Бұлардың әрқайсысын қолдану әдетте белгілі бір психотерапевтік міндетті атқаруда адекватты болып табылады.
2. Психологиялық диагноз (грекше- анықтау)- психолог жұмысының соңғы қорытындысы, тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған, олардың актуалды жағдайын бағалауда, ары қарай дамуының жолын және кеңестерін, психодиагностиканың зерттеулерімен анықталады.
Психологиялық диагноз- нома және паталогия кезінде жеке психологиялық айырмашылықтарды жасау. Психологиялық диагноздың басты элементі әрбір жеке жағдайда, сыналушының тәртібінде көрінеді, олардың себебі неде. Психологиялық білімді жоғарлатуда «этиологиялық» элемент психологиялық диагнозда да мүмкін, қазіргі жағдайдағы практикалық жұмысқа қарағанда, соншалық маңызды емес. Бүгінгі жағдайда психодиагностика жолдарымен жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеуші оның себебін көрсете алмайды, жеке структуралық орны көрсетіледі. Базалық деңгей дегеніміз – біз диагностика жүргізетін сапаның зерттелуші популяцияның ішіндегі үлесін білдіреді. Диагностиканың дәлдігін жоғарылатуға өз үлесін қосатын тесттің инкременттік валидтілігі базалық деңгейге тәуелді. Басқаша айтқанда, тесттің валидтілігі мен базалық деңгейдің сәйкестілігі оны қолданудың қаншалықты ақталғандығын анықтауға мүмкіндік береді. А.Анастази нөлге немесе бірге жақын базалық деңгейде тесттің инкременттік валидтілігі өте аз болғандықтан оны қолдану тиімсіз деп жазады: «Мысалы, егер клиникалық популяцияның 5 % бас миының органикалық зақымдануы болса, онда осы популяциядағы болжамның базалық деңгейі 5 %. Валидті тест диагностиканың дәлдігін арттырғанымен, егер базалық деңгей 0,50 жақын болса, онда одан ештеңе ұтпаймыз. Патологиялық жағдайдың өте сирек кезедесетінін білдіретін төмен базалық деңгейде тесттің инкременттік валидтілігі түкке тұрғысыз болып қалады, оны қолдануға кеткен шығындар мен өңдеуді ақтай алмаймыз» (Анастази, 1982, кн.1, с. 157-158). Клиникаға тән қарқынды жеке-дара зерттеу кезінде селекция мен іріктеуде ерекше маңызға ие тесттің инкременттік валидтілігі өзінің қажеттігін жояды.
3.Алынған сандық нәтижелердің пайдалы екендігімен психодиагностика саласындағы көптеген мамандар келіседі. Алайда зерттеу нәтижелерін қалайша жалпылау керек деген кереғар көзқарастар туындайды.
Клиникалық тәсіл негізінен сапалық көрсеткіштерге сүйеніп, оларды толық қамтуға тырысады. «Субъективтік пайымдауға» және кәсіби тәжірибеге сену оның маңызды ерекшелігі.
Статистикалық тәсіл объективтік көрсеткіштерді, олардың мысалы, регрессия теңдігі немесе факторлық талдау түріндегі статистикалық өңделуін есепке алады. Субъективтік пайымдау рөлі едәуір төмендейді.
Осы саладағы жұмыстарды талдауға сүйене отырып, осындай пікірталастардың негізін салушы П.Мил клиникалық болжамға қарағанда статистикалық болжам анағұрлым тиімдірек деген тоқтамға келеді (20 зерттеуге шолу жүргізіледі, олардың біреуінен басқасы статистикалық тәсілдің пайдасына шешіледі). Ол кейінгі зерттеулермен де дәлелденді (Barenberg, 1961). Сөйтсе, диагностикалық нәтижелер көлемінің өсуі бастапқыда болжамның дәлдігінің артуына, соңынан кемуіне әкеліп соғады екен.
Клиникалық болжамның ең осал тұсы – бейнені тұтас көру мақсатында ұсақ, жекелеген бөлшектерді құрбандыққа шалуы.
Бірақ бұдан клиникалық тәсілді психодиагностикадан алып тастау деген қорытынды шықпайды. статистикалық тәсіл тұлғаны жан-жақты сипаттау, себеп-салдарлы байланыстарды және қатынастарды ашу міндеті қойылғанда клиникалық тәсілдің орнын баса алмайды. Тест қолдану тиімсіз болған жағдайларда клиникалық тәсілді басқамен алмастыру қиын. Өз жұмысында негізделмеген критерийлер бойынша тиімділікті бағалауды жүзеге асырған зерттеулерге сүйенген деп көрсеткен, П.Милдің көзқарасын сынаушылар статистикалық және клиникалық бағалауды жақтаушылар арасындағы кереғар пікірлерді одан сайын өршітті деп санайды.
Осындай диагностика дәрежесін Л.С. Выготский симптоматикалық немесе эмперикалық деп атады. Бұл диагноз белгілі симптомдар мен ерекшеліктерімен шектеледі, осыған орай практикалық шешім қабылданады. Л.С. Выгоскидің айтуы бойынша бұл нағыз ғылыми диагноз емес, себебі симптомдарды анықтау, автоматты түрде диагнозға әкелмейді. Бұл жерде психолог жұмысын, қайта өңдеу машинасымен ауыстыруға болады.
Психологиялық диагноздың дамуының екінші сатысы- этиологиялық диагноз, ол тек қана белгілі ерекшеліктеді (симптомдарды) айтпайды және оның пайда болу себебін айтады. Жоғарғы дәреже – типологиялық диагноз жалпы мәліметтің орны мен маңыздылығын анықтауда қорытындыланады, жалпы жеке тұлғаның динамикалық көрінісінде Выготскийдің сөзінде, диагнозда- жеке тұлғаның структурасы есте болу керек.
Диагноз болжаумен өте тығыз байланысты. Выготский бойынша болжау мен диагноз мазмұны ұқсас, бірақ болжау құрылысы ішкі даму процессінің логикалық дамуын, өткен мен қазіргінің даму жолдарын түсіне білуінде. Болжаудың бірнеше бөлек периодтарға бөліп, қайтадан ұзақ қадағалау қажет. Психологиялық диагноз теориясының дамуы қазіргі жағдайда, психодиагностиканың ең басты мәселесі. .