Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Бөртпе (орыс.бортпе, ағылшын.bortpe)



бет17/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102
Бөртпе (орыс.бортпе, ағылшын.bortpe) – арпадан, бидайдан, тарыдан, күріштен бөрттіріп дайндалатын жеңіл тағам, сонымен қатар піскен сөкті сүтке қайнатып, дайын болған соң ортасына май салып әкеледі.


Бүрменан (орыс.кулебяка, ағылш. kulebyaka) – балық, ет, қырыққабат немесе саңырауқұлақ салып пісірілген сопақша батон бітімді қаусырма.


Бүркеме (орыс.буркеме, ағылшын.burkeme) – жаңа піскен ақ ірімшікті қамырға орап, бетіне май жағып, табаға салып, қоламтада пісіреді.


Бұрама бауырсақ (орыс. бурама баурсаки, ағылшын. twisted baursaks) – иленген қамырды жұмырлай есіп, біріктіріп бұра қуырған дәстүрлі бауырсақ. Оны сыртына бал жағып, құмшекер сеуіп, жүзім-алма табақтарымен қатар қояды.


Бұрыш (орыс. угол, ағылшын. angle) – еленген ұннан қаймақ пен майға қамыр иленіп, 15-20 минут салқын жерге шығарылады.
Салқындаған қамыр қалыңдығы 2 мм етіліп жайылады да, ені 4-5 см, ұзындығы 15-18 см етіп кесіледі. Жолақтың екі шетінен 5 мм қалдырылып, ұсақтап туралады да сәл-пәл қуырылған жаңғақ пен мейіз салынады. Жолақ бұрыштап оралады да майланған металл табаға салынады.
Температурасы 220-2400 С пеште аздап қызарғанша пісіріледі. Осы қамырдан мүйізшелер дайындауға да болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет