Нанотехнологиялар


ЖАСУШАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘРЕКЕТТЕСУ



Pdf көрінісі
бет141/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

ЖАСУШАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘРЕКЕТТЕСУ
Наноғылымның көптеген аймақтарындағы зерттеулердің мақсаты 
сұйық ортада жасанды алынған нанобөлшектердің токсикологияға 
әсер ету тетігін зерттеу болып табылады. Нанобөлшектердің 
аэрозольдерінің тірі ағзалардың тыныс алу жүйелеріне уыттылығы 
ғалымдарға кеңінен белгілі, алайда сұйық ортадағы нанобөлшектердің 
уыттылығы өте аз зерттелген.


Ғалымдар беттік қаттамаларды нанобөлшектердің уыттылығын 
төмендету үшін қалай қолдануға болатынын анықтауға тырысып жа- 
тыр. Тәжірибелерден фуллерен молекулалары 100 бөлшек млн сәйкес 
келетін ерітінділерінде гидрофильді беттік беттік қабаты бар (яғни, 
суда еруге қабілетті) жиынтықтар түзетіні белгілі болды. Бұл нәтиже 
фуллерендер гидрофобты болғандықтан, маңызы зор, себебі кластер- 
лер жеңіл ериді және су айдындарында таралады.
Кейбір басқа нанобөлшектер бактерицидтер рөлін атқаруы 
мүмкін, яғни грамм оң және грамм теріс бактерияларға қарсы агент- 
тер болуы мүмкін.
Химиялық заттардың туындыларының түзілуі
Нанобөлшектердің уыттылығына олардың өлшемдері ғана 
емес, басқа да факторлар да: химмялық құрамы, беттік заряд, пішіні, 
құрылымы және т.б әсер етеді.
Фуллеренге тәжірибе жүргізу барысында шамамен миллиартан 
2 0
бөлік концентрациясында олардың цитоуыттылығы анықталған. 
Бұл басқа химиялық заттармен салыстырғанда, жеткілікті үлкен 
шама. Алайда фуллереннің цитоуыттылығы басқа да құбылыстармен, 
мысалы, химиялық заттардың туындыларын түзумен байланысты.
Химиялық заттардың туындыларын түзу немесе деривати-
зация (ЗетаИгаПоп) — химиялық қосылыстың сәйкес химиялық
құрылымды туынды өнімге түрлену құбылысы.
Туынды химиялық өнімдер кейбір химиялық реакциялар 
нәтижесінде түзіледі. Бұл кезде бастапқы зат А басқа қасиеттері бар: 
реактивтілігі, қайнау және балқу температуралары, ерігіштігі және 
химиялық құрамы бар В затына айналады. Химиялық заттардың ту- 
ындыларын түзу арқылы нанобөлшектердің жағымсыз қасиеттерін, 
мысалы олардың уыттылығын өзгертуге болады.
Фуллереннің 
уыттылығы 
бос 
радикалдардың 
болуынан 
жасушалық мембраналарға әсер етеді. Тәжірибелер көрсеткеніндей 
бұл әсерді фуллереннен алынған туынды химиялық заттарды қолдану 
арқылы төмендетуге болады.
Сәйкес зерттеу тәжірибелері 
кварц, 
титан және темір 
тотықтарының нанобөлшектерінде жүргізілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет