Экстракция процессінің негізгі қозғаушы күші не? Экстрагенттердi дайындау кезiнде өсiмдiктердiң капиллярлығы және кебiнуi әсерiнен, олар экстрагенттiң бiршама мөлшерiн өз бойына сiңірiп алатынын есте сақтау керек. Экстракциялық препараттар алу өндiрiсiнде спирт сiңiру коэффициентi қолданылады. Өсiмдiктiң әр түрiне сәйкес қолданылатын мұндай коэффиценттердiң дәл мағынасы барлық өсiмдiктер үшiн әлi анықталмаған. Олар үшiн шамалап алынған коэффициенттерi бар. Мысалы, жапырақтар, гүлдер мен шөптер шамамен ерiткiштiң екi мөлшерiн сiңiредi (немесе К=2), ал тамырлар, түбiрлер және қабыршақтар бiр жарым мөлшерiн сiңiредi (К = 1,5).
Экстрагенттiң қажеттi мөлшерi мына формуламен есептелiнедi:
Х= V+PК
Мұндағы: Х – экстрагенттің қажетті мөлшері, мл;
V – сығындының мөлшері, мл;
К – спирт сіңіру коэффиценті;
P – шикізаттың салмағы, г.