Нанотехнология – бұл адамзаттың түрлі саласында қолданатын технологияларды өндеу мақсатында бөлек молекулалардан құралған аса ұсақ құрылымдар мен қондырғыларды зерттеу және дайындау. Ол табиғи және жасанды нанобөлшектерді қолдана отырып әр бір молекуланы визуализациялау, олармен манипулирлеу және арасында пайда болатын электромагнитті қарым-қатынасты өлшеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін микроскопиялық қондырғылар дайындауымен жарық көрді.
Негізгі бөлім
«Нано» (грек тілінен — миллиардты бөлік) нысанаға сипаттама бергенде олардың көлемі 1-1000 нм (10−9 м) аралықта болады, яғни атомарлы-дан субклеткалыққа дейінгі биологиялық ұйымдастырылулар деңгейіне сәйкес келеді. Бір нанометр – бұл сутектің оң атомынан құралған қатар. Мысалы, адам шашының қалыңдығы шамамен 50 000 нанометр құрайды, пептидтер көлемі - 1 нм, нәруыздар – 10-нан 100 нм дейін. ДНҚ ұзындығы - 1,5 м, бірақ «жинақталған» күйінде оның көлемі 100 нм тен. Антиденелердің, вирустардың, органеллалардың көлемі де осындай деңгейде. Прокариот және эукариот клеткалары микроәлемге жатады