Өмірхан Н., Шамшидин Б.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Тараз қаласы
Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Наметкулова С.Ж.
Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатыны – балабақшаларға өз әсерін тигізуде. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық тенологияларды пайдалану зор рөл атқарады.
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны балабақшада қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде еніп келеді. Бұл заманауи әдіс балалардың оқуға деген қызығушылықтарын ғана емес, сондай-ақ оларды өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеп, интеллектуалдық қызметін дамытады, қазіргі заманның рухында дамуға жол ашып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік туғызып, оның тиімділігін арттырады. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың кеңінен тарауы, оқытуда, қарым – қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік технологиялардың мәжбүрлі қолданылуында болып отыр. Осыған байланысты АКТ – ны мектепке дейінгі оқыту процесінің ажырамас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Бұл балалардың жаңа ұрпағына үйреншікті және қолжетімді болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заман педагогтарына өте қолайлы.
Мектепке дейінгі білім саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта
Мультимедия
Интернет кеңістігі
Электронды оқулық
Мектепке дейінгі білім мекемелерінің білім беру поцесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану – бұл мектепке дейінгі педагогиканың болашағы мол бағыттарының бірі. Ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану оқу қызметінің тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. АКТ-ны барлық деңгейде жүйелі пайдлану арқылы оқу қызметтерінде алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілгін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Ақпараттық технология оқу қызметін түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі.
Ақпараттық технология – жетілдіруші құрал. Балалар даярлық топтарда ғаламтордан алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әртүрлі жаттығулар құрастыру арқылы балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы олардың тілін дамытуға болады.
Сондай –ақ қазіргі кезде заманауи мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу қызметтерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмайды. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Тағы да ақпараттық тенологиялар ата-аналармен жұмыста да көп септігін тигізеді. Айта кетер болсақ, қазір барлық балабақшалардың жеке сайттары бар. Осындай сайттарға кіру арқылы ата-аналар балабақша өмірімен де сырттай танысып отырады. Балабақша сайты ата-ана үшін оқулық, әдістемелік және тәрбиелеу сипатындағы қайнар көз болып табылады. Осындай парақшалардан ата-аналар балалардың денсаулығын сақтау әдістері, оладың қауіпсіздігі, отбасы мен қоғамда балалардың өздерін ұстау ережелері, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша кеңестер туралы ақпараттар ала алады.Ақпараттық- коммуникативтік құралдар ата-аналарға өз балаларының тәрбиелеу-оқыту үрдісін бақылауға, педагогпен өзара қатынастағы, оқыту кезінде пайда болатын нақты мәселелерді жоюға бағытталған ақпараттар мен кеңестерді алуға мүмкіндік береді.
Қорыта айтсақ, ақпараттық – коммуникациялық технология - келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын заманауи технологиялардың бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты.
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері. Әдістемелік нұсқау.- Алматы, 2005.
Бүлдіршіндерге арналған компъютерлік сауат ашу бағдарламасы. – Алматы, 2005
Выготский Л.С. «Педагогическая психология» //Издатеьство АСТ, Астрель// Люкс,2009
Достарыңызбен бөлісу: |