Нанотехнологиялар


Жарықтандырғыш электронды микроскоп



Pdf көрінісі
бет31/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Жарықтандырғыш электронды микроскоп
(ЖЭМ)
Үлгінің беткі қабатын ғана талдауға қабілетті ЖЭМ-ның СЭМ- 
нан айырмашылығы, оның үлгінің ішін де қарай алатындығында. 
Электрондардың кең шоғыры жұқа үлгінің арасынан өтеді және оның 
ішкі құрылысын көрсететін көріністі түзеді. Оптикалық микроскопта 
жарық шыны линзалардың көмегімен фокустелетіндей, ЖЭМ-дағы 
электрондар шоғыры магнитті линзалар көмегімен фокустеледі.
ЖЭМ тек қана өте жұқа үлгілерге жарық түсіріп анықтайтын 
болғандықтан, ол қарапайым оптикалық микроскопқа ұқсайды. 
Алынған көріністегі аса қаралтқым жерлер электрондардың көп 
жұтылуына сәйкес келсе, ал қарасы аз жерлер - электрондардың аз 
мөлшерде жұтылуына сәйкес келеді. Көптеген биологиялық ны-


сандар көміртегі, азот, оттегі және сутегінен тұрады. Оларды ЖЭМ 
көмегімен айырып анықтауға болатындай, олардың компонеттерінің 
тығыздығы айтарлықтай ерекшеленбейді. Мұндай жағдайларда био- 
логтар үлгіге арнайы химиялық процедуралар көмегімен, белгілі 
бір атомдар мен молекулалармен байланысатын және нақты көрініс 
түзетін ауыр металдардың атомдары бар бояуларды қосады.
ЖЭМ көмегімен оптикалық микроскоппен қарауға болатын ны- 
сандардан 1000 есе кіші, ал көзбен көрінетін нысаннан 500000 есе 
кіші нысандарды қарастыруға болады. ЖЭМ- нің бөлу қабілеті ша- 
мамен, 0,1 - 0,2 нм-ге тең. Қатты денедегі атомдар бір-бірінен тура 
осындай қашықтықта орналасады.
Жоғары энергиялы шоғырлары бар жарықтандырғыш электронды 
микроскоптарды өте аз нанонысандарды талдау және олардың ... зерттеу 
үшін қолданады:
өлшемі мен пішінін;
• ішкі құрылымын және оның күрделілігін;
• құрамын;
• атомдар мен молекулалардың реттеліп орналасуы;
• физикалық қасиеттерін (балқу температурасы, қаттылығы, 
беріктігі, өткізгіштігі, реактивтілігі).
Қазіргі ғалымдар Гук, Левенгук және олардың замандастарынан 
әлдеқайда көп заттарды көруге қабілетті. Енді жасуша ішін, хромо- 
сомаларды, ақуыздарды, жеке молекулар мен тіпті атомдарды көруге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет