На заседание ректората



Дата28.01.2018
өлшемі88,46 Kb.
#34709

«А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік

университеті» РМК


РГП «Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова»

 

 

АНЫҚТАМА

СПРАВКА

Ректораттың отырысына

на заседание ректората

08.02.2017 ж.

08.02.2017 г.

Қостанай қаласы

город Костанай


Қосымша баяндама





Мемлекеттік тілде бакалавриатта білім берудің сапасын көтерудің жолдары мен мәселелері

Қайырлы күн құрметті төраға, ректорат мүшелері !

Мемлекеттің білім беру саласы стратегиялық мақсаттарына сай елімізге және аймаққа қажетті жаңа тұрпатты, жоғары білікті маман дайындау барысында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның толерантты тілдік ортасын қалыптастыру арқылы тіл саясатын сапалы, тиімді жүзеге асыру баршамызға міндет. Бүгінгі күні «ПЛ» кафедрасы қолданыстағы қазақ және орыс тілдерінің коммуникативтік құзіреттілігін кеңейтетін, нығайтып дамытатын, ғылыми және жоғарғы білім арқылы оңтайлы тілдік ортаны қалыптастыруға бейімдейтін іс – құжаттарын қазақша жазу дағдыларына үйрететін университеттегі факультетаралық кафедра болып табылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы  болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін  барлық күш – жігерімізді салуымыз керек» деген сөздерімен арнайы мақсаттарын жүзеге асыруға ат салысудамыз.

Осыған орай, қазіргі таңда университетімізде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламаның мақсаты – еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлеріне оңтүстік өңірлерден жастарды алып келіп, оларға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беріп, сол өңірде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу.

Бұл бағдарлама бойынша келіп жатқан жастардың барлығы қазақ тілінде білім алатыны белгілі. Сондықтан мемлекеттік тілде білім беру сапасына аса көңіл бөлу қажет. Дәріс, практикалық, СОӨЖ сабақтарын өткізу бойынша семинарлар жүргізіліп жатыр. Университетіміздің оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған қазақ тілін меңгеру бойынша курстар жыл сайын ұйымдастырылуда.

2015-2016 оқу жылында қазақ тілінде сабақ беру жоспарланған оқытушыларды тестілеу барысы бірқатар оқытушылардың қазақ тілін төмен деңгейде меңгергенін көрсетті. Осыған байланысты 2015-2016 оқу жылының 2 семестрінде оқу және тәрбие жөніндегі проректордың 03.03.2016 ж. №3 өкіміне сәйкес мемлекеттік тілдегі оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында сабақтардың өткізілуіне, сабақтарға оқу-әдістемелік материалдардың дайындығына мониторинг жүргізілген болатын. Мониторинг барысы қазақ тілінде жүргізілетін барлық пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері жасалғанын көрсетті. Бірақ кейбір пәндер бойынша оқулықтар жетіспейді. Сонымен қатар сабаққа қатысу барысында жас оқытушыларға тәжірибе жетіспейтіндігі, беретін пәндерін әлі толық меңгермегендері байқалып тұрды. Сондықтан бұл олқылықтың орнын толтыру үшін тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына қатысып, семинарларда, курстарда біліктілігін көтерген абзал.

Қазіргі таңда 2013 жылдан бастап елімізде тілдерді үйретудің әлемдік маңызы бар, тиімді инновациялық жолдарын қарастырған деңгейлеп оқыту бағдарламасына яғни топтастырып деңгейге байланысты саралау арқылы (Европалық стандарт А1,А2; В1,В2; С1,С2;) сәкес студенттерді топтастырып бакалавриатта жүргізіп келеміз. Осы бағдарламаның нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетіп жатырмыз.

Университетте 2015 оқу жылынан бастап бакалавриат және магистратура студенттері үшін ақылы оқыту курстары ашылды. Сағат саны 72 оқу мерзімі 6 ай.



Жылдар

студсаны

Топ

саны


Оқу ақысы

Оқу мерзімі, сағат

саны


Шығарылған студ саны

1

2015-16

86

7

18

6 ай 72сағат

14

2

2016-17

133

13

18

6 ай 72сағат

2

Университетте мемлекеттік тілді үйренушілердің 1,2 деңгейлері бойынша 2013 жылдан бері ПОҚ мен қызметкерлерден құралған топтар тегін оқытылып келеді. Кәсіптік даярлау бөлімінің ұйымдастырылуымен жаңа оқыту курстары ұйымдастырылды (Слайд№3)





Жылдар

Оқытушылар саны

Топ

саны


Денгейі

Сертификат алғандар

Шығарылған

1

2014-15

21

2

2,3

8

6

2

2015-16

32

3

1,2

-




3

2016-17

52

4

1,2,3

-

9

2015-16 жылы «Қазақтелеком АҚ» шаруашылық келісімге тұрып, қызметкерлерге ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді оқыттық. (11топ, 179 адам, 5ай). Аталған курстардың бағдарламалары бекітіліп, арнайы кесте бойынша оқытушылар қамтылып,сабактар жүргізілді.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1, 2 курс студенттері тарапынан кейбір пән оқытушыларына арыз-жағым айтылуда. Атап айтқанда, қазақ тілін жетік білмейтіндеріне, сабақта қазақшадан гөрі орысша көп сөйлейтіндеріне, материалдарды орысша беретіндеріне және т.б.

