Шикізатты экстракциялау қандай тәсілдермен іске асырылады?
Фармацевтік өндірісте келесі экстракциялау тәсілдері қолданылады: мацерация, ремацерация, перколяция, реперколяция, қарсы ағымды және циркуляциялық экстракция. Бұл тәсілдердің көбісі әртүрлі модификациялар түрінде қолданылады да, экстракциялау мерзімі, шикізатты экстракторларда бөлу әдістері, аппаратуралар бойынша ажыратылады. Олар статикалық және динамикалық тәсілдер деп екі топқа бөлінеді.
Статикалық тәсілдерде экстрагент шикізатқа үздікті жіберіледі, ал сығынды бір немесе бірнеше рет қабылданып алынады.
Динамикалық тәсілдерде шикізат пен экстрагент үздікті жіберіледі де, сығынды үздіксіз қабылданып алынады немесе шикізатты, экстрагентті жіберу мен сығындыны қабылдап алу үздіксіз жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |