Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет113/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Сымсыз технологиялар
Сымсыз технологиялар жақында нанотехнологиялық моданың 
«соңғы шиқылы» болды. Сымсыз байланысты құрылғылар эволю- 
циясы жылдам дамып пейджерлер сатысынан мобильді телефондар 
мен жеке органайзерлерге ауысты. «Бар болу керек пе, керек емес 
пе» деген өмір мен өлім сұрағы енді «байланыста болу керек пе, керек 
емес пе» дегенді білдіреді. Бізге ұнаса да, ұнамаса да бұл заманауи 
бизнестің, кейде жалпы өмірдің қатал шындығы!
Пейджерлер, мобильді телефондар мен кіп-кішкене байланыс 
құралдарының ішіндегі ұсақ электрондық компоненттер заманауи 
өмірдің стилін толығымен өзгертті. Телефон рингтоны көркем фильм, 
мектеп концерті, жиналыс немесе шіркеу қызметі болса да, кез келген 
ортаның ажырамас элементіне айналды.
Тұрақты жұмыс пен сенімді байланыс үшін байланыстыру- 
шы құрылғылардың негізгі бөліктері температураның кең аймағында 
жұмыс істеуі қажет. Сымсыз технология индустриясын нанотехнологи- 
ялар фильтрлер жасауға арналған керамикалық материалдарды, резо- 
наторларды және осцилляторларды, сонымен бірге керамикалық жұқа 
пленкаларды дамыту арқылы алға жылжытты. 2003 ж. ^а^^а Іпзіііиіе 
(АҚШ) коммерциялық емес жекеменшік ұйымы, НуЬгЫ Ріазіісз және 
§һеа Тесһпоіоду §гоир Іпс. компаниялары нанотехнологияның ең көп 
уәде беруші пайдалануы үшін сыйақы алған. Олар байланыстырушы 
құрылғыларға арналған наноқұрылымдық гибрид (бейорганикалық 
және органикалық заттарды бірге қолдану технологиясы) ойлап 
шығарған. §һеа Тесһпоіоду §гоир Іпс. компаниясы телебайланыс 
аумағында көптен бері белсенді жұмыс істеп келе жатқанын айта кету 
керек.
Компьютерлік және қоғамдық қауіпсіздік
АҚШ-тың көптеген қалаларында жергілікті тұрғындардың ішінде 
есікті кілтпен жаппайды, олар ұрылар автомобилімді айдап кетуі 
мүмкін деп уайымдамайды. Біз де сондай бақытты, әрі қамсыз болсақ 
қой! Урбанизация мен өмір екпінінің жылдамдауы бізге электрондық 
поштадағы спамнан бастап, мәліметтерді ұрлауға дейінгі жаңа қауіп 
пен қатер әкелуде.


Криминалистер мен эксперттерге компьютерлік ұрлау, авторлық 
құқықтың бұзылуы, балалардың порнографиясын тарату сияқты 
қылмысты істерді тексеру және ашу үшін күшті құралдар қажет. Бұл 
құралдар ішінде, әсіресе, бет келбеті мен саусақ іздерін анықтау және 
талдау жүйелерінің өте маңызды екенін айта кету керек.
Полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем дәрігерлері үшін 
өмір үшін маңызды мәліметтермен (мысалы, өрт, дауыл немесе электр 
энергияға байланысты мәселелердің орны туралы шапшаң хабарлап 
тұру үшін) алмасуға көмектесетін жоғары жылдамдықты сенімді бай- 
ланыстырушы жүйелер қажет. Қастық ойлаушылардың шабуылының 
нысанасы болмау үшін төтенше маңызды байланыс жүйелерінде 
мәліметтерді өңдеу және шифрлаудың сенімді жүйелері болу керек. 
Кванттық байланыстың соңғы жетістіктерінің арқысында оптикалық 
нанотехнологиялар жақында бұл талаптарды қанағаттандыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет