14
Біз намазды жақсы түсініп, тез үйрену үшін таң
намазының екі ракат парызын біргелікте оқуды жөн санадым.
1. Әуелі екі аяқ тік тұрып,
құбыла жаққа қарап, оқитын
намазға ниет етіледі.
2. Аллаһу Әкбар – деп, құлақ қағамыз.
Екі қолды құлақтың
жұмсағына тигіземіз. Осыдан кейін екі қолды кіндіктің
астына қойып, оң қол сол қолдың үстіне қойылады.
Содан соң төмендегі сана дұғасы оқылады.
Әйелдердің қолдары иықтың тұсында.
Саусақтар біріккен
және алақандар құбылаға қаратылып ашық түрде болады.
3. Сана дұғасы:
«
Субханака-ллаһумма уа бихамдикә уә табаракас-
мука. Уә таъала жад-дукә. Уә лә иләһә ғайрук
».
4. «Аъузу билләһи минаш-шайтанир ражим».
«Бисмилләһир рахманир рахим»-ды іштей айтамыз.
Содан соң Фатиха сүресі және бір сүре
немесе ұзынырақ бір
аят немесе үш қысқа аят оқимыз.
5. Фатиха сүресі
Әл-хамду лилләһи раббил ъаламин.
Ар-рахманир рахим.
Мәлики йаумид-дин.
И-йака наъбуду уә и-йака настаьиин.
Иһдинас-сиратол мустақиим.
Сиратол-ләзи-нә анъамтә ъалаиһим.
Ғайрил мағзуби ъалайһим
Уә лад-зол-лиин. Әмин! (әмин – имам Ағзамда іштей
айтылады).
(мысалы: Ал-кәусәр сүресі).
«Бисмилләһир рахманир рахим»
Иннә аътойнәкәл-кәусәр.
Фасолли ли-раббикә уанһар
Иннә шани-ака һу-уал әб-тәр.
Сүре оқылған соң.
6.
«
Аллаһу әкбар
» деп рукуға барамыз (тізе бүгу).
(Әйелдердің денесі аз иіледі. Тізе біраз бүгілген түрде
қолдар тізенің үстінде тұрады).
15
Осы кезде үш рет:
«Субхана рабби-йал аъзи-м» делінеді.
7. Рукуден бас көтере тұрып бұны айтамыз:
«Самиаъаллаһу лиман хамидах».
Ал тік тұрған соң:
«
Достарыңызбен бөлісу: