Экстрагенттерге қандай арнайы талаптар қойылады? Өсiмдiк, жануарлар және микробиологиялық шикiзаттардан, тканьдер культураларынан фармакологиялық белсенді заттарды сығындап алу үшiн әр түрлi ерiткiштер мен экстрагенттер қолданылады.
Экстрагенттер ретiнде қолданылатын ерiткiштерге фармацевтiк өндiрiстiң ерекшелiктерiне байланысты қосымша арнайы талаптар қойылады. Бұлар: экстрагенттің iрiктеушiлiгi немесе сұрыптаушылығы; жоғарғы экстракциялаушы қабiлетi немесе сыйымдылығы; микробиологиялық тұрақтылығы; ұшқыштығы; қайнау температурасының неғұрлым төмен болуы және т.б.