ұғымдар, концепциялар мен аспаптар түсіндіріледі. Барлық мәліметтер
әдістер мен алынған нәтижелер туралы жаңа ақпараттардан тұратын,
пайдалы интернет ресурстарының сілтемелерімен қатар жүреді.
Кітапта «нанотехнологиялық майданда» не болып жатқандығы
туралы оқырмандарға барлығын елестете алатындай көптеген иллю-
страциялар жиынтығы келтірілген. Сонымен қатар мұнда бірнеше
жауап нұсқалары бар емтиханда кездесетін тапсырмалар мен сұрақтар
ұсынылады. Әр тараудың соңында күрделі емес бақылау сұрақтары
келтірілген. Оларға жауап беру үшін,
тараудың мазмұнына оралып,
алынған білімді еске түсіріп, өзіңді тексеруге болады.
Кітап төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің соңында енді кітаптың
көмегінсіз тексеретін тестен өту ұсынылады.
Тест сұрақтары әр бөлімнің соңындағы сұрақтардан қиын емес.
Олар тек алынған білімдерді қорытындылауға арналған. Автор
оқырмандарды құмарландыру үшін, оларды аса қызықты және ерекше
етуге тырысты. Егер сіз 75 %-дан артық дұрыс жауап берген болсаңыз,
онда материалды жақсы игердім деп есептеңіз. Барлық сұрақтарға жа-
уаптар кітаптың соңында жинақталғанын есте сақтаңыз.
Сізге әр тарау мен бөлімнің соңына қарағанда аса жеңіл
сұрақтардан тұратын, қорытынды емтихан ұсынылады. Оны барлық
тест тапсырмаларын орындап болғаннан кейін өту ұсынылады.
Емтиханның жақсы нәтижесі сұраққа 75 % дұрыс жауап беру болып
табылады.
Тесттер мен қорытынды емтиханды
орындап болған соң өз
достарыңызға жауаптың дұрыстығын тексеруді тапсырыңыз. Бұл
жағдайда сіз қандай сұрақтарға дұрыс жауап бермегеніңізді білмейсіз,
өткен материалды қайталап және қайтадан тестен өтуге тырысып
көрсеңіз болады. Тек қайталап өткен соң ғана қатемен жұмыс жасау
қажет болады және біліміңіздегі кемшілікті анықтауға тырысу қажет.
Алынған ақпаратты ақырындап өңдеу үшін, кітапты аптасына
бір тараудан және күніне бір сағаттан оқу ұсынылады. Асықпаңыз,
одан да аз, бірақ жиі дайындалғаныңыз абзал. Нанотехнологияны иге-
ру өте қарапайым, бірақ оқылған материалды игеру үшін қандайда бір
нақты уақыт қажет. Сіз келесі тарауға алдыңғы тараудың материалын
жақсы игергеннен кейін және көптеген сұрақтарға дұрыс жауап бер-
геннен кейін ғана көшіңіз.
Егер сіз мемлекеттің саясатына ерекше
көңіл бөлсеңіз, онда көп
уақытыңызды 11 тарауға жұмсаңыз. Егер сіз қоршаған ортаны қорғау
үшін наноматериалдарды қолдану саласындағы соңғы жетістіктер
жөнінде білгіңіз келсе, онда көп уақытыңызды 10 тарауға жұмсаңыз.
Курсты аяқтаған соң және
«дайындықтың нанотехноло-
гы»
болғаннан кейін, бұл кітапты сіздер өзінің толық индекстері,
қосымшалары, нанокристалды типтердің, биологиялық маркерлердің
және кванттық есептеулер үшін әлеуеттің мысалдары бар анықтама
есебінде қолдана аласыздар.
Линда Уильямс