Туннельді электрлік тоқ - электрондар тосқауыл биіктігінен
кіші, толықэнергияныиеленеотырып (туннельденукезінде өзгеріссіз
қалады), потенциалдық тосқауылдан өтетін, классикалық механи-
када мүмкін емес, кванттық табиғаты бар құбылыс. Бұл тоқтың
шамасы үлгі мен ине арасындагы арақашықтыққа экспоненциалды
түрде тәуелді.
Бірыңғай туннельді тоқты ұстап тұру үшін инені беттік
қабатқа қатысты жоғары және төмен жылжыту беттік қабаттың
топографиясының (рельеф) фиксациясы мүмкін болады. Туннельді
тоқ болу үшін үлгі өткізгіш болу керек. Изоляторлар, мысалы резеңке,
электр тоғын өткізбейді және оларды жұқа өткізгіш қабатпен жаппасақ
бұндай әдіспен қарастыруға болмайды.
Ине әдетте, өте өткір және оның ұшы бар жоғы бірнеше атом-
нан тұруы мүмкін. Осындай «өткірліктің» арқасында жеке атомдар-
ды 0,2 нм дәлдікпен орналастыруға болады. Бұл СТМ ғалымдардың
жеке атомдарды жоғары бөлу қабілетімен көру және локализдеу тап-
сырмасын жеңілдететіндігін білдіреді. Осы иненің көмегімен атом-
дардан жеке электрондарды жұлып алып немесе керісінше, атомдарға
қосымша электрондарды бере отырып, белгілі бір химиялық реация-
ларды немесе иондарды жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: