Бәліш (орыс. большойкруглый пирог с мясом, ағылшын. large round pie with meat) – жайылған қамырдың ішіне пияз, бұрыш, ет салып шеттерін бүріп духовкаға пісірілетін дәмді тағам.
Бәтір (орыс.батир, ағылшын.batir)– ашытпаған қамырдан табаға пісірген жұқа нан.
Бисквит (француз biscuit, bis – екі мәрте, coctus – пісірілген, орыс. бисвит, ағылшын. sponge cake) –қант пен жұмыртқа қосып иленген ұннан дайындалатын кондитерлік қамыр; ерекшелігі жұмырт қа салмағы жағынан ұннан анағұрлым көп қосылады. Жұмыртқаның тұтастай не тек ақ уызы не сары уызы ғана пайдалануылына, пайдаланған ұн (бидай, сұлы, күріш, жүгері ұны) түріне қарай бисквиттердің көптеген түрлері болады.