Бейорганикалық нанобөлшектер – осы класқа кремний оксиді және түрлі металдар (алтын, күміс, платина) негізінде алынған наноқұрылымдарды жатқызады. Көп жағдайда осындай наноқұрылымдар кремний ядросынан және металл атомдарынан құралған сыртқы қабаттан тұрады. Металдарды қолдануынан уникальды қасиеттерге ие тасымалдаушылар дайындауға болады. Мысалы, олардың активтілігі (дәрілік заттың шығуы көрінеді) температура әсерінен (инфракүлгін сәулесі) және магнитті аймақтың өзгерісімен модульденуі жүреді. Белгілі, металдан дайындалған нанобөлшектер эпидермис ішіне қарқынды ене алады.