Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет36/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

НАНОБАСҚАРУШЫ
Жеке атомдар мен молекулалар сияқты өте кішкене нысандар- 
ды атомдық деңгейде ауыстырып-қосқыш есебінде наноөлшемді 
электрлік сызбанұсқаларда қолдануға және орнын ауыстыруға бола­
ды. Нанонысандардың құрамы мен құрылысын бақылау мүмкіндігі 
жаңа материалдарды жасауда үлкен жетістік болып табылады. На- 
нонысандарды түрлендірудегі жетістіктердің ішінде әртүрлі опера- 
цияларды орындау үшін әртүрлі типтегі электронды микроскоптар- 
ды: компьютерлік басқаруы бар СЗМ, оптикалық пинцеттер және 
нанобасқарушыларды пайдалану мүмкіндігін атап өткен жөн.
Компьютерлік басқаруы бар СЗМ нанобөлшектерді оперативті 
режімде түрлендіруге мүмкіндік береді. Нанобасқару үшін кейбір 
жүйелер виртуальді шындықтың элементтерімен ойынды еске 
түсіретін, тұтынушының виртуальді байланысын көрсетеді. Бұл 
зертеушіге, қолмен түрлендіруге қарағанда, миллион есе көп дәлдікпен 
түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді. Тікелей интерфейс адам -
СЗМ өлшеудің мүмкіндіктерін жақсартып қана қоймайды, сонымен 
қатар, оператор үшін тактильді (міндетті) интерфейс деп аталатын 
кері байланысты қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде ол әлі де дөрекі, 
бірақ жуырда бұл технология наноаспаптар мен наноқұрылымдарды 
өндіруге және (немесе) жөндеуге болатындай етіп жақсартылатын бо­
лады.
Оптикалық пинцеттер үш өлшемді кеңістікте нанометрлік 
құрылымдарды ұстау және орындарын ауыстыру тәсілдерінің бірі бо­
лып табылады. Жеке молекулалардың орналасуын түсіну молекулалық 
биофизика мамандары үшін маңызды болғандықтан, бұл мүмкіндік


әсіресе атомдар мен молекулалар динамикасын зерттеуде маңызды. 
Оптикалық пинцеттер 
құрылымдық параметрлерді 
бақылауға 
мүмкіндік береді. Олардың жұмыс істеу принциптері сұйықтық 
бөлшегіне жарық шоғын фокустауға негізделген. Жарықтың әсері мо- 
лекуланы бір орында ұстап тұруы үшін жеткілікті жоғары: егер моле­
кула фокусталған шоқтың шет жағына ақырын ығысатын болса, онда 
жарық оған молекула шоқ центріне қайтып оралатындай әсер береді. 
Оптикалық пинцеттердің көмегімен ғалымдар ақуыздың және өзге де 
күрделі молекулалардың реакцияларын зерттей алады, мысалы, по- 
лимерлерге сыртқы әсердің нәтижесі.
Нанобасқарушылар үлгінің бірнеше бағытта орнын ауыстыру- 
ын басқаратын бір немесе бірнеше пьезоэлектрлік моторлармен бірге 
СЭМ және СЗМ құрамдарын қолдануға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет