Геолог, академик и философ –
Любимый сын народа своего.
Зовем его – Казахский Ломоносов,
Равняем с Валихановым его.
Сатпаев с Джезказганом в сердце рядом,
Он всенародной славой осиян,
И мысленно всегда Сатпаевградом
Зову тебя, любимый Джезказган.
Атақты ақын, жазушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қ.И.Сәтпаев Халықаралық қорының төрағасы Қ.И.Сәтпаевтың 100 жылдығына орай оған поэманы арнады.
Каныш и Карсакбай
Мой Карсакбай,
Степи «котел червленый»,
Ты весь гудишь при имени его:
Сатпаев,
Божьей милостью ученый,
Честь, ум, душа народа своего.
Ход непростых событий
Видя, слыша
В моей самостоятельной стране,
Я нынче горд плодами дум Каныша
По-новому, особенно, вдвойне…
Его в былом невзгоды не минули,
Но Карсакбай сберег его и спас.
Хоть в Джезказгане и в Баянауле
Он тоже свой,
Он всюду свой для нас.
Қаныш Имантайұлының көп қырлы, орасан қызметі туралы, оның ірі мемлекеттік мәселелерді шешудегі азаматтық ерлігі туралы қысқаша очеркті аяқтай отырып, оның ерекше құбылысы неде деген сұрақ ойға келеді, өзінің қысқа өмірінде қалай ол қаншама игілікті істерді қалдырды, көзінің тірісінде және өмірден озған соң да халық оны не себепті құрметтеп, жақсы көрді?
Бұл сұрақтарға оның серіктестері және одан кейінгі ғалымдар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері жауап берсін. Сатпев туралы өзінің мақаласында 1965 ж. Қаз КСР ҒА вице-президенті, академик, политэконом С.Б.Баишев былай деп жазды:
«Қоғамдық ғылымдағы ғалымдарды, және де басқа саладағы ғылым ғалымдарын дайындауда және тәрбиелеудегі Қ.И.Сәтпаевтың рөлін қайта бағалау мүмкін емес. 1941 жылдан бастап және өмірінің соңына дейін, ширек ғасыр бойына, Қазақстандағы ғылымды басқарғанда, Қ.И.Сәтпаев Ғылым академиясына ғылыми кадрларды дайындау мәселесімен өзі айналысты. Қ.И.Сәтпаевтың нұсқауы бойынша Ғылым академиясында әлі күнге дейін ойдағыдай жұмыс атқаратын аспирантура құрылды. Оның бастамасымен 40-шы жылдардың ортасында Ғылым Академиясында докторантура жұмыс жасады, ол бойынша шамамен 20 адам докторлық диссертацияларын ойдағыдай қорғады. Барлығы 1944 жылдан бастап 1964 жылға дейін Қазақ КСРО Ғылым академиясында шамамен 11000 кандидат және 120 доктор дайындалды. Олардың ішінде 200 кандидат және 30 доктордан астамы – қоғамдық ғылымдардың өкілдері. Шамамен 50 ғалым жекелей академик Қ.И.Сәтпаевқа қарыздар, ол оларды дайындауда үлкен көмек көрсетті.
Міне сондықтан Қазақстанның қазіргі ғалым ұрпақтары Қ.И.Сәтпаевты өздерінің ұстазы, қамқоршы және талапшыл жетекшісі деп есептейді. Алайда оның өмірбаянында докторлық және кандидаттық диссертацияларға жетекшілік еткені туралы дерек жоқ.
Қ.И.Сәтпаев – ақылдың нағыз шамшырағы, ХХ ғасырдағы қазақ жеріндегі ломоносов бейнесіндегі ерекше үйлесімдегі ғалым. Қ.И.Сәтпаевты жақын білгендердің бәрі оның көптеген ғылым салалары бойынша жоғары ғұламалығы, кез-келген ғылыми мәселелерді талқылау барысында ең тиімді шешімдерді таба білетіндігі, күрделі ғылыми мәселелерге бейімделе алатындығы таң қалдыратын. Егерде XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов Шығысты зерттеуде құйрықты жұлдыз секілді жарқ етсе, онда Қаныш Сәтпаев ХХ ғ ғылыми ерліктің алыбы, балуаны болып табылады. Егерде бұрын Шоқан Уәлиханов жеке-ғалым болса, Қаныш Сәтпаев біздің заманымызда тұтастай ғылыми мектептің басшысы, ғылымның бірегей ұйымдастырушысы, Қазақстан ғалымдар армиясының тәлімгері және тәрбиешісі.
Қ.Сәтпаев өзінің жан-жақты және жемісті ісімен Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың даумына баға жетпес үлес қосты, ғылымның осы саласында да өшпес із қалдырды. Міне сондықтан барлығы академик Қ.И.Сәтпаевты қоғамдымдық ғылымдардың қадірлеушісі және досы деп таниды. Ол Қазақстанның ғылым тарихында әрқашан осылай қалады»
Жоғарыда аталған Кәкімбек Салықов былай деді:
«Сәтпаев есімі тек қана Қазақстанның индустриясы және ғылымының даму тарихымен байланысты емес, барлық халықтық шаруашылық және республиканың экономикалық және мәдени өмірінің дамуымен және қалыптасуымен үздіксіз байланысты. Қазақстанда өзінің орасан ғылыми және азаматтық беделімен адамдардың жүрегіне және ақылына ауқымды және жан-жақты Қ.И.Сәтпаев сияқты әсер еткен ғалым жоқ шығар. Онымен бұрынғы Кеңестің және республиканың өкіметі санасатын, өйткені онда Жердің астындағы мен үстіндегіні көретін данышпандық бар.
Қ.И.Сәтпаев Жезқазған мен Орталық Қазақстанға байланысты жұмыстар айналасында ғана тұйықталып қалған жоқ, Қазақстанның барлық аймағындағы іздестіру және барлау ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға белсенді әрекет етті, сондықтан оның талапты ақылы және мейірімді жүрегі Қазақстанның барлық кеңейтілген аймақтарының жерінде және жер қойнауында өшпес із қалдырды».
Қаз КСР ҒА академигі – құрылтайшысы, ботаник А.В.Павлов Сәтпаев туралы өзінің очеркінде: « Өзінің мінезінің және орасан пайдалы ісінің арқасында Қ.И.Сәтпаев Қазақстанда кең танымалдыққа ие. Құрметті есім: Қаныш аға есімін, металлургиялық зауыттардағы, көмір шахталарындағы, кеңшарындағы және ұжымшарындағы кез-келген қазаққа таныс еді. Далада оның есімін айтқанның өзі жеткілікті, Қ.И.Сәтпаевты кез-келген киіз үйде, кез-келген ауылда құрметті қонақ болуға. Оның ісі ғана емес, оның тұлғасы да белгілі, себебі Қ.И.Сәтпаев газет және журналдардағы фотосуреттерде жиі көрініс береді. Оның Қазақстанның көптеген атақты суретшілері, мүсін шеберлері салды, тіпті ұлы Вучетичте – оның портретін сомдады және қашады».
Әсіресе Қаныш Имантайұлының досының, мұрагерінің Социалистік Еңбек Ері (1963) Василий Иванович Штифановтың берген бағасы қымбат:
«Оның «соңына түсті». Көптен бері соңына түсті, бірақ ол ағылшындардың және Мәскеудегі Главком мамандарының болмашы болжамдарын теріске шығарып, Жезқазған рудаларындағы мыстың қорын жылдам арттыру бойынша практикалық ісімен және даналығымен жеңді. Әрі ол мұның бәрін асықпай, өнегелікпен, іскерлікпен жасады. Қазір өткеннің барлығын ой елегінен өткізе отырып, мен мынадай қорытынды жасадым, шын мәнінде ол барлығына тойтарыс берген данышпан адам болған екен. Ол Серго Орджоникидзе мен Лазар Кагановичке тек қана Жезқазғандағы мыстың өте үлкен қорын дәлелдеп қана қоймай, Кеңес өкіметіне Жезқазғанның ерекше қажет екендігін негіздеп берді. Қазақстан үшін жезқазғандық геологтың салтанатты шеруі қуаныш болды, ал Мәскеу үшін – олжа және үлкен тірек болды. Сіздер, ақындар және жазушылар, осындай өнегені көргенде «жақсы жандардың» даңқын шығарыңыздар, ал, біз, қарапайым адамдар, мұндай жағдайда жоғары ақылды бағалаймыз. Енді алыстан жорамалдауға болады: Қаныш Сәтпаев ерекше ақыл иесі, соған орай оның жүрегі де кең болды».
− Екіншіден, менің жас достарым, сіздерге айтарым деп Штифанов өз әңгімесінде мынаны баса айтты – мен кейде Сәтпаевқа деген кейбір көмескі көзқарастармен келіспеймін, яғни, оған атақты геолог ретінде бір жақты қарайтындармен, дегенмен ол алдымен тамаша адам болды ғой. Турасын айтайын: ол пайғамбар. Ол барлық Жердің геологиясын білді, жер шары оның басында болды. Сәтпаев барлық жағынан ұлы. Алла оған тек бой беріп қана қоймай, адамдағы жақсыынң бәрі берілген. Бұл ерекше сападағы қоспа. Мұндай адамдар дүниеге жүз жылда бір келеді, Рустағы – Пушкин сияқты, ал, қазақтарға – екінші Сәтпаев, мың жылдық. Қаныш шын мәнінде заманалық тұлға. Өтпелі ғасыр қазақтар үшін Сәтпаев пен Әуезов сияқты осындай алыптардың ғасыры. Адамдар ойланбастан, оны Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, ғылымның барлық жүйесін жасаушысы ретінде айтады. Алайда, мұндай жұмысты басқа елдерде ғасырлар бойы жасайды. Еске түсіріңіздер, Ломоносовтан Келдышке дейін, қаншама патшалар, әміршілер болды, сондай-ақ Ресей мен Кеңес Одағындағы Ғылым академиясының президенттері де қаншама. Қазақстанда Қаныш осы орасан зор, ғасырлық жұмысты өзі жалғыз жасады, қайталап айтамын, бұған көптеген мемлекеттер бірнеше ғасыр жұмсады.
Қаныш Имантайұлын мен қалай білсем, солай есімде қалды.
Онда Толстойға ұқсастық бар: зұлымдыққа зорлықпен жауап бермейтін, жоғары деңгейдегі мейірбан адам болатын. Сірә, мұндай тек кемеңгер адамдар ғана кездеседі. Мұның бәрі оны замандастарынан бір саты жоғары тұратын, ұлы ойшыл етті. Жамандық ойлайтындардың қатары оның атағымен, ұлы істерімен қатар өсіп отырды. Алайда, оның дайын металл түрінде берген ғажайыптарына сөзсіз сенді. Ғажайып аз уақыт ішінде орын алды, жаулардың арам ойлары Сәтпаевтың аяқ алысына үлгермеді... Мен бақыттымын, осындай ақылды, сенімді досым болғанына».
Қаз КСР ҒА корреспондент-мүшесі, серіктесі, әріптесі П.Т.Тәжібаева былай деп еске алады:
«Ол жастарға сенетін, өйткені ол батыл, жігерлі, барлық жаңаны қабылдайды. Жастарға, Қаныш Имантайұлы, үлкен жауапкершілік жүктеді: ғылымның тапталмаған сүрлеу шыңына шығу үлкен еңбек пен білімді талап етеді. Ол кеңес ғалымының борышы, өзін өзі ұстай білу және ғылымдағы үздік адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі туралы айтты. Осы тақырыпқа бірнеше рет тоқталды.
Қаныш Имантайұлы менмендіктің бітіспес дұшпаны болды. Ол жастарды тәрбиелеу барысында еркеліктің болмауын талап етті, ол қиындықтарды, кедергілерді жеңе білу керек деп айтатын.
Қаныш Имантайұлымен әңгімелесе отырып, әрбір адам өзін оңай және сергек сезінетін. Онымен кездескеннен кейін ерекше күш-қуат, өмір сүруге және жұмыс жасауға деген құлшыныс пайда болатын. Біз онымен әңгімелесе отырып, өзімізді туған әкемізбен сөйлесіп отырғандай еркін сезінетінбіз. Ол жастардың үлкен досы болды, өте ықыласты, мейірімді және сонымен қатар қатал және талапшыла болатын. Ол жастарды жақсы істерге бағыттайтын, оларға еңбектің ұлылығын түсіндіретін, еңбекті құрметтеуге, адал еңбекшілерге құрмет көрсетуге және жалқауларды жек көруге мәжбүрлейтін.
Ол көп нәрсеге үйретті. Жұмыс жасай білуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, адамдарда тек жақсы қасиеттерді көруге; ол адамдарға ілтипат көрсетуге, адамдардың қателіктері мен кемшіліктерін кешіруге үйретті. Ол адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, адамдардың еңбекке қатысты төзімділігіне үйретті. Қ.И.Сәтпаев біздің жақмы, нағыз, шынайы досымыз болды. Ол біз жұмыс істейтін зертханаларға келетін, әрбір қызметкердің жанына үңілетін, барлығының жұмысына, өміріне көңіл қоятын, жанұя амандығын біліп отыратын. Біз оны оқытушы және тәлімгер деп қана білмейміз, сондай-ақ оны өзімізден үлкен досымыз, жақын адамымыз ретінде көретінбіз.
«Өзінің күш-жігерімен, қайтпас қайсарлығымен және жылы күлкісімен әрқашан өмірдің және оған деген махабаттың бейнесіне айналды. Қаныш Имантайұлы өзін білгендер үшін осы бейнесінде есте қалды». Ол өзінен кейін үш үлкен іс қалдарды: бірінші – Жезқазған, екінші – Қазақстан Ғылым академиясы, үшінші – Геологиялық ғылымдар институты. Олардың барлығында бірнеше жүздеген адамдар өмір сүреді және жұмыс істейді, олар қазақтың қадірлі ұлы, ғалым, коммунист, геолог Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың ісін жалғастыруда».
Профессор Коптев-Дворников
Мерейтой иесінің өмірін және қызметін жан-жақты насихаттау қажеттілігін еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылдың желтоқсанында Павлодарда мерейтой комиссия мәжілісінде, былай деді: Қ.И.Сәтпаев арқылы, ЮНЕСКО арқылы біз барлық әлемге біздің халқымыздың Данышпан ұлын, оның биографиясы, оның еңбектері арқылы тағы бір насихаттаймыз, оның данышпандылығымен біз қазақ халқын, біздің республиканы және қазқ жері қандай ұлдарды сыйлағанын насихаттаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл сөздері бүгінгі таңда Қ.И.Сәтпаевтың тұлғасына берген терең және ауқымды бағасы болып табылады. Бұл бізді ол туралы кез-келген жарияланымдарға жоғары дәрежедегі жауапкершілікпен қарауды міндеттейді. «Қ.И.Сәтпаев – әлемдік масштабтағы тұлға, бір ғана респбулкаға немесе ауданға емес, ол әлемдік өркениетке жатады, және жергілікті патриотизм қарқынында бұл туралы ұмытпау керек»
Сөйтіп оның естелігіне деген шексіз құрмет сезімімен соңғы сәтпаевтық, геология және геологиялық ғылымдарының туындауының барлық оқиғасын, оның естелігін мәңгі есте сақтау үшін ҚР минералды ресурстары Академиясының президенті Г.Р.Бекжанов жазды. Өзінің бастамасымен Қаныш Имантайұлының 100-жылдық Мерейтойын ұйымдастырып, одан кейін 115-жылдығын атап өтті, ол орта буындағы адамзатқа Сәтпаев еңбектерін оқуды өтінді, одан үлгі алуға және өз халқын, өз елін ол сияқты сүюге үндеді.
«Уақыт оның жарқын бейнесін, оның ұрпаққа қалдырған орасан зор шығармашылық және рухани мұрасын айқындайды. Біз өзімізідң жұмысымызды және іс-әркетімізді Қ.И.Сәтпаев бойынша салыстырамыз, қиын және қуанышты сәттерде оның жарқы бейнесіне жүгінеміз». Эстафетаны орта және жас буындарға бере отырып, Қ.И.Сәтпаевтың мұрасын ұқыпты және лайықты ұстайды деген үмітімізді білдіреміз. Жүк салмақты және күрделі болады». Өмірден ерте озған, өзінің еңбексүйгіштігімен, адамға деген интеллект кеңдігімен ұқсас, ол оған ондаған жылдар бойы сыйынған, қажымас Гинаят Рахматуллич Бекжановтың өсиеті осындай.
Барлық жерге, өзінің халқына деген махаббат, ол оны әрқашан білімді, бай, индустриялы дамыған елде баққытты өмір сүруді қалады, бұл оның мінезінің негізгі ерекшелігі.
1927 жылдағы Таисия Алексеевнаға жазған көптеген хаттарының бірінде, Қаныш Имантайұлы былай деп жазды: «Мен, табиғатында қазақпын, сенім бойынша қазақ (90%), әріқарайғы өмірім тек Қазақстанда; қиялға берілмеймін, сондай-ақ қиындықтарға мойымаймын; ауқаттылығымды материалдық тұрғыда көрмеймін, мұқьтаждық туындаса өмірлік «жайлылықтан» бас тартып Қазақстан бойынша «қаңғыруға» дайынмын».
Өмір бойғы ауруымен күрес, өзінің істерін жүзеге асыруда, «ұлтшыл» деген ойдан шығарылған айыптаулар, қызметтен босатылуы кезінде де, партия тарапы бойынша қатаң сөгіс жариялағанда да, ол өзінің пайымдауларына, өзінің халқына, Қазақстанына деген адалдығын дәлелдеді.
Әрбір ғалымның өзінің тағдыры және өзінің атағы бар. Бекерге айтпаған болар, жарық дүниеде екі тұқым ,екі адамзаттық әртүрлілік болады: жаман және жақсы адамдар. Сәтпаевта өзінің ерекше параметрлерімен жақсы адамдар тұқымына жатады. Алайда табиғаттан осы Адамға берілгеннің бәрі, оның қарапайым және рақымы мол адам болуына әсерін тигізді. Қазақстандық ғылымның патриархы, Сәтпаев серіктесі, Қаз КСР ҒА академигі Шафик Чокин еске алады: «Мен онымен 20 жылдан астам жұмыс істедім. Ол ерекше тұлға: атақты ғалым және атақты ұйымдастырушы – бұндай үйлесімділік сирек. Қазақстанның жолы болды. Ол өте талапшыл адам болатын. Барлығын белгілі бір арақашықтықта ұстады. Ешқашан ешкімге даусын көтерген емес. Бірақат адамдарды тәртіпке үндейтін, олардың ісін жандандлыра білетін. Бұл деген оңай емес».
Қаныш Имантайұлы өзінің 50-жылдық Мерейтойында өзінің рөлі туралы былай деді: «Егерде менен сұраса, өмірімде не нәрсені үлкен бақыт деп білесіз деп сұраса, мен айтар едім, менің ең үлкен бақытым, маған біздің тамаша ғасырда өмір сүру бақыты түсті, шабытты, шығармашылық етуге барлық мүмкіндіктер бар, бір ұрпақтың көзінің алдында халықтың бақыт туралы ғасырлық арманы орындалуда, - бұл үлкен қуаныш. Ол менің үлесіме тиді, мен срнымен бақыттымын. Менің өмірім мен қызметімнің өтіп кеткен жылдарындағы менің жасағанымның бәрі, қарапайым сезімнен және өз кірпішімді тауып оны біздің Отанымыздағы халықтың жаңа өмір құрылысына қалау ұмтылысынан шықты...»
Бірақта, өмір көрсетті, толық емес 65 жыл ішінде, ол келесі ұрпаққа Үлкен Жезқазғанды, Ғылымдар академиясын, 1964 ж бері оның атымен аталатын Геологиялық ғылымдар Институтын құрыд және қалдырды.
2006 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 60-жылдығында ҚР Президенті Н.А.Назарбаев былай деді: «1946 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуы маңызды тарихи оқиға болды. Мұндай оқиғалар, әдетте, атақты тарихи тұлғалармен байланысты. Біз бүгін мақтанышпен сол ұлы ғалымдардың бірі, отандық ғылымды әлемдік деңгейге көтере білген, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Ленин және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, қазақ халқының данышпан ұлы Қаныш Имантайұлы Сәтпаевты еске алудамыз».
Драматикалық бұрылыстыраға толы, қазақтың бірінші академигінің жарқын өмірі, оның көпқырлы ғылыми, ұйымдастырушылық және қоғамдық қызметі, шолуда «өмірді кімнен жасаймыз» деген Владимир Маяковскийдің сөзімен айтқандағы жастар мәселесін бүгіннен ойластырылатын қазақстан жастардың еңбекқорлық пен білімге құлшынысына өнеге болады. Осыған байланысты акедемик Қ.И.Сәтпаевтың өмірлік қызметін насихаттауға және оны танымалды ету мәселесі маңызды мәнге ие болады. Бұл біздің еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын париоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу үшін жаңа ғылыми идея.
Бұл очеркті сол кезеңнің әзіл сықақ «Шмель» журанлының жеңіл жартылай әзіл түрінде осы Үлкен Адамның болмысы көрсетілген, Қ.И.Сәтпаевты 60 жылдығын құттықтаумен аяқтағым келеді.
Юбиляру
Могучим сказочным Фархадом,
Нарушив вековую тишь,
Из недр глубоких клад за кладом
Для родины берет Каныш.
Его умом народ гордится,
И в шестьдесят он полон сил.
Он Менделеева таблицу
В богатство наше воплотил.
О нем бы написать в поэме,
Как светится в его глазах
Седая мудрость академий,
И строек молодой размах!
Шмель
Очерк Қ.И.Сәтпаев серіктестері, жұбайы Т.А. Сатпаева және Қ.И.Сәтпаев атындағы геологиялық ғылым Институты, Академик Қ.И.Сәтпаев архивінің жетекшісі қызы М.К. Сатпаеваның жариялаған материалдары бойынша биология ғылымының кандидаты Ниретина Н.В. құрастырды.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Академик К.И. Сатпаев: Сборник, посвященный памяти выдающегося ученого. - Алма-Ата, 1965. – 262 с.
2 Академик К.И. Сатпаев и наука Казахстана: к 100-летию со дня рождения. – Алматы, 1999. – 272 с.
3 Академик Каныш Сатпаев (фотоальбом). Алматы, 1999. – 157 с., 2011 г. – 172 с.
4 Академик К.И. Сатпаев (к 110-летию со дня рождения). Под ред. Г.Р. Бекжанова. – Алматы: «Казгео», 2010. – 273 с.
5 Альжанов Т.М., Сатпаева М.К. Каныш Сатпаев – сын земли казахской (каз., рус.). - Алматы: Ғылым, 2002. – 173 с.
6 Бекжанов Г.Р. К.И. Сатпаев – выдающийся геолог современности. – Алматы: Ғылым, 1998. – 116 с.
7 Брагин А.И. Умом и молотком. – М.: Политиздат, 1975. – 127 с.
8 Брагин А.И. Первый академик: Документальная повесть. - Алма-Ата, 1989. – 224 с.
9 Букетов Е.А. Жас Қаныш. Деректі хикаят. – Алматы, 1999. – 192 б.
10 Зангар. Қ. Сәтбаев туралы естеліктер. – Алматы: «Айкос», 1999. – 316 б.
11 Қаныш аға. Естеліктер. – Алматы, 1989. - 400 б.
12 Сарсекеев М. Қуғындалған «Сәтбаев». – Алматы: Шабыт, 1994. – 213 б.
13 Гордость Казахстана: беседа с Н.А. Назарбаевым // Казахстанская правда, 1999, 9 апреля.
14 К.И. Сатпаев и молодежь. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. – 256 с.
15 Каныш Имантаевич Сатпаев: биобиблиография. – Алматы: Ғылым, 2002.
16 К.И. Сатпаев. Собрание трудов в 8 томах. – Алматы: Ғылым, 1998 – 2001.
17 Лозовский И.Т., Сипайлов Г.А. Студенческие годы Каныша Сатпаева в Томске. – Томск: изд-во ТПУ, 1999. – 304 с.
18 Мир Сатпаева (сборник воспоминаний). – Алматы, 1999. – 304 с.
19 Сарсекеев М.С. Сатпаев (дополненное второе издание). – Алма-Ата: Өнер, 1989. – 441 с.
20 Сарсеке М. Через тернии (воспоминание-эссе о путях-дорогах к Сатпаеву). – Усть-Каменогорск, 2002. – 366 с.
21 Сатпаева Т.А. Каныш Имантаевич Сатпаев. – Алматы: Ғылым, 2003. – 263 с.
22 Яркая звезда. Академик Сатпаев в воспоминаниях современников. – Алматы: Ғылым, 2000. – 276 с.
Достарыңызбен бөлісу: |