Зондтар полимердің жазық беттерінде шұңқырлар туындатады
немесе қоршаған беттік қабатты балқыта отырып, оларды жояды.
Сонымен, бір квадрат дюймға тығыздығы 1 терабит болатын жаз-
ба немесе мәлімет сақтау жүйесін алуға болады. Яғни, бұл замана-
уи технологиядан 40 есе озық болып отыр және жаңа әдіс ескімен
салыстырғанда, аз энергия қажет етеді.
№ §Т мамандары аса жоғары магнитті ауысулар кезінде пико-
секундты өлшеулерді жүргізуге арналған солқылдауыш индуктивті
микротолқынды магнетометр (риізегі іпгіисііуе тісготоауе тадпеіотеіег
- РІММ) жасап шығарған. Бұл құрал төтенше кіші аймақтардағы
(бір битке 160 нм
2
-тан кіші аудан) жоғары жылдамдықтағы жазушы
бастарға арналған аса магнитті материалдардың қасиеттерін зерттеу-
ге мүмкіндік береді. Осы жаңа магнетрон көмегімен ғалымдар жаңа
наноматериалдардың қасиеттерін оларды алу және өсіру кезінде зерт-
тей алады. Бұл оқылу жылдамдығы секундына 1 млрд бит болатын аса
жылдам магнитті жадыны жасауға, яғни бүкіл Британ энциклопедия-
сын бар болғаны бір минут ішінде жазып шығуға мүмкіндік береді!
Достарыңызбен бөлісу: