Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет26/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Жаңа өнімдер
Нанотехнологиялар қазірден бастап жұмыс істеуде. Өндірістік 
кәсіпорындар материалдардың бұрынғы қасиеттерінен асып түсетін, 
жаңа наноқасиеттері бар көптеген тауарлар шығаруда. Молекулалық 
деңгейде кейбір материалдарды қоса отырып, ғалымдар олардың 
өміршеңдігін және беріктілігін жоғарылата алды.
Нанотехнологияның негізінде жасалған қаншама өнімдер қазіргі 
дүкендерде бар екендігін сіз тіпті, елестете алмайсыз. Мысалы, зама- 
науи күннен қорғайтын кремдер барлық саяжайшыларға қорқынышты 
инопланетян түрін беретін бұрынғы ақ түсті мазьдарға ұқсамайды. 
Заманауи түссіз кремдер көрінетін жарықты өткізеді, бірақ зиян- 
ды ультракүлгін шағылысуларды жұтып алады. Олар ультракүлгін 
сәуле шығаруды тиімді шағылыстыратын титан диоксидін және цинк 
оксидінің нанобөлшектерінен құралады. Бұрынғы ақ мазьдікіндей 
жаңа кремдердің жұмыс істеу принципі дәл осындай, бірақ 
құрамындағы бөліктердің өлшемі өте кішкентай және олар білдірмей 
өз жұмыстарын жасайды.
Наноматериалдардың басқа да жерде қолданылуына мысал: 
тістің толықтырғышындағы кварцтың нанобөлшектері және кірді


жұқтырмайтын Nапорап
18
маталарындағы наноталшықтар. ^ п о р а п із 
компаниясы кірді жұқтырмайтын наноталшықтардан жасалынған 
жамылғының негізінде кірді жұқтырмайтын Nапорап
18
матасын жа- 
сау технологиясын өңдеді. Енді киімдер және жұмсақ жиһаздың қабы 
үшін жаңа материалдарды жасауда 80-нен аса текстильді фабрикалар 
^ п о р а п із технологиясын қолданады.
Nапорап
18
жаңа кірді жұқтырмайтын матаның артықшылығы 
наномасштабтағы арнайы өңдеуден кейін мата гидрофобты және 
кір жұқтырмайтын болады. Традиционды төмендету тәсілінің ор- 
нына, яғни макраскопиялық дақтарды кетіруде, жоғарылату тәсілі 
қолданылады, яғни дақтар олардың пайда болу кезеңінде жойылады. 
Жуырда наножамылғы мен нанотехнология сондай жетіліп, тіпті, 
кір жуатын машиналарға деген қажеттілік те болмауы әбден мүмкін. 
Тұрмыстық химиядағы тағы бір жаңа тауар шыныларды жуу үдерісін 
жеңілдетуі мүмкін. Жаңа шыны тазалағыш сұйықтықта бізге күннен 
қорғаушы кремдердің компоненті ретінде танымал титан диоксидінің 
нанобөлшектері қолданылады. Титан диоксиді терезелер және басқа 
вертикаль тегіс беттерден кірлердің кетуіне және сырғып түсуіне 
ықпал ете отырып, органикалық қосылыстардың ыдырауын үдетеді.
Беттерді өңдеудің наномасштабты технологиялары механикалық, 
термиялық, биологиялық, электрондық, оптикалық, химиялық 
қасиеттері жақсартылған тауарларды жасауға мүмкіндік береді. Заттың 
үстінгі қабатын нанотехнологиялар құрамдары бар жақсырақ өнімдер 
шығаруға керек болады. Төменде оларды қолданудың болашақтағы 
аймақтары көрсетілген:
• Автокөліктер мен құрал-жабдықтарды тозудан қорғау;
• Жұмсақ материалдарды қорғау (мысалы, полимерлік, ағаштан 
жасалған және текстильді);
• Антивальді және өспейтін жамылғылар;
• Текстиль мен керамикалар үшін өздігінен тазаланатын беттік 
қабықшалар;
• Автокөліктер мен құрал-жабдықтар үшін антикоррозиялық 
қорғаныш;
• Трубиналар мен қозғалтқыштар үшін термотұрақты жамылғылар;
• Құрылыс материалдары мен аспаптар үшін термоизоляция;
• Биологиялық сәйкес келетін имплантанттар;
• Антибактериялық медицина материалдары мен құралдары;
• Транзисторлар үшін өте жұқа компоненттер;
• Фотохромды және электрохромды терезелер;


• Антибликті экрандар;
• Тиімділігі жоғары күн батареялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет