Биологиялық нанобөлшектер – бұл ферменттер (катализдік активтілігі бар нәруыздар), ДНҚ мен РНҚ молекулалары, рибосомалар, клеткалы везикулалар, вирустар және т.б. Осындай нысаналардың ерекшелігі олардың агрегацияға қабілеттілігі мен өзіндік ұйымдастырылуы (мысалы, полипептидті немесе полинуклеотидті тізбектер ұйымдастырылуында комплементарлық, арнайы байланысу принциптері).
Полимерлі нанобөлшектер – бұл табиғи немесе биоинертті жасанды полимерлер: полисүт және полигликол қышқылдары, полилактидтер, акрилполимерлер, полиэтиленгликоль (ПЭГ). Полимерлі нанобөлшектер морфологиясы бойынша наносфераларға (беткейінде тасымалданатын активті зат орныққан тұтас полимерлі бөлшектер) және нанокапсулаларға (тасымалданатын активті заты бар қуысты қамтитін полимерлі қабаттар құралған) бөледі.