Сонымен қатар шет тілінде беретін оқытушылардың орыс тілді болғандары студенттерге қиыншылық туғызуда, себебі олардың көбісі орыс тілін жетік білмейді.

Сондықтан мұндай жағдайда мемлекеттік тілде білім берудің сапасын көтеруді ең бірінші кафедраларда қазақ тілін жетік меңгерген, тәжірибелі оқытушылар құрамын қалыптастырудан бастаған жөн.

Аграрлық-биологиялық факультетінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 5В072700-Азық-түлік-өнімдерінің технологиясы, 5В072800-Қайта өңдеу өндірісітерінің технологиясы, 5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В080100-Агрономия мамандықтарында студенттер білім алып жатыр. Олардың жалпы саны 133 адам. Жалпы қазақ бөлімінде 247 студент білім алып жатыр, бұл жалпы студенттер санының 50,9%.



Кесте 1 – Аграрлық-биологиялық факультеттегі студенттер контингенті


Мамандықтың атауы

Студенттер контингенті

қазақ бөлімінде

орыс бөлімінде

барлығы

5В060700-Биология

16

45

61

5В060800-Экология

28

48

76

5В072700-Азық-түлік-өнімдерінің технологиясы

52

22

74

5В072800-Қайта өңдеу өндірісітерінің технологиясы

54

20

74

5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология

25

6

31

5В080100-Агрономия

72

97

169

Барлығы__247__238__485'>Барлығы

247

238

485


Кесте 2 – Мемлекеттік тілде білім беру үшін кафедралардың оқытушылармен қамтамасыз етілуі


Кафедраның атауы

Штаттағы оқытушылардың барлығы

Мемлекеттік тілде білім беретін оқытушылар

Қазақ тілі курсына баратын оқытушылар

Биология және химия кафедрасы

14

7

4

Экология кафедрасы

10

4

2

Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы

14

8

3

Агрономия кафедрасы

15

7

-

Барлығы

53

26

9

Жалпы кафедралар мемлекеттік тілде білім бере алатын оқытушылармен қамтамасыз етілген. Дегенмен, бірақ келесі оқу жылында 3,4 курста базалық және кәсіптендіру пәндері басталатындықтан «Серпін-2050» бағдарламасына енген мамандықтар бойынша мемлекеттік тілде білім бере алатын оқытушылар құрамын көбейтуді жоспарлау қажет.



Проблемалар:

- кейбір базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша оқулықтар жетіспейді, осының салдарынан студенттер орыс тілінен аударып оқуға, ал оқытушылар қосымша уақыттарын жұмсауға мәжбүр;

- жақсы жабдықталған зертханалық базаның болмауы зертханалық сабақтарды жүргізуде қиындық тудыруда;

- мемлекеттік тілді оқыту барысында заманауй жабдықталған оқу кабинеттері жетіспейді;

-оқу курстарына қатысушы барлық оқытушылардың оқу жүктемесінің шамадан тыс көптігі;

Ұсыныстар:

- мемлекеттік тілде білім алатын студенттер санының артуына байланысты кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамын толықтыру;

- базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарын жасау бойынша жұмыстарды күшейту;

- еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының зертханалық базасымен танысу мүмкіндігі болса;

- тәжірибе алмасу және мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік материалдарымен танысу мақсатында оқытушылардың біліктілігін көтеруге «академиялық мобилділік» жобасы сияқты жағдай жасалынса;

- инновациялық технология бойынша сабақ жүргізуді кеңейту, деген тілектерімізді айтуға болады.

Келер ғасырдың талаптарына жауап бере алатындай деңгейде білім меңгерген, ұлттық және рухани құндылықтарға берік, еркін және өз бетімен ғылыми тұрғыдан ойлауға қабілетті, жеке және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімі дамыған, достық пен ынтымақтастық маңызын түсінетін жастарды тәрбиелеу, ғылыми зерттеу және дамыту іс-шараларын жүзеге асыруды мақсат етеміз.

Сондықтан да заманауи талаптарға сай сапалы білім беретін, өз ісімен танылып, ғылым мен технологияны қатар дамыта отырып, Қостанай аймағы игілігіне өз қызметін ұсына алатын бәсекеге қабілетті ЖОО болуды көздейміз.


Аграрлық-биологиялық факультеті

деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.Еріш


Гуманитарлық- әлеуметтік факультетінің

практикалық лингвистика кафедрасының



меңгерушісі м.а. Г .Журсиналина

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет