Нахимов негізгі мектебінің
2015– 2016 оқу жылындағы
гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің
жарты жылдық жұмысының қорытынды есебі
Тіл-халық жаны, сәні. Оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін өзіміз. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасында тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан біз ана тілін білмей ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Адам баласы білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу үрдісінде үйренеміз.
Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы елдің елдігі, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін, өнеркәсібін, салт-санасын, мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін құралы. Тіл көмегімен өнер-білімге, мәдениет-ғылымға жетіп, өткен-кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа, әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам- халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз, сондықтан «Өнер алды қызыл тіл» дегендей, адам баласының байлығында тілден артық не бар. «Қазақ ең алдымен, өз тарихын білуі қажет». Сондықтан әр сабақ әрбір тәрбие жұмысы бүгінгі талап деңгейіне байланысты құрылуы тиіс. Демек, қазақ халқының әдет - ғұрпын, мәдениетін танып білуге талпындырып, өз ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеп, өзге тілді оқушыларды қазақ тілінде сөйлетіп жаза алатындай дәрежеге жеткізу басты мақсатымыз болуы тиіс. Тіл – халықтың тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Тілге деген құрмет - халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болуы үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуге міндеттіміз. Әлемдегі ең бай да сұлу, әуезді де салтанатты тіліміздің қасиетін менсінбейтін мәңгүрттік кеселге шалдықты. "Тілімізді кристалдай таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз" деген Шоқан Уәлихановтың сөзі дәл бүгінгі ұрпаққа айтылғандай. От ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз, ел тағдыры сынға түскенде, абыздай күңіреніп айтқан тапқыр ойлары, мірдің оғындай өткір сөздері әлі күнге ұрпақ есінде. Абайдың «Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп, туған тілінің құдіретіне тәңірдей табынуы тегін емес шығар. Ұлылар дәріптеген ұлт тілі – ана тіліміздің мәртебесін бүгінгі күнде қандай, болашақта қандай болмақ деген ой әр қазақтың көкірегін сыздататыны бүгінде жасырын емес. Қасиетті ана тілімізді жетім балаша босағада жәутеңдетпей, төбемізге көтеріп, төрімізге шығару үлкен-кішімізге ортақ парыз деп білемін. Тіліміздідің мәртебесін көтеру мақсатында біздің мектебіміздің атқарып келе жатқан жұмыстарын атап айтуға болады.
Мектептің жұмыс жасайтын мәселесі: «Педагогикалық үрдістің инновациялық түрлері,құралдары мен әдістері арқылы білім беру үрдістің тиімділігін арттыру жолдары»
Әдістеме бірлестігінің мәселесі:« Білім беруді жетілдіру жағдайында жаңа әдістер негізінде оқытудың сапасы мен нәтижелігін арттыру»
Әдістеме бірлестігінің мақсаты: «Гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру және пәндер бойынша әдістемелерді жаңарта отырып жетілдіру»
Міндеттері:
1.Оқушылардың сауаттылығын жетілдір:
2.Маниторинг жүргізу арқылы жеке қабілеттерін ашу;
3.Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін ашуға жағдай туғызу;
4.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты тереңдету;
5.Жаңа технологияларды кеңінен қолдану:
6.Оқу-әдістемелік кешендерді жаңартып отыру;
7.Оқу-тәрбие процесінде шығармашылық жұмыстарды кеңінен қолдану;
8. Ата-ана ,мектеп, қоғам, психолог арасындағы байланысты жетілдіру;
9.Мектепішілік, қалалық деңгейдегі пәндік олимпиада, интеллектуалды ойындарға катыы. Әдістеме бірлестігінде барлығы 6 ұстаз,оның барлығыныңда білімі жоғары. Жоғары және бірінші,екінші санаттағы мұғалімдер. 2015 – 2016 оқу жылындағы гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің мұғалімдері төмендегідей:
№
|
Оқытушының
аты –жөні:
|
Туған
жылы
|
Диплом
бойынша білімі
|
Пән
бойынша
мамандығы
|
Еңбек
Өтілімі
|
Аттестациядан өткен жылы,санаты
|
1.
|
Г.Қ.Қайырбекова
|
01.10
1956
|
Жоғары,ҚазГПИ 1978
Орыс тілі мен әдебиеті
|
Директор, Орыс тілі мен әдебиеті
|
17 ж
41 ж
|
Жоғары
2014
|
2.
|
М.Қ.Нарбутина
|
08.02.
1990
|
Жоғары, КГПИ.
Ш.Уалиханов 2014
Орыс тілі мен әдебиеті
|
Орыс тілі мен
Әдебиеті
|
3 ж 4 ай
|
Екінші
2015
|
3.
|
Л.Ж.Асылбекова
|
15.09.
1977
|
Жоғары,АрПИ 1998
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
15 ж 9 ай
|
Екінші
2015
|
4.
|
Ф.А.Нарзиева
|
06.09.
1993
|
Жоғары, АрГПИ
Шет тілі
|
Ағылшын тілі
|
1 ж 4 ай
|
-
|
5.
|
Ғ.Ж.Рысбеков
|
23.03.
1990
|
Жоғары,АрГПИ 2011
Тарих
|
Тарих
|
4 ж 4 ай
|
Екінші
2014
|
6.
|
Г.Х.Қоңырова
|
09.11.
1969
|
Жоғары,АрПИ 2007
ПМНО
|
Өзін –өзі тану
|
26 ж 4ай
|
Бірінші
2013
|
Сонымен қатар әдістеме бірлестігінде барлығы бес отырыс жоспарланды. Оның ішінде екеуі бірінші жарты жылдықта, қалған үшеуі екінші жарты жылдықта
жоспарланған. Бірінші отырыста 2014 – 2015 оқу жылындағы әдістеме бірлестігінің жұмысымен әдістеме бірлестігінің жетекшісі Л.Ж.Асылбекова отырғандарды таныстырды. Былтырғы жылғы әдістеме бірлестігінің жұмысы «қанағаттанарлық» деп саналды.2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспары қаралды. Мұғалімдердің ашық сабақ кестесі және күнтізбелік , факультатив жоспарларын,оқулық авторларын қарап, бекітті. Тілдер апталығының жұмыс жоспары мен қорытындысы талқыланды.Тіл апталығында оқытушылар мен оқушылар белсене атсалысты.Тілдер аптаталығында атқарған жұмыстар төмендегідей: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” деп ылғи да айтып келе жатыр. “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” екенін терең ұғынған президентіміз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қазақ тілінде сөйлеу үшін барлық жағдайды жасауда. “Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл”- деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, тіл – ұттың мәдени коды. Ана тіліміздің жанашыры Г. Бельгердің сөзімен айтқанда: “ Сөз жарықтық адам іспеттес. Бұл мұңаяды,налиды, жылайды, жүрек жара күрсінеді, бұл жұбатады, шаттандыра да алады”. Яғни бұл қазақ тілінің, қазақ сөзінің құдіреті, мүмкіншілігі. Демек, осы құдіретті, осы мүмкіншілікті сақтау, оны дамыту- жастарымыздың парызы. Адамның білімділігі, мәдениеттілігі оның сөйлеген сөзінен байқалып тұратыны белгілі. Осыған орай көптеген іс – шаралар Нахимов негізгі мектебінде 12-қыркүйектен 22-қыркүйекке дейін тілдер күніне орай іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда:12-қыркүйекте «Тіл мерекесіне» арналған онкүндіктің ашылуы. Барлық оқушылармен әңгіме, пікір алмасу, тіл жайында пікірлері тыңдалып, талқыланды. Оқышылар тіл жайында шығарған шағын өлең шумақтарын оқыды.12 қыркүйекте мектеп кітапханашысы Р.Д.Сатанова «Тіл – әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесін , Бейнелеу өнерінен сабақ беретін Қ.С.Коныров «Ұлттарды біріктірген – ұлы тіл» атты 1-4 сыныптар аралығында 14 – 18 қыркүйек аралығында суреттер көрмесін ұйымдастырылды. Ең жақсы деп танылған суреттер Қарсақ Мәден 6-сынып, Мукашев Батыргелді 7-сынып, Султанов Арман 6-сынып, Конурова Саяжан 7-сынып оқышыларының суреттері.Осы оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. 14 қыркүйекте тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Ж.Рысбеков 5-9 сыныптар арасында «Тіл – халық мұрасы» атты танымдық ойын өткізді.15 қыркүйекте денешынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Қ.Қайырбеков «Әлем ұлттарының ойындары» атты спорттық ойындардан ойын өткізді.16 қыркүйекте А.Қ.Есенгелді және Р.Д.Сатановалар «Мемлекеттік тілдің болашағы » атты 5-8 сыныптар арасында пікір талас өткізді.17 -қыркүйекте бастауыш сынып мұғалімдері: Б.С.Кенжегулова, А.М.Жұмабекова, А.Т.Ажибаева «Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» атты байқау өткізді.20-қыркүйекте «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты мемлкеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында ортанғы буын арасында көркемсөз оқудан сайыс өткізілді.Орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 15-қыркүйекте 8-9 сыныптар арасында «Тіл тұтастығы ел тұтастығы» тақырыбында шығармалар байқауы болды. Ең жақсы шығарма 9-сынып оқушысы Сайлаубек Диананың жазған шығармасы деп танылды. 14-қыркүйекте барлақ сынып жетекшілер «Тіл халықтар достығының кепілі» атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді.17- қыркүйекте мемлекеттік тілде Халық әндері, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен салт-дәстүрлері білгірлерінің сайысына 5 -9 сынып оқушылары қатысты. Оның ішінде ерекше көзге түскендер:Сапарбек Сабина 8-сынып оқушысы, Сайлаубек Диана 9-сынып оқушысы, Қарсақ Мәден 6-сынып оқушысы. Аталған оқушылар да мақтау қағазымен марапатталды.20-қыркүйекте «Бір шаңырақ астында» атты тақырыбыпта онкүндіктің жабылуына арналған фестиваль өтті. Бұл фестиваль 6-9 сыныптар арасында өткізілді. Фестивальда І-орынға 8-9-сыныптар ІІ-орынға 6-8 сыныптар, ІІ-орынға 7-9-сыныптар мақтау қағаздармен марапатталды. Барлық аталған іс-шаралар мектеп әкімшілігінің қолдауымен әрі қатысуымен өткізілді.2015- 2016 оқу жылының 07- 12 желтоқсаны аралығында өткізілген тарих апталығы жайынада мәлімет. Апталықтың мақсаты: « Елін, жерін сүйетін, Отанның патриоты бала білетін, рухын жоғары азамат тәрбиелеу» Қазіргі кезде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін жоғарлату. Ол үшін мектептерде жүйелі жұмыс атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. "Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем, демек апталықтың жоспарымен оқушылар лездемеде танысты.Оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларынан көрініс табады. Осындай жаңа технология элементтерін пайдалана отырып «Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы» 9 желтоқсанда 7 сыныпта СТО технологиясы бойынша ашық сабақ өткізілді және 10 желтоқсанда 6-8 сыныптар аралығында «XXI- ғасыр көшбасшысы» атты сынып сағаттар өтті. XXI- ғасыр көшбасшысында оқушылар өз белсенділігін көрсетті. Сонын ішінде 9- сынып оқушысы Әмірқаш Ғұмырбек 1-ші орынды иеленді. Желтоқсанның 11-күні «Завоевательные походы эмира Тимура» тақырыбында 7 орыс сыныбында ашық сабақ және 12 желтоқсанда «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!» атты ашық тәрбие сағаты 6 – 9 сыныптар аралығында өткізілді. Ашық тәрбие сағатына оқушылар өздерінің Отан сүйгіштігін көрсетіп белсене қатысты. Желтоқсанның 11- күні игра – викторина «Знатоки истории» 6-9 орыс сыныптарында жүргізілді. Қорыта айтқанда тарих апталығы оқушылар зердесінде өткен тарихтан өнеге алып бүгін мен болашағымызды берікте бекем ету мақсаты қалыптасты. Сонымен қатар былтырғы жылы Ғалым Жұмагелдіұлы Көкшетау қаласындағы «Үшінші деңгейлік оқыту» курсынан өтті. Гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері ай сайын 9 сынып оқушыларынан ОЖСБ – ға дайындық өткізіп,тест жұмыстарын алуда және барлық мұғалімдерде арнайы папкалар бастады. ОЖСБ – ның қорытындысы көңілге қонарлықтай емес. Әліде болсада пән мұғалімдеріне дайындыққа қатты көңіл қойылуы керектігі айылды. Дарынды оқушыларды бүгінгі өмір талабына сай дайындауда. Қазақ тілі пәні бойынша 9 сынып оқушысы Әмірқаш Ғұмырбекті,тарих пәне бойынша 8 қазақ сыныбының оқушысы Сапарбек Сабинаны, орыс тілі пәні бойынша 5 сынып оқушысы Яковлева Адина, ағылшын тілі бойынша Құрман Аружанды дарынды оқушылар деп айтуға болады. