348
кезеңдері мен өркендеу өрістеріне жетудің мол мүмкіндіктері байқалды. Әсіресе, Ұлт
жоспарын жүзеге асырудың қажеттілігі басты назарға алынады.
Заман талабына қатысты
мемлекеттік мүдделер, қоғамдық - саяси өмірді жаңғырту жайы, экономикалық реформаларды
іске асырудың мәні, басты қағидаттары алға тартылады.
Жасыратыны жоқ, Жолдаудың бастапқы тұсында, елдіктің басты ұстанымы, халықтың
басты арман-аңсары – Тәуелсіздік мәні, тарихы мен тәжірибесі, тағылымды қырлары назарға
алынады. «...бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы» болғаны кең түрде айтылып,
ел дамуының жаңа тарихындағы белесті биік, маңызды мәселелер қатарында айтылады.
Баянды бірлік, елдік мұрат, тәуелсіздік жетістіктері ретінде еске алынады. Елбасы саясаты,
бейбітшілік пен келісім, жасампаздық жолы көрсетіледі. Мұның мәні былай беріледі:
«...Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске
асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз». Саяси жүйедегі мемлекет
негізі мен тұрақтылығы, билік пен қоғам арасындағы байланыс тетігі осыған саяды. Сайып
келгенде, мұның өзі қоғам өкілдерін құрайтын – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ротациялық
тәртіпке негізделетінін айқындай түседі.
Бұдан басқа, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату, азамматтық қоғамға
қолдау көрсету, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мәніне зор маңыз беріледі. Осы арқылы
халықпен тиімді кері байланыс орнату, адамдардың әлеуметтік ахуалына, мұң-мұқтажына
назар аудару басты басымдықтар ретінде аталады. Ел бірлігі мен оның әралуандылығы,
қоғамдық келісімді нығайту, митингтер туралы заңнаманы жетілдіру, азаматтық қоғам құру
жолындағы өкіметтік емес ұйымдардың беделіне мән беріледі. Қалың жұртшылық, жас ұрпақ
та бұған үміт-сеніммен қарайды. Ел бірлігі, татулық пен тұтастық – қоғамдық келісімнің
қайнар көзі. Ол үшін қоғамдық диалог, халықпен кері байланыс орнату – уақыт талабы.
Анығын айтқанда, мұның өзі: « ...Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына
жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады». Билік
пен қоғам байланысының бір көрінісі осы.
Сондай-ақ, ел өміріндегі маңызды мерекелер мен мерейтойларға айрықша тоқталып,
ерекше мән беріледі. Атап айтқанда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 және
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары, оны өз деңгейінде, лайықты атап өтумен
дәріптеуге ерекше орын беріледі. Оның маңызы, сөз жоқ қазақ тарихы мен руханиятына
құрмет. Әрі өрениетіміздің қайнар көзі - білім-ғылым, ақыл-парасатқа ашылған кең өріс екені
да анық жайттардың бірі.Ұлт пен оның танымал тұлғаларына деген құрмет пен тағзым екені
де терең танылады. Осы орайда, сөз жоқ алдағы жылы аталып өтетін – әл-Фарабидің 1150
жылдық, А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары: елдік мұрат пен ұлт ғұламаларына
құрмет. Олар, негізінен асыра мақтан,
алақайлаған той, немесе ысырапшылдық жол беру
бағытында емес, жауапкершілігі жоғары, игілікті істі арқау еткен кәделі де сауапты, ізгілікті
қадамдар қатарына жататыны айрықша аталады. Мұның өзі ұлт мұратын асқақтатып, ел
мерейін өсіріп, отаншылдық рухты биік белеске көтеретіні, жасампаздық жолға бастайтыны
айқын аңғарылады.
Сонымен бірге азаматтардың негізгі құқықтары, әкімшіліктегі әділет құрылымы,
браконерлік проблемасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау жүйесін реформалау,
табиғи құбылыстар мен техногендік сипаттағы апаттардан қорғау жайы, еңбек өнімділігін
арттыру, инновацияны дамыту, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру сынды стратегиялық
міндеттер де барынша айқын орын алады.
Қазақстандағы цифрлық экономика, қала мен ауылды дамыту, шағын және орта
бизнеске кең өріс ашу, жер
ресурстарын тиімді пайдалану, әділетті салық жүйесі, Ұлттық
қорды тиімді пайдалану, еңбекақы төлеу деңгейін арттыру, жұмыс берушілерді ынталандыру
мәселелері де бүгінгі күні өткір қалпында қалып отыр. Өйткені, жер-жаҺандағы даму
бағыттары мен жетістік нәтижелері, ашық қоғам құру мен цифрлық жүйе мәні, оны жүзеге
асырудың тиімді тетіктері осында жатар. Бұған да жіті мін беріп, сергек қараған жөн.
349
Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңдерін айтқанда, сөз жоқ бірнеше бағыттарға мән
беріледі. Олардың қатарында білім бері сапасын жақсарту, мамандар даярлаудың отандық
жүйесі, жас ұрпаққа кәсіби бағыт-бағдар беру саясаты, орта және жоғары білімнің сандық
және сапалық қырлары айқындалады. Жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі негізгі назарға
алынады. Елдік мұрат, дәстүр мен тарих мәні де тиісінше орын алады. Мұғалімдер мен
оқытушылардың әлеуметтік жағдайына, еңбекақысына көп көңіл бөлінеді. Отбасы және бала
институтын қолдау, бұқаралық спортты дамыту, мәдениет қызметкерлерінің мүмкіндіктерін
ескеру, зейнетақы жүйесі, тұрғын үй саясаты,
инфроқұрылымды дамыту, заңнама жүйесін
зерделеу мен сараптау институтын құру, қоғамдық диалогтың негізі - татулық пен
тұрақтылыққа айрықша тоқталып, барынша маңыз беру мәселелері кеңінен қозғалады.
Бұл ретте, сөз жоқ әлеуметтік бағыттардың маңыз-мәні айқындалып, маман
дайындаудың отандық жүйесі, еңбек ресурстардың тиімді тәсілдері, кәсіби бағыт-бағдар
берудің қажеттілігі кеңінен көрсетіледі. Атап айтқанда, ауыл мен қала мектептері арасындағы
білім сапасына қатысты алшақтық, ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың
тапшылығы сынды өзекті мәселелер орынды қозғалып, нақтылы көрсетіледі. Әсіресе, ол:
«...Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары,
бірақ
мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр...Дарынды
ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау
керек...Білім саласына қатысты тағы бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және
өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі», басқа да қордаланған жәйттер анық
айтылады. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа бағыт,
биік деңгейлерге көтеру жәйі де қозғалады. ЖОО-дағы білім сапасы, дербес қаржыландыру
тәртібі мен диплом сату сынды келеңсіз де көлеңкелі көріністер мәні, жат та теріс сиқы да
сын тұрғысынан сөз етіледі.
Асылы, аталған жайттардың бәрі – ел дамуына, ұлттық мұратқа негізделіп, оны
өркениет деңгейіне көтеру бағытына арналғаны көңілге қуаныш орнатады. Қысқасы, ел ертеңі
мен кемел келешегіне қатысты нақты жұмыстар, маңызды мәселелер, сапалы өзгерістер мәнді
де нанымды, жүйелі жеткізіледі. Бұдан сөз жоқ, ел еңсесі көтеріледі. Ұлт мұраты
айқындалады. Жасампаздыққа жол ашылады. Жас ұрпақ үлгі-өнеге алады. Көпке керегі де
осы. Негізінен алғанда, «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен
өркендеуінің негізі» атты биылғы Жолдау баянды
бейбітшілік пен берік бірлікті, татулық пен
тұтастықты кең түрде сөз етіп, ел дамуының нақты көрсеткіштері мен алдағы уақытта
атқаратын міндеттерді байыпты саралап, жүйелі жеткізуімен де мәнді болып табылады.
Осы орайда еске алсақ, «Мәдени мұра» (2004), «Халық-тарих толқынында» (2013),
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (2017), «Ұлы даланың жеті қыры» (2018) сынды
бағдарлама мен жобалар жүйесі, мақалалар топтамасы, сөз жоқ өткен тарихқа құрмет пен
тағзым, сондай-ақ ежелгі ескерткіштер мен жәдігерлерді, мәдени-рухани құндылықтарды тану
мен бағалау ісінде, қысқасы Ұлы Даланың әлемдік өркениет алдындағы жауапкершілік жүгін
біліми арналар мен ғылыми деректер негізінде нақты да жүйелі қарастыруға мол мүмкіндіктер
береді. Бастысы, ел тарихы мен даму үрдістерін кең түрде танып-таразылап, жіті айқындайды.
Еске түсірсек, бұл ретте: « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық қуаты
мен сипаты басым мақалада: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса,
ол адасуға бастайды...Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу
арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек»,- деп анық-қанық атап
көрсетіледі. Сондай-ақ. Ұлттық кодты сақтау, тарлан тарихқа тағзым,
ұлттық сананы
жаңғырту, бәсекелік қабілетті арттыру, елдік болмыс пен рухқа, сана-сезімге кең өріс ашу
қажеттілігі көрсетіледі. Түйінді тұста: «...Өмір сүру үшін өзгере білу керек».- деп жаңа уақыт
рухын, жаҺандану кезеңінің талаптарын алға тартты.
Ал, орайлы тұста: « Ұлы даланың жеті қыры» атты тұжырымдамалық мақаланың
табиғаты мен тағылымына ден қойсақ, алдымен бізді қоршаған Кеңістік пен Уақыт мәні мен
сыры ашылады. Осы бір тоғысты тұстан; «...ұлт тарихы басталады»,- деп фәлсафалық сырға
350
толы терең мәнді түйін жасалады. Өркениетті елдердің (Италия, Германия, Үндістан т.т.)
арғы-бергі кезеңдеріне, тарих толқынындағы орын-үлестеріне, даму үрдістеріне мән беріледі.
Осының негізінде ұлттық тарихқа, оның қилы кезеңдеріне, қырлы-сырлы тұстарына заманауи
тұрғыдан зер салынып, берік ұстаным жасалады.
Негізінен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің жер-жерінде мың сан іс-
шаралар ұйымдастырылып, мәдени-танымдық тұрғыдан оң бағыт, ұнамды сипаттар алды.
Оның бәрі-баршасында қоғам дамуы, ел бірлігі мен татулық-тұтастық сынды қымбат та
қастерлі бағыттарға басымдық берілді.
Ұлы Дала тарихы, танымал тұлғалардың ерен
еңбектері, әл-Фараби мен Абай мұраттарына ұласқан дәстүр жалғастығы кең орын алды.
Ендеше, ұлт мұраты мен ел бірлігі – халқымыздың қымбат қазына-құндылықтары Һәм басты
ұстанымдар қатарына жатады.