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Сонымен қатар 2015-2016 оқу жылында Дарынды оқушыларға арнап пән мұғалімдері жоспар құрылып, тест,бақылау жұмыстарын алады. Айта кететін болсақ орыс тілі пәнінің мұғалімі Нарбутина Мадина Кудаибергеновна дарынды оқушымен жұмыста диктанттар және қызықты грамматикалық тапсырмалар арқылы оқушы талабын талпындыра түсуде. Ағылшын тілі бойынша мұғалім оқушыларға қызықты аударма жұмыстарын және тақырыптық диолог оқыту сияқты жұмыстар береді.Тарих пәнінің мұғалімі Рысбеков Галым Жумагелдиевич дарынды оқушымен жұмыста тест және деңгейлік тапсырмалар береді. Оқушыларды күнделікті өмірмен байланысты шығармашылық жұмыстарға баулуда байқағаным, ғылымға құштар әр жеткіншек еңбектенудің, жаңалық енгізудің қаншалықты қиын екенін сезінген сайын, өзін жауапты сезініп, құлшынысы артады. Жұмысын жарыстың әр кезеңінде қорғай жүріп шешендікке, алғырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Жаңа достар табады, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыланып, қойылатын сұраққа ұтымды жауап беруге қалыптасады, ойын ұшқырлап, өзін еркін ұстауға үйренеді. Оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысудың осындай көптеген тиімді жақтары бар.Дарынды балалармен жұмыс барысында оларды өз бетінше ізденуге, ғылыми – зертеулермен айналысуға, баяндама, реферат, ғылыми жұмыс жазуға және оларды байқауларда қорғап алып шығуға машықтанады. Келешекте дарынды оқушыларымыз биіктен көрінеді деген сенімдеміз. Мектепішілік олимпиада 3 қарашада өткізілді. Орыс тілі пәні бойынша 2 оқушы олимпиадаға қатынасты. Олар: 5 сынып оқушысы Яковлева Адина және 7 сынып оқушысы Сұлтан Арман. Диктант және тест жұмысы берілді.Адина бірінші кезеңде 50 балл, ал екінші кезеңде 47 балл жинады.Барлығы 97 баллмен бірінші орынға ,ал Сұлтанов Арман 80 балл жинап екінші орынға ие болды. Қазақ тілі пәні бойынша 9 сынып оқушысы Андреева Диана және Богуславская Светлана қатынасты. Қазақ тілі пәні бойынша екі кезеңге арналып тапсырмалар берілді . Бірінші кезеңде мазмұндама және 10 тест сұрағы, екінші кезеге 4 тапсырма берілді. Екінші орынға 87 баллмен Богуславская Светлана, ал үшініш орынға Андреева Диана иеленді, ағылшын тілі бойынша Құрман Аружан және Сайлаубек Гулназ қатынасып екінші және үшінші орынға иеленді.Тарих пәні бойынша 9 сынып оқушысы Есен Жеңіс және 8 сынып оқушысы Сапарбек Сабина қатынасқан болатын.Сапарбек Сабина бірінші орын алды. Осы оқушылар 10-11 желтоқсанда өткен аудандық олимпиадаға қазақ тілінен және тарих пәніндерінен қатынасты. Қазақ тілі пәні бойынша 9 сынып оқушысы Богуславская Светлана екінші орынға иеленді.Тарих пәні бойынша Сапарбек Сабина бірінші кезеңнен 50 балл жинап екініші кезеңге қатынасты. Сонымен қатар 4 сынып оқушысы Сейдағалиева Алтынай және 8 сынып оқушысы Сапарбек Сабина ауданда өткен Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа оқудан жарысқа қатынасты.
2015 – 2016 оқу жылында аттестациядан өтетін мұғалімдер төмендегідей:
№
|
Мұғалімнің аты – жөні:
|
Туған жылы
|
Сабақ беретін пәні
|
Еңбек өтілімі
|
Санаты
|
Білімі
|
Аттестациядан
өтетін санаты
|
Марапаттау
|
1.
|
Л.Ж.Асылбекова
|
15.09
1977 ж
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
15 жыл
|
Екінші
|
Жоғары
АрПи 1998 жыл
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Бірінші санатқа
|
Жарқайың аудандық білім бөлімі 2008,2009,2011,
Ақмола облысының білім басқармасы 2012
|
2
|
Ғ.Ж.Рысбеков
|
23.03.
1990
|
Тарих
|
4
жыл
|
Екінші
|
Жоғары,АрГПИ 2011
Тарих
|
Бірінші санатқа
|
Жарқайың аудандық білім бөлімі
|
3
|
Ф.А.Нарзиева
|
06.09.
1993
|
Ағылшы тілі
|
1 жыл
|
-
|
Жоғары,АрГПИ 2014
Шет тілі
|
Екінші санатқа
|
-
|
Тарих пәнінің мұғалімі Ғ. Ж.Рысбеков ауданымыздың 60 жылдығына арналып өткізілген «Жас маман -2015» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар Ғалым Жумагелдиевич өз сабақтарын әлеуметтік желілерге жіберіп отырады.Атап айтатын болсақ «Қазақстан тәуелсіз ел»атты сабағын «Копилка уроков» сайтына және « Инфоурок» сайтына «Әмір – Темірдің жорықтары» атты сабақтарын жіберіп сертификаттарға ие болды. Ғ.Ж.Рысбеков Республикалық педагогикалық идеялар фистивалнінің «Педагогикалық жаңа идеялар мен технологиялар» номинациясы бойынша сертификат иегері атанды.Осы сияқты орыс тілі, қазақ тілі,ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері әлеуметтік сайдтарға өз сабақтарын жіберіп сертификаттар алды.Олар тарих пәнінің мұғалімі Дистанционная олимпиада КИО – ға ағылшын тілінің және орыс тілі, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері Ф.А.Нарзиева , М.Қ.Нарбутина, А.Т.Ажибаевалар қатынасып жоғары көрсеткіш көрсетті.
Дарынды оқушыларымыз бірінші жарты жылдықта
төмендегідей көрсеткіштер көрсетті.
№
|
Оқушының
аты – жөні:
|
Сынып
|
Русский медвежо-нок
|
Ақбота
|
Дистанционная олимпиада КИО
|
Аудандық
пән олимпиада
|
Аудандық байқаулары
|
1.
|
Богуславская Светланна
|
9 с
|
|
|
|
2 орын қазақ тілі
|
|
2.
|
Сапарбек Сабина
|
8 с
|
|
|
|
Тарих пәнінен қатынасты
|
Ф.Оңғарсынованың өлеңдері
|
3.
|
Сейдағалиева
Алтынай
|
4 с
|
|
қатынасты
|
|
|
Ф.Оңғарсынованың өлеңдері
|
4.
|
Есен Жеңіс
|
9 с
|
қатынасыты
|
қатынасты
|
Орыс тілі 20 балл
|
|
|
5.
|
Яковлева Адина
|
5 с
|
|
|
Орыс тілі
33 балл
|
|
|
6.
|
Шәкітай Нұрай
|
5с
|
қатынасыты
|
қатынасты
|
Орыс тілі
23 балл
|
|
|
7.
|
Жусупбеков Саяжан
|
5с
|
|
|
Қазақ тілінен аудан бойыгша ең жоғары көрсеткіш
|
|
|
8.
|
Сұллтанов Арман
|
7 с
|
|
|
Шығарма «Егер де мен әкім болсам»
|
|
|
Бірінші жарты жылдық бойынша гуманитарлық пәндердің білім сапасының көрсеткішінің диаграммасы төмендегідей:
Қазақ тілі пәні бойынша білім сапасының екі жылдық және 2015 – 2016 оқу
жылының I жарты жылдық көрсеткішінің диаграммасы
Орыс тілі пәні бойынша білім сапасының екі жылдық және
2015 – 2016 оқу жылының I жарты жылдық көрсеткішінің диаграммасы
Ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасының екі жылдық және
2015 – 2016 оқу жылының I жарты жылдық көрсеткішінің диаграммасы
Тарих пәні бойынша білім сапасының екі жылдық және
2015 – 2016 оқу жылының I жарты жылдық көрсеткішінің диаграммасы
Гуманитарлық әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Л.Ж.Асылбекова
Достарыңызбен бөлісу